400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлттық қазынаға толы сандық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ, басқа да тәрбиешілерге қажет болып қалар деген мақсатта жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлттық қазынаға толы сандық»

Мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен таныстыру арқылы олардың танымдық, ұлттық бұйымдарға қызығушылықтарын арттыру, Ұлттық мұраға деген құрмет сезімін оятып, халықтық дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Міндеті: Балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Қарапайым зерттеу, салыстыру, бақылау дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық әрекет арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Қажетті көрнекіліктер:

• Әдемі безендірілген сандық

• Киіз үй макеті

• Асықтар

• Сүзбе, құрт

• Ою-өрнек үлгілері

• Қазақ күйі (баяу фонға)

Іс-әрекет барысы

Ерекше басталуы (Шаттық шеңбері)

Балалар келген қонақтармен амандасайық, үлкенге құрмет көрсетейік.

Балалар:

Армысыздар, қонақтар! (қол бұлғау)

Жарқырап тұр қабақтар. (күлімдеу)

Біз әдепті баламыз, (қолды кеудеге қою)

Сәлем беріп аламыз! (иілу)


(Баяу күй ойнап тұрады – Құрманғазы Сағырбайұлы шығармасынан үзінді)

Кенет сандықтың ішінен сыңғырлаған дыбыс шығады.


Тәрбиеші (жай дауыспен):

– Балалар… естідіңдер ме? Бір дыбыс шықты… Қай жақтан естілді?


(Балалар тыңдайды)


– Иә, мына сандықтан! Бұл жай сандық емес… Бұл — ұлттық қазынаға толы сиқырлы сандық!

Бұл сандықта не бар екен? Білгілерің келе ме?


Балалармен бірге:

«Сандық, сандық ашылшы,

Ішіндегі қазынаң шашылшы!»


(Сандық ашылады)


1ші қазына – Киіз үй


(Сандықтан киіз үй макеті шығады)


– Бұл не балалар?

– Киіз үй!


Қысқаша түсіндіру:

Киіз үй – қазақ халқының баспанасы.


2ші-қазына – Асық

– Бұл не?

– Асық!

Асық – ұлттық ойын құралы. Бұл асықпен көбіне ер балаларымыз ойнаған.


3ші-қазына – Құрт

– Мынау не?

– Құрт!

Құрт – ұлттық тағам. Сүзбеден жасалады.


4ші-қазына – Ою-өрнек

– Бұл не?

– Ою!

Ою-өрнек киімде, кілемде, сандықта болады.

Балалар көрдіңдерме, біздің қазынаға толы сандықта керемет ұлттық құндылықтарымыз сақталған екен иә.


Ендеше қазір ұлттық құндылықтарымыздың бірі киіз үйді құрастырайық

Қыздар және ұлдар тобы толып екіге бөлініп киіз үйді құрастырайық.


Киізден «Киіз үй құрастыру»

Міндеті. Балаларды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, ептілікке дағдылау, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Аяла: Киіз үйге кіргенде,

Бәрі басын иеді.

Оның сыры білгенге

Шаңырақ қой киелі.


Тәрбеші: жарайсыңдар балалар өте тамаша.


Балалар, ендігі құндылығымыздың бірі оюдан қыздарымыз текеметке түрлі түсті жүнді қолданып ою-өрнек жабыстырады.


«Текеметке ою салу».

Міндеті: Дәстүрден тыс әдіспен ою салу. Түстерді ажырата білуге, ептілік, ұқыптылық, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Айлин: Қазақтың оюлары-ай оюлары!

Даладай бояулары қою бәрі.


Ұлдарымыз асықты бір-біріне сәйкестендіреді.

«Сыңарын тап»

Міндеті: Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді ажыратып айтуларын дағдылау.

Балалар, атадан қалған ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай оны жаңғыртып әркез естен шығармауымыз керек.


Әжелеріміз ауылда қолдары босай қалса текемет тоқып, одан қала берді сүтті ұйытып, құрт жасаған. Балалар, құртты сүзбеден жасайды. Сіздермен бірге қазір құрт жасайық.

«Құрт жасау»

Міндеті: Құртты алақанмен дөңгелектеп, қысу арқылы пішінін, түсін атауды үйрету.

Балалардың құрт жасауға деген қызығушылықтарын ояту.

Құртты баяу күйдің үнімен жасайды (Құрманғазы Сағырбайұлы шығармасынан үзінді)

Әмина Қ: Нағыз қазақ домбыра

Салтымызды жалғайтын

Күйіміз бар көгімде,

Қанат байлап самғайтын.


Ұлттық қимылды ойын: «Арқан тартыс»

Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлініп, арқан тартысып, күш сынасады.

Міндеті: Қол бұлшық еттерін дамыту, топпен әрекет етуге үйрету, жарыс кезінде тәртіп сақтауға баулу.


Қорытынды бөлім


– Балалар, сандықтан не шықты?

(Киіз үй, асық, құрт, ою)


– Бұлар ненің қазынасы?

– Ұлттық қазына!


Тәрбиеші қорытындылайды:

Біздің халқымыздың қазынасы көп екен балалар. Біз оны құрметтеп, сақтауымыз керек.

Осымен ашық іс әрекетіміз аяқталды, өте тамаша қатысқандарыңыз үшін сіздерге сыйлығым бар деп балаларға құрт таратылады.









№10 «Құлыншақ» бөбекжай бақшасы








Ашық іс әрекет

«Қызғалдақ» ортаңғы тобы

Тақырыбы: «Ұлттық қазынаға толы сандық»









Тәрбиеші: Таженова А.Е.























Атырау 2026 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қазан
99
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі