400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәрелке

Материал туралы қысқаша түсінік
мен бұл сабақты мүсіндеу пәнінен өткіздім
Материалдың қысқаша нұсқасы



Picture 1 Атырау облысы.

Жылыой ауданы

Қосшағыл ауылы

№2 жалпы орта білім беретін мектеп

Мектепалды даярлық тәрбиешіс

Алманова Раушан Аманқұлқызы.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ұлттық ою-өрнекпен  безендірілген тәрелке.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету,безендіру дағдыларын  бекіту;  Ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру;тиянақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар мен материалдар: ыдыс түрлерінің суреті, дайын жұмыстың үлгісі ,ою түрлері, ермексаз, таяқша, тақтайша,интерактив тақта

Балалар үшін:жұмыс дәптері,ермексаз ,тақтайша ,таяқша ,қолорамал.

Психологиялық дайындық

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де,

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті,

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ,жол салсақ

Ғажайып текше:

Сұрақ –жауап.

Қазір жылдың қай мезгілі?

Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

5 пен 4 қосындысы?

Неліктен үй жануары деп атаймыз?

Көліктер неше топка бөлінеді?

Ата ,әже,әке,ана,сен-ол ?

Сиыр,түйе,қой,жылқы-бір сөзбен ?

Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру:

Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа бөлген:

- Зооморфтық - жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;

- Өсімдік бейнелі - жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

-Космогониялық – ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

-Геометриялық – ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар


Алдын ала қағаздан немесе пластикадан жасалған табақ түрлерін балаларға көрсетеді.Олардың құрылысы қандай тамақ ішкенде қолдану керектігін , түстерін сұрайды.(осы тәрелкеге не жетіспейді , не істеуге болады?)-деген сұрақтармен балаларға  ой тастайды.

Балалар ою-өрнектермен  безендірілген ыдыстардың әдемі көрінетінін  айту керек.

Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді;құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б.

Олады ширату  тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және ыдысты әшекейлеуде қандай бөлігіне  орналастыру қажеттігін айтып, бағыт-бағдар береді.

Балаларға тәрелкені  ою-өрнекпен  безендіру әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Тәрелкенің бет жағына қарындашпен ою-өрнек салып аламыз.

Түрлі түсті ермексазды ширатпалар жасап аламыз.

Жіңішке ширатпаларды ою-өрнек салынған суреттің  бет жағына орналастырып , аздап саусағымызбен жапсыра басамыз.

Сергіту сәті:

Балалар мүсіндеуді өз бетінше орындайды

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап бағалау

Д/о «Мозайка»

 Ою өрнекке байланысты суреттерді ретімен жүйелеп қою;

Дайын жұмыстарды балармен талдап , бағасын береді, кемшіліктерді түзету жолын өздерінен сұрайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:мүсіндеудің негізгі жұмсарту, созу, құрастыру, жаю, тегістеу, жалпақтау, домалақтау тәсілдерін;

Нені игереді:қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйренеді;

Нені біледі: қатырмақағазға бедерлеу тәсілін орындауды.

 

















































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1233
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі