Тақырыбы:
« Қыз өссе-елдің көркі»
Мақсаты:
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті,
құрметті арттыру, үлкенге ізет, кішіге
үлгі бола білуге үйрету. Балалардың
бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық
сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді
қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие
сағатының түрі:
қыздар аналарымен бірге сайыс
Тәрбиеші:
Күн жер бетіне молынан шуағын шашып,
тіршілік ояна бастаған кезде Аналар
мерекесі тойланады. Құрметті аналар,
қадірлі әжелер, қымбатты ұстаздар, ару
қыздар, сіздерді айтулы мерекемен шын
жүрегімізбен құтықтаймыз!
Сіздерге
сыр бермес денсаулық,ұзақ ғұмыр, өмірде
бақыт, еңбектерінізге табыс тілейміз!
Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре
берініздер. Ортаға «Наурыз » әнімен
ұл-қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Ән:
«Наурызым»
(
Музыка ойнап тұрады , екі жүргізуші
сайысты бастайды)
Жүргізушілер:
Балнұр, Ерқанат
Зере:
Армысыздар,
бақытты балалық шағымыздың шат көңілді
өтуіне барлық жағдайды жасап отырған
аяулы да, ардақты аналар!
Нұрәділ:
« Қыз өссе – елдің көркі» атты қыз сыны
сайысына қош келдіңіздер!
Сіздерді
22 Наурыз – ұлыстың ұлы күні мерекесімен
құттықтаймыз.
Тақпақтар
Тәрбиеші
Әділқазы алқаларын таныстырады
шағын
орталық топ анасы:
Мектеп
алды даярлық топ тәрбиешісі:
Раушан Кабдулманаповна
Шағын
орталық
топ психологы
: Жадыра Жанапқызы
Тәрбиеші:
Той
тойлауда дала мен қалаларым,
Мерекең
құтты болсын жиналған қауым
Ұлыстың
ұлы күні келіп жеткен,
Төл
мерекеңмен
Құтықтап
жатыр міне балаларың
Тәрбиеші
сайыс жоспарымен таныстырады
Сайыс
жоспары:
1.
Мен қазақтын қызымын ( таныстыру)
2.
Білім мен дәстүр ( сұрақ-жауап)
3.
« Шебердің қолы ортақ» ( үйден дайындап
әкелген бұйымдарын қалай жасалғанын
таныстыру)
4.
« Өнерлінің өрісі кең» ( өнер сайысы)
5.
Сән үлгісін көрсету
Нұрәділ:
Ендеше осы байқауға қатысатын сұлу да,
сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырайық.
Тәрбиеші:
Қандай
әсем көрікті үлбіреген,
Билейді
ән әуенмен тебіренткен
Айзере
атты аруым шықты ортаға
Дайындықпен
ортаға бүгін келген.
Әнді
де айта біледі
Биде
билей алады
Кіп
кішкентай болса да
Таудай
үлкен талабы деп сіздердің алдарыңызға
Айсулу
сынды аруымызды шақырамыз
Атына
ақылы сай аруым бар
Қарасаң
қанша үзіліп қанбас құмар
Елназ
ару көрсетші өнеріңді,
Тамашалап
көңілденсін отырғандар
Мінезі
ашық, жарқын, жүзі жылы.
Түрінен
көрінеді ішкі сыры
Айару
атты келді өнерлі қыз
Аспаннан
шашылғандай күннің нұры.
Сайыс
десе жайнайтын,
Намысын
да қайрайтын
Тоты
құстай құлпырып
Сандуғаштай
сайрайтын деп сіздердің алдарыңыда
Аяжан
ару қызымызды шақырайық
Жас
ботаның көзіндей мөлдіреген
Қызғалдақтай
құлпырған кезі ме екен
Ортаға
шықты міне Мәриям
атты
қыздарыныз
Көктемдегі
бәйшешектей уілдеген
Қарақат
көздерің күлімдеп
Йықта
толқын шаш желбіреп,
Ақ
жарқын қылықтым,
Көзіңнен
сыр ұқтым деп келесі аруымыз
Аминаны
ортаға шақырамыз
Ендігі
кезекте ару қыздарымыздың реттік
сандарын білу үшін, бір-бірлеп келіп
мына менің қолымдағы қоржыннан асық
аламыз
1
бөлім:
Нұрәділ:
Арулар келіп жетті танысуға « Мен
қазақтың қызымын» қыздарымыз өздерін
таныстырады.
2-
бөлім
Зере:
Дәл
бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан
сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,- дей
келе, сұрақ-жауап бөліміне шақырамын.
Нұрәділ:
қыздарымыз дайындалғанша ұлдарымыз
қол күрестірсін
Зере:
енді
қыздарымыздың жауаптарын тыңдайық
Әр
картачкада сұрақтарға жауап айту
№1
Бауырсақ,
апа, ата, қоян, қасқыр, аю, түлкі қай
ертегінің кейіпкері
(
Бауырсақ) ертегісі
№2
Ұлттық
ойындарды ата ( кем дегенде бесеу)
(асық
ату, қыз қуу,көкпар, арқан тарту, теңге
алу, алтыбақан, бәйге)
№3
1ден
5 ке дейін үш тілде санау
№4
шалқан
ертегісінің кейіпкерлерін ата
(ата,апа,немере
қыз, күшік,мысық,тышқан)
№5
Ана
туралы тақпақ айту
№6
Көктемде
қандай өзгерістер болады
(
күн жылынады, қар ериді, жылы жақтан
құстар келеді,ағаштар бүршік жарады)
№7
Анаңның
анасы саған кім болады
(
нағашы апа)
Нұрәділ
Қыздарымыз сұрақтарға жақсы жауап
берді.
3-бөлім«
Шебердің қолы ортақ» Сайысқа қатысушылар
үйден дайындап әкелген бұйымдарын қалай
жасағандарын түсіндіріп әділ қазыларға
тарту етеді.
Тәрбиеші:
Даусың неткен сырлы еді,
Табиғатты
тыңдатқан.
Өнеріңді
қане бүгін көрсетші,
Мына
жұртқа қошеметпен қол соққан,-деп
4-бөлім:
« Өнерлінің өрісі кең»
Аруларымызды
өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5-Бөлім
(
Сән үлгісі)
Тәрбиеші:
Қыз
емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер
толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің
алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының
сақтай білген ізгі салтын, -дей келе
аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.
Қыздарымыз дайындалып алғанша
ұлдарымыз
«Бозжорға» биін билесін
Би:
« Бозжорға»
(Сән
үлгісін көрсетеді)
Тәрбиеші:
Сайыстың соңынада келіп жеттік, әділ
қазылар қорытындысын шығарғанша « ару
қыздар» биін тамашалайық.
Би:
«Ару қыздар»
Тәрбиеші:
Жеңіске
жеткен қыздардың,
Өркендей
берсін талабы
Әділ
қазы алқасы,
Құрметпен
сөз алады.
Сөз
кезегі Әділ қазыларда. ( Қыздарды
марапаттау)