Материалдар / Ұлттық өнер тәрбие негізі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық өнер тәрбие негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық өнер тәрбие негізі Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2024
176
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Ұлттық өнер тәрбие негізі

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)


Сабақтың мақсаты:


Құндылықтарды дарыту

Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.


Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

байланысты фотосуреттер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

 

«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық»

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұлттық өнер тәрбие негізі”

Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымызның қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық.

Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.

«ОЮ-ӨРНЕК – ӨРЕЛІ ӨНЕР» БӨЛІМІ

 Оюы көптің өрнегі көп,

 Өрнегі көптің ермегі көп.  (Халық мақалы)


«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

«Жігітке жеті өнерде аз»,  «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған

Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз.


Слайд











Сабақ басы (13 мин)












Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданылады.

Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық келбеті айқын танылады. Халықтың бізге жеткен ою өрнек үлгілері – бай мұра, сарқылмас қазына.

Қазақ қолөнерінде ою -өрнек өте кеңінен қолданылады.  Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарының ою өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі.

Ою-өрнекті бекерден бекерге сала бермеген, әр өрнектің өзіндік мағынасы бар.


Оқушыларға презентация көрсетідеді.

Слайд

 











Ортасы (20 мин)


«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ҚҰСТҰМСҰҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып  көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған  жерінің жақсы екендігін біледі.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

ЖЫЛАН», «ЖЫЛАНБАС» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.


Мақал құрастыру» ойыны

  1. Тілі – бізі (Шешеннің тілі – шебердің бізі)

  2. Қолы – сөзі (Өнершінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)

  3. Қолы – тоны (Қай біреудің қолымен тіккен тоны өнер)

Зергерлік әшекей бұйымдар түрі.

Жүзік, сақина. Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекемелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік, құсмұрын жүзік, тасбақа жүзік т.б деп аталған.

Шолпы, шаш теңге. Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз  теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.

Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.

Білезік – сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т.б деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.

Сырға. Қаз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдардың бірі – сырға. Қазақ зергелері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деп әр өңірде алуан түрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.

Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш, сүйір, доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.

Алқа. Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.

Мақал-мәтелдер айту.

  1. Зергерсіз болса – зер мұңлық

  2. Ер қадірін ерлер біледі,

Зер қадірін зергер біледі.

  • Өнершінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын.

  • Ана көрген тон пішнр,

Ата көрген оқ жонар.

  1. Қолөнер – сырлы өнер.


презентация

Соңы






Олай болса, қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кісібің – ертеңгі нәсібің»,- деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз.


Слайд

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!