400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық өнердегі түс үйлесімінің бала санасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Гоболен тоқу өнерін үйретуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эстетикалық тәрбие


Тақырыбы:

«Ұлттық өнердегі түс үйлісімінің бала санасына әсері»


Мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Тәрбиелік дағдысын арттырып, еңбектену жұмысына төзімделігін жеткізу.

1.Жаңа заман ғылымының мол жетістіктермен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып қолөнерді үйренген, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.

2.Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

3.Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, ізденімпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүниетанымын қалыптастырып дамыту.


Біздің басты міндетіміз:

  • ұлттық сәндік қолданбалы өнер түрлерін білгізу;

  • халықтың қол өнерін эстетикалық тұрғыдан меңгерту;

  • ғылыми танымдық және идеологиялық тұрғыдан алған

  • білімдерін өмір тәжірибесінде қолдана білгізу;

  • зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру;

  • шеберлікті дамыту, халық мұрасын зерттеу;

  • өнер адамдарының іс-тәжірибесін меңгерту;

  • эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, қолөнерді қастерлеуге дағдыландыру;

  • іс-тәжірибеде қолдану шеберлігін дамыту;

  • қарапайым материялдармен жұмыс жасау техникасын меңгерту;

  • өз беттерімен көркемдік әрекеттер орындау дағдыларын жетілдіру;

  • қолдың моторикасын, иілгіштігін және көзбен шамалдау дәлдігін жақсарту:

  • өз бетінше бұйым әзірлей білуіге төсілдіру;

  • құрал-сайман, материалдармен жұмыс жасау техникасын меңгерту;

  • техникалық қауіпсіздік ережелер мен санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау;


Бағдарламаның өзектілігі, маңыздылығы, қажеттілігі:

Қолөнер - өресі биік, өрісі кең өнер. Қол өнер халықтың тұрмыс-тіршілігімен жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін қосымша бейіндік пәні. Ал, оқушының қызығушылығы мен белсенділігін оятатын, пән бойынша білім бойынша білім сапасын көтеретін әрине сыныптан тыс іс-шара. Мемлекеттік стандарт бойынша бүгінгі таңда техналогия пәні қысқартылады, демек практикалық жұмысқа аз уақыт беріледі. Сондықтан, бұйым жасау үшін, қолөнерге баланы баулу мақсатында сабақ уақыты жеткіліксіз. Оқушының білімін тереңдетуде, шығармашылық қабілетін дамытуда, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтуде және эстетикалық талғам деңгейн жоғарлату мақсатында «Сәндік қолтаңбалы өнер» бейіндік пәннің орны ерекше. Бұл бағдарлама оқушының оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік- қолданбалы өнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан керемет шығармашылығымен таныса отырып, шеберліктің, еңбексүйгіштіктің шыңдалуына мүмкіндкік береді.

  • Бағдарлама ұлттық қол өнерді игеру арқылы халықтық рухани құндылықтарын біліп , мәдени мұрасын қадірлеп , салт дәстүрді өз бойларын сақтап кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, этникалық, ұлттық қаситтерін қалыптастыруға негізделген. Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білгенін жақсы білеміз. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Ұлттық стилдегі ұсынысы болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Сондықтан халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды енгізу, оқытып- үйрету арқылы бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру.










«Ұлттық өнердегі түс үйлісімінің бала санасына әсері»

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуге отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады деп ойлаймын.

Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз болғандықтан өзімнің авторлық бағдарламамды ұсынып отырмын.

Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, халық шаруашылығының түрлерін; ағаш өңдеу, тері өңдеу мен қатар ши тоқу, кілем, г о б е л е н тоқу өнерін мектеп оқушылары арасында қолға алудамыз. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан ерекшелейтін ою-өрнек пен олардың түс үйлесімділігі деп білемін. Оқушы қыздармен біз, мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгенін ұғып, «қазақ ою өнері басқа халықтардан тайға таңба басқандай дара тұрады»- деген ұғымды санамызға түйіп алдық.

Белгілі өнертанушы В.Чеплев: «Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп жазады. Шынында да мектеп оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен қол өнер әлеміне саяхаттап, эстетикалық тәрбие береміз. Үйірмеде алғашқы күнінен бастап-ақ баланың әлемге көзқарасын қалыптастыру құралы ретінде, әлемді біртұтас жағымды мәнімен қабылдауға, бағалауға үйретеді және бейнелі ойлауын дамытады. Бейнелеу өнеріндегі әртүрлі өнер түрлеріндегі көркем іс-әрекеттерді меңгере отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, шығармашылық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар өзін талғампаздыққа тәрбиелейді. Күнделікті көріп жүрген нәрселерінен әсемдікті таба білу қабілетіне ие болады, көргенін еске сақтап, қиялдау қабілеті дамып, шығармашылықпен ойлап, талдауға, біліктілікке дағдыланады. Аталған қасиеттер баршаға қажет. Кез келген кәсіптің иесі, егер ол бейнелеу құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы істейді.

Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан тек оқулықтың нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Неліктен кейбір жастардан маңайдағы әдемі заттарды сындырып, бүлдіріп кететінін байқаймыз, ол эстетиклық түсінігінің таяздығы және дұрыс қалыптаспағаны деп білемін. Басына қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып табылады. Осындай құндылықтардың болашақта қолданыстан шығып қалмасы үшін оқушы санасына осы күннен бастап сіңірту, икемділік пен бейімділік беруді басты міндет етіп қою қажеттілігіне басты назар аударылған мақсатындағы сәндік қолтаңбалы үйірменің атқаратын ісі мен үйрететіні көп... Сондықтан, қазірден бастап мектеп оқушыларына ойлау, эмоционалдық сезімдерді қалыптастыру, экологиялық, патриоттық тәрбиелер ауадай қажет, бұл осы бейнелеу өнері, ұлттық қол өнеріміз бен мәдениеттің қатысуынсыз жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта біздің мектепте колөнерге үйрететін ұстаздың шығарлашылықпен жүмыс жасауға арнайы кәбінеті, жұмыс станоктары құралдары, көркем іс-әрекеттер үшін қажетті материалдар бар.

Үйірме жұмысында кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай-ақ шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса. Кешегі қазақтың қолөнері бүгін қайда? Енді осы бір толғақты сауалға жауап ізделік. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақ қолөнері келмеске кетіп баратын сыңайлы десек қателеспейміз. Қолөнердің бүгінгі хәліне қарасақ, ата-баба мұрасының қайсыбір керемет түрлері мен үйлесімдері (бөліктері) түрлі тарихи себептермен жалпы ағымға, техникалық прогреске, қалалық сәнге, тағы басқаларға байланысты ескіріп, өткен өмір еншісіне айналып барады. Шүкір ғой, бүгінде киім – кешектен бастап құрал-сайманды, үй жиһаздарын, тұрмысқа қажеттіліктің бәрі-бәрін дүкендер мен базардағы полуфабрикаттың өнімдерінен сатып аламыз. 

Содан болар, бүгінде бұрынғыдай үйлерімізде ағаш ұстатылмайды, темір балқытылмайды, тері иленбейді, киіз басылмайды, алаша, шекпен тоқылмайды, киім де тікпейміз. Сондай-ақ оқа зерлі кесте, біз кесте, ілме кесте, шеркет тоқудан да көз жазып қалдық. Қазақтың қалы кілемінің нұсқалары мүлдем жоғалып кетті. Оны айтасыз, табиғи бояулар шығарудан, желім жасаудан, сабын қайнатудан көз жазғанымыз қашан. Қазақтың құрал-сайманын, қару-жарағын, алтынмен аптап, күміспен күптеген тұрмыстық заттарын тек қана мұражайдан көреміз. Ал қасабаны, қарқараны, кұрақты, сұламаны, күндікті, күдері бешпентті, жарғақ тонды, ішікті, көк сауыр, шегерен етіктерді, кебіс-мәсіні мұражайдан да таба алмайсын. Бұрын құрылыс ісінде пайдаланылған қыр оюы, қырма өнерінен қазіргілердің білетіні саусақпен санарлықтай ғана болса, оны кезінде орындаған шеберлердің әдіс-тәсілдері өздерімен бірге кетті десек те болар.

Иа, сол өнерді қайта мектеп қабырғасында жандандырып жатырмыз. Қыздар іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқтап, өзіндік жаңа стильге өзгертеді.. Көзімізге таныс біздің ою-өрнек қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін таныта келе, шебердің талғамына қарай әр қилы көрініс табады. Ол оны өз талғамына орай жеке де, топтастырып та пайдаланған. Қазіргі жаһандану заманында ою-өрнектердің сан алуан түрлері бар. Ескі оюлардың орнына жаңа түрлі оюлар шығып қыздардың жасауларында

- көрпе;

- жастық;

- қоржын;

- көрпешелерге қолданылып келеді.

Оқушылардың шығармашылық ой нәтижесінде жаңа жоба туындайды. Бұл ойдың нәтижесі - жаңа Гобелен өнеріне жоба бола, жаңа зат –бұл модель ретінде заттың жеке формасы – жеке модель болып табылады. Модель жаңа, көркем құрылым болғандықтан формамен қатар түрі, түсі, қолданыс ұтымдылығы, безендірумен ерекшелігімен бір дана ғана жасылынады. Осындай шығармашылық жобалар оқушы бойындағы ьек жалпы ғана емес, арнаулы қабілеттерін қалыптастыратыа көз жеткіземіз. Психологтардың пайымдауынша қабілетсіз шәкірт болмайды және де даналар айтқандай «Оқушы бойындағы бұйығы жатқан мол мүмкіншіліктерді ашудың, жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы маңызы орасан зор».

Оқушылар жұмыс жасау барысында ұстаз - өзінің берген кеңес мен нұсқауының дұрыстығына, оның оқушы еңбегінің әлдеқайда жеңілдететіндігіне өздері сурет, нобай(эскиз) салу барысында, түс үйлесімділігін ұтымды пайдаланғанына көз жеткізуде. Оқушылар өнермен айналысу барысында (гобелен тоқу) ғылымның өнерге жәрдесдесетіні олардың әр кезде естерінен шықпайтындай болуы тиіс...

Оқушының сауатты саалынған композициясы –ол перспектива заңдылықтарын қолдану, жарық пен кһлеңке, түствру заңдылықтарын сақтау, құрылым ерекшелігін дұрыс біле, түсіне салынған суретті (нобайды) айтамыз. Өнердің сауаттылығын меңгермей, өнердің көркемдің ерекшелігіне мән бере бермейді. Өнердің сауаттылығы оқушыларға шығармашылық қызмет атқару үшін қажеттілігі одан да жоғары. «Еңбек түбі — береке» дей келе туған жер табиғатын, ерлік дəстүрін сүюге тəрбиелеген. Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман əдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жирену керек деген екен. Қыздарға өнер мəдениетін үйретіп, шығармашылыққа тəрбиеледі.

Қорыта келгенде, қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп әлемдегі тұғыры биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Болашақ мамандардың қазақ халқының  бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті   негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі,  рухани — материалдық және мәдени құндылықтары төңірегіндегі танымын,  рухани-мәдениет саласындағы білімін кеңейте отырып, өз  өмірі  мен  кәсіби іс- әрекетінде  ұлттық бала тәрбиесі тәжірибесін қолдануға баулу мен ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы  парызыдылық қасиетінің  қалыптасуына   бағдар беру.

  Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастармыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Үлкендер айтқандай қыздарға «Үйренгеннің өзіне құт, істегенің еліңе құт.»- демекпін.
































«Сәндік қолданбалы өнер»

үйірмесінің базалық мазмұны

8-сынып


8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат


1. Бөлім. Сәндік қолданбалы өнер туралы мәлімет (5 сағат)

Сәндік қолданбалы өнер. Сәндік қолданбалы өнер тарихы. Әйел кәсібі. Елдің өнеріндегі еңбектің мәні. Ою үлгісін қиып дайындау. Түс палитрасы, оның үйлесімділігі, композициялық ритм, симметрия. Оюлардың нұсқасы. Қиып алынған оюды ойыныға қиылыстырып тігу. Үлгі бойынша оюдың суретін салу. Керекті материал таңдау, пішу. Саукеленің эскизін салу. Саукеленің жиегін кестелеп тігу. Кестемен ішін толықтыру. Сәндеу. ТҚЕ. СГТ

2. Бөлім. Габеленнен пано жасау. Әсемдеу, сәндеу. (14 сағат).

Габеленнен пано. Кілемшелер. Гобелен түрлері. Тоқудың эскизін, сызбасын салу.Тоқудың сызбасын дайындау. Үлгі бойынша оюдың суретін салу. Керекті материал таңдау, пішу. Көркем дайын қолөнер туындылары, Материалдар: түрлі-түсті жіп, кілем тоқу станогі. Заттарды дәстүрге сай көркем бейнелеу.. Тоқудың сызбасын дайындау, картасын сызу. Тоқуға керекті заттарды дайындау. Тоқудың әдіс- тәсілдері, түрлі пішімде гобелен бұйымдарын тоқу. Компазиция негіздері. Орнаметалдық компазиция құру.

ТҚЕ. СГТ

3.Бөлім. Шығармашылық жоба. (12 сағат)

Габелен тоқу техникасы Қазақ халқының кілем, габелен түрі. Практикалық жұмыс №3. Кілем тоқу техникасы Кілемнен жасалған өнер туындылары, табиғи материалдың қасиеттері, эскизді көркемдеп өңдеу, және ою ережелері туралы білім беру. Эскиз негізінде кілем тоқу техникасын жетілдіру, бұйым жасау.

4.Бөлім. Шығармашылық жобаны қорғау. (2 сағат)

Өз бетімен орындалған шығармашылық және ғылыми жұмыс. Сәндік қолданбалы бұйымдарын қорғау.

5.Бөлім. Көрме ұйымдастыру. Қорытынды. (1 сағат)



Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (деңгей бойынша)

Базалық деңгейге қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

  • қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтап және зерделей білуі тиіс;

  • өнер құралдары мен әртүрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін білуі тиіс;

  • өздерінің алған білідері мен тәжрибесін қолдана отырып шығармашылық әркеттерін жоспарлай алуы тиіс;

  • талаптарға сай нысан дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындай білуі тиіс;

  • зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтай алуы тиіс;

  • жасалған өнімнің ( шығармашылық жұмыс) сапасын қолдынылған әдіс-тәсілдерін бағалай білуі тиіс;

  • заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолдануын түсіне отырып өздігінен таңдау жасай алуы тиіс;

  • шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар мен өнер материалдарын өз бетінше анықтап, таңдау және біріктіре алуы тиіс;



Тұлғалық нәтиже

  • қарым-қатынас мәдениетін көрсетуі тиіс;

  • рухани-адамгершілік, елжандылық өмір салты қажеттіліктерін игеруі тиіс;

  • құндылық ретінде өзі туралы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін меңгере білуі тиіс;

  • -қоғамдағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын көрсетуі тиіс;

  • өздігінен ізденіп, өмірден өз орнын табуға және таңдаған мамандығына ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуы тиіс;

  • тұлға ретінде белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуі тиіс


Жүйелі-әрекеттік нәтижелер

  • зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуге тиіс;

  • нақты жағдаятқа талдау жасап, проблеманың пайда болу себептерін көрсетуі тиіс;

  • проблеманы шешуге бағытталған өз әрекеттеріне мақсат қоя отырып, әрекеттің жоспарланған өнімін бағалауға тиіс;

  • ұсынылған ақпаратты тапсырмаға сәйкес ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуі тиіс;

  • қойылған міндеттерді шешуге ұмтылыс жасауы тиіс;

  • нақты міндеттерді шешу үшін белгілі әрекеттер технологиясын қолдануы тиіс;

  • қарым-қатынас мақсатына сәйкес тілдік қатынасқа түсіп, мәтін құрауы тиіс;

  • өз ойын мазмұнды әрі жүйелі жеткізе алуы тиііс



«Сәндік қолданбалы өнер»

үйірмесінің базалық мазмұны

9-сыныпта аптасыны 1сағат, оқу жылында – 34 сағат

1- Бөлім. Сәндік қолданбалы өнер. (1 сағат)

Сәндік қолтаңбалы өнер, оның түрлері, мақсат-міндетттері. Қазақтың ұлттық өнер.

2-бөлім. Мұражайға, көрмеге , қолөнер шеберханалырына бару (2 сағат)

Мұражайға, қолөнер шеберханалырына бару. Кілем фабрикасына саяхат. Қолөнер бұйымдарының жасалу процестері мен техналогиясының қыр-сыры көру, білу, танысу.

3-бөлім. Қауіпсіздік техника ережелері (1 сағат)

Қауіпсіздік техника ережелері. Санитарлық гигеналық талаптар

4-бөлім. Компазиция негіздері (3 сағат)

Декаритивті- қолданбалы өнер туындылары. Оранмент түрлері. Компазиция ұғымына байланысты талаптары, принциптары, ережелері, заңдықтары. Ырғақ, симметрия, ритм, статик, динамика, таңбалық, космогониялық, символық ою-өрнектер. Компазициядағы пропорциялық қатынастар. өнер туындылары, репордуциялар, техналогиялық карта.

5-бөлім. абиғи материалдармен жұмыс. Габелен тоқу техникасы.(6 сағат)

Қазақ халқының кілем. Габелен тоқитын шеберлері, ісмерлері, ұста зергерлері, олардың қолөнер туындылары. Шекмелер өнері туралы ақпарат. Шекмелеу техникасы арқылы деккаративті панно жасау. Геометриялық немесе зооморфты өрнекті қолдана отырып қағаз бетіне жасалған эскизден габелен тоқу.

6-бөлім. Кілем тоқу техникасы. Табиғи материалдармен жұмыс.(6 сағат)

Асыл мұралар. Ағаштан жасалған өшпес мұралары, кілемнен жасалған өнер туындылары, табиғи материалдың қасиеттері, эскизді көркемдеп өңдеу және ою ережелері. Эскиз негізінде кілем тоқу техникасы, бұйым жасау.

7 - бөлім. Шығармашылық жоба. (15-сағат)

Шығармашылық жоба. Габеленнен пано. Кілемшелер. Шығармашылық жоба оқушының өз бетімен орындалған шығармашылық және ғылыми жұмыс.


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (деңгей бойынша)

Базалық деңгейге қойылатын талаптар

Пәндік нәтижелер

  • қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтап және зерделей білуі тиіс;

  • өнер құралдары мен әртүрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін білуі тиіс;

  • шығармашылық материалдары мен стильдерді қарастыра отырып, салыстырмалы таңдау жасай білуі тиіс;

  • заманауи бағыттары мен стильдерін анықтау және сипаттай алуы тиіс;

  • тәжірибелік жұмысты орындау үшін түрлі салалардағы білімдерін жалпылай білуі тиіс;

  • бұйымның сапасын және өнімнің сыртқы көрінісін анықтайтын негізгі факторларды (эстетика, атқаратын қызмет, экономика) талдау және бағалай білуі тиіс;

  • қоршаған ортаны бейнелі қабылдауын қалыптастыру, қоғам өміріндегі бейнелеу, сәдік қолөнердің рөлін түсіндіре білуі тиіс;

  • ұлттық бұйым жасау арқылы оқушылардың бойына іскерлік, табандылық, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, өз беттерімен көркемдік әрекеттер орындау дағдылар жетілдіре білуі тиіс;

  • қолдарының моторикасын, иілгіштігін және көзбен шамалдау дәлдігін жақсарта білуі тиіс;

  • қауіпсіздік техник ережелерін сақтай отырып, құрал-саймандармен жұмыс істеу техникасын меңгеру, тазалық гигиенасын сақтай білуі тиіс;

Тұлғалық нәтиже

  • қарым-қатынас мәдениетін көрсетуі тиіс;

  • рухани-адамгершілік, елжандылық өмір салты қажетін игеруі тиіс;

  • құндылық ретінде өзі туралы және басқа адамның тұлғасы туралы ұсыныстар жүйесін меңгере білуі тиіс;

  • -қоғамдағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын көрсетуі тиіс;

  • өздігінен ізденіп, өмірден өз орнын табуға және таңдаған мамандығына ынта-ықыласы мен қабілеттілігін танытуы тиіс;

  • тұлға ретінде белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін көрсете білуі тиіс

Жүйелі-әрекеттік нәтижелер

  • зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуге тиіс;

  • ғылыми ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.

  • нақты жағдаятқа талдау жасап, проблеманың пайда болу себептерін көрсетуі тиіс;

  • проблеманы шешуге бағытталған өз әрекеттеріне мақсат қоя отырып, әрекеттің жоспарланған өнімін бағалауға тиіс;

  • ұсынылған ақпаратты тапсырмаға сәйкес ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетуі тиіс;

  • қойылған міндеттерді шешуге ұмтылыс жасауы тиіс;

  • нақты міндеттерді шешу үшін белгілі әрекеттер технологиясын қолдануы тиіс;

  • қарым-қатынас мақсатына сәйкес тілдік қатынасқа түсіп, мәтін құрауы тиіс;

  • өз ойын мазмұнды әрі жүйелі жеткізе алуы тиіс;

Үйірменің тақырыптық - мазмұндық бөлімі

№

Тақырып атттары

Тақырып мазмұны

Барл.

(сағ.)


1

Сәндік қолданбалы өнер

Елдің өнеріндегі еңбектің мәні. Сәндік қолтаңбалы өнерінің тарихы, әйел кәсібі.


1с

2

Оюларды құру

Оюлардың нұсқасы.


Ою түрлері мен нұсқалары

1с

3

Түс палитрасы, оның үйлесімділігі, композициялық ритм, симметрия. Оюлардың нұсқасы.

Оюды нұсқаулау және жасау.

Орындау техникасы.


1с

4

Гобелен. Орындау техникасы

Ою құрау және жай білу.


2с

5

Габеленнен пано жасау

Әсемдеу, сәндеу.

Үлгі бойынша оюдың суретін салу. Керекті

материал таңдау, пішу. Заттарды дәстүрге сай

көркем бейнелеу.


3с

6

Компазиция негіздері

Практикалық жұмыс жасау №1

Орнаметалдық компазиция құру

Практикалық жұмыс жасау №2


2c




7

Габелен тоқу техникасы


Қазақ халқының кілем, габелен түрі.

Практикалық жұмыс №3.


1-с

8

Кілем тоқу техникасы







Кілемнен жасалған өнер туындылары, табиғи материалдың қасиеттері, эскизді көркемдеп өңдеу, және ою ережелері туралы білім беру.

Эскиз негізінде кілем тоқу техникасын жетілдіру, бұйым жасау.Тәжірибе жұмысы №1-3


3-с

9

Практикалық жұмыс №4-8

Көркем дайын қолөнер туындылары, Материалдар: түрлі-түсті жіп, кілем тоқу станогі


5-с

10

Шығармашылық жоба

Габеленнен пано.

Кілемшелер


Шығармашылық жоба

11-с

11


Шығармашылық жобаны қорғау


Өз бетімен орындалған шығармашылық және ғылыми жұмыс.


1c

12

Көрме ұйымдастыру


Қорытынды

1c
































Қолданылған әдебиеттер:


  1. Тілеужан М. Рухани өнегелі тəрбие // Бала тəрбиесі. — Алматы, 2006. — № 2. — 24-б.

  2. Ахметова М.Т. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы // Өзіндік таным. — Алматы, — № 2. — 18-



11


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі