Ұлттық ою-өрнектер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ою-өрнектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ою-өрнектерін таниды, ажыратады. Ою-өрнек жапсыру арқылы қолды жаттықтырып, балалардың шеберлігін ұштау. Балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру,сұлулық пен әсемдікке, талғампаздық пен шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет: «Ұлттық ою-өрнектер»

Дағдылар тізбегі: Физикалық қасиеттерді дамыту (Дене шынықтыру)

Коммуникативтік дағдыларды дамыту (Көркем әдебиет, Сауат ашу, Сөйлеуді дамыту)

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту (Математика негіздері)

Шығармашылық дағдылары мен зерттеу іс-әрекеті (Құрастыру,

Музыка, Мүсіндеу) Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру (Қоршаған ортамен танысу).

Мақсаты: Қазақтың ою-өрнектерін таниды, ажыратады. Ою-өрнек жапсыру арқылы қолды жаттықтырып, балалардың шеберлігін ұштау. Балалардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру,сұлулық пен әсемдікке, талғампаздық пен шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Міндеті:

- Балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру;

- Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

- Балаларды белгілі ережеге бағынуға, мақсатына жетуге, табандылыққа тәрбиелеу;

- Ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің ерекшелігін айқындау;

Армысың мейірімді, Аспан ата.

Армысың мейірімді, Жер ана.

Армысың шұғылалы, Алтын күн.

Армысың балабақша достарым!

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде қанша ай бар?

Балалар: 3 ай (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз қызықты болмақ.

Есікті қағып, Әже келеді.

Әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Қош келдіңіз, Әже!

Әже: Балалар сендердің топтарының аты «Ақ қайың» тобыма?

Балалар: Ия

Әже: Ааа мен ендеше адаспай келіппін. Сендерді өте ақылды балалар деп естідім. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сонау ауылдан қызықты тапсырмалар ала келдім. Сендер сол тапсырманы жақсы орындасандар, сендерге беретін сыйлығым бар.

Тәрбиеші: Қанекей балалар, тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

Балалар: Ия

Әже:балалар, тапсырманы орындамас бұрын мына ұлттық оюлармен көмкерілген кілемше арқылы топтарға бөлініп аламыз.

Шарты: Кубикті лақтыру арқылы қандай ою түссе, сол оюмен секіріп өтіп, сол оюдың тұсына барып тұрады.

Тәрбиеші: Ал ендеше, тапсырмаларды ашып көрейік.

1.«Зерттеу» орталығы

Ойын: «Көлеңкелі оюлар»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау, көру қабілетін дамыту. Ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Міндеті: балалардың өнер шығармаларын эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Шарты: Балалар қағаз бетіне ұн сеуіп, түрлі ою-өрнектер шығарады.

2.«Танымдық және зияткерлік» орталық

Ойын: « Сәйкестендір »

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Міндеті: Ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып балалардың шеберлігін ұштау.

Шарты: Оюдың түсіне қарай түрлі-түсті күрішпен сәндеу.

Қауіпсіздік ережесі:

1.Айғайлап, шуламау.

2. Ауызқуысына ештеңе салмау.

3.Суды жан-жаққа шашыратпау.

4.Зеррттеу жүргізуе арналған заттарды ұқыпты қолдану.

3.«Шығармашылық» орталық

Ойын: «Ұлттық нақышта дорба» тігу

Мақсаты: Дорбаның жасалу тарихы мен түрлерімен таныстыру, жасалу жолдарын үйрету.

Міндеті: Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Шарты: Дорбаны тігіп шығу.



4 «Шығармашылық» орталық

Ойын: «Трафаретпен оюды» бояу

Мақсаты: балалардың қызығушылығың оятып, қол моторикасын дамыту.

Міндеті: ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Шарты: «Қошқар мүйіз» оюы бейнесін түрлі – түсті гуашь бояулары мен қылқаламды пайдалану арқылы бояу және тапсырманы аяқтау барысында сұрақ- жауаптармен алмасу.

Тәрбиеші: балалар кім оюлар туралы тақпақ біледі?

Дара: Қошқар мүйіз, гүл өрнек,

Киімімде сән бермек.

Киіз үйде, кілемде,

Оюларым тұр кермек.

Тәрбиеші: Әжей, менің балаларым тапсырмаларды жақсы орындады ма?

Әже: ия, жарайсыңдар балалар. Сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Балалар, менің әкелген тапсырмаларым қызықты болды ма?

Балалар: ия

Тәрбиеші: Ал балалар, шаршап қалған боларсыңдар. Бой жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті: Қамажай

Басында Қамажайдың бір тал үкі,

Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.

Айрылып Қамажайдан отырғанда,

Келеді қай жерімнен ойын-күлкі?

Әже: балалар сендер тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін сыйлық әкелдім. Өз қолыммен жасаған ауылдың балдай тәтті құртын әкелдім.



Рефлексия: 1) Балалар бізге қонаққа кім келді?

2) Қандай ою түрлерімен таныстыңдар?

3) Ою мен не істедіңдер?
























«Ұлттық ою-өрнектер»



Шебер-сынып













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі