400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының қолөнері - халық тұрмысымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ежелгі өнер. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнері түрлері көп.Мектеп тәрбие жұмысын жүргізуде жас мамандарға көмегі тиеді деген ойым бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мәңгілік ел – мәңгілік мұра»

Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық

өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету.

Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылар-

дың шығармашылық қабілетін дамыту. 

Тәрбиелік мәні: Ою - өрнек арқылы оқушылардың ой - өрісін, білімін жан-жақты

дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт - дәстүрін, өнерін

құрметтеуге тәрбиелеу. 

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс. 
Сабақтың көрнекілігі: Презентация «Ою хан мен Жою хан»аңызы, «Ою - өрнектер» суреттері, сырмақ, киіз үй жабдықтары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру.

  1. Кіріспе сөз.

Құрметті оқушылар мен ата-аналар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі

Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.

«Қолөнер» сөзжұмбағын шешу

1.Дөңгелек шеңбер етіп иілген,киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі.

2.Жеңсіз жеңіл киім.

3.Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағылы бұйым.

4.Жеті түрлі дәнді-дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.

5.Сурет салып тоқылған кілем.

6.Нәрестеге арнап жасалған ағаш төсек.

7.Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.


Мақалдар.

1.Балам өнерлі болсын десең, өнегеңді көрсет.

2.Қолөнер – мол өнер.

3.Өнер талаптан туады.

4.Өнерліден үйрен, өнерсізден жирен.


«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді. «Жігітке жеті өнер де аз»,  «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамағы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған.

Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Түсінік беру.

Қазақ қолөнерін төрт топқа бөлген. Олар: ұсталар, зергерлер, ісмерлер мен шеберлер.

Ұсталар - найза, қылыш, қанжар, қалқан, семсер, т.б. қару жарақ түрлерін жасаған.
Зергерлер - білезік, сырға, сақина, шашбау, қапсырма, сәукелеге тағылатын қымбат металдардан (алтын, күміс ) соғылған әшекей бұйымдар жасаған.
Ағаш шеберлері – киіз үй сүйегінен бастап, сандық, асадал, ожау, тостаған, қобыз, домбыра, бесік, шана, арба т.б. бұйымдар жасаған.
Ісмерлер – камзол, шапан, құрақ көрпе тігумен, тұс киіз, алаша тоқумен, сырмақ, текемет басумен айналысқан.
Ою-өрнек - өнердің ежелден келе жатқан озық үлгісі. Байқап отырсаңыз киіз, ағаш бұйымдарында көбінесе мүйіз өрнектерін қолданатынын көреміз. Сонымен бірге өрнек ою-өрнек элементтерінің ретімен қайталануына негізделген.


Өнерді таудың бұлағынан, 
Қойдың құлағынан, 
Апамның киізінен, 
Қошқардың мүйізінен үйрендім. (Ә. Қастеев). 


  1. «Ою хан мен Жою хан» ертегісін айту. Слаидтан көрсету.

  1. Қонақпен сұхбаттасу.Құрақ жасау өнері. (Камшаттың анасы Сымбат құрақ туралы түсінік береді.)

«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ҚҰСТҰМСҰҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып  көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған  жерінің жақсы екендігін біледі.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Сырмақ жасау өнері.

  1. Топпен жұмыс.

Оқушылар ата-аналарымен бірге сырмақ үлгісін жасайды.


  1. «Мақал құрастыру» ойыны. (Әр топқа мақалдар беріледі. Мақалды толықтырып айту.)


Ата өнері - балаға мұра. Ата ... - ... мұра.


Шебердің қолы көпке ортақ. Шебердің қолы ... ортақ.


Өнерпаздың он қолы бар.  Өнерпаздың ... .... бар. 
 

Асыл тастан шығады,  Асыл ... шығады, 
Өнер жастан шығады.  Өнер ... шығады. 


Ақыл көпке жеткізер,  ... көпке жеткізер, 
Өнер көкке жеткізер.  .... көкке жеткізер. 

  1. Шеберлік шежіресі. «Бұл қай қолөнер түрі?» (Оқушылар өлең оқығанда қандай қолөнер түрі екенін айту керек.)

Шеберлік шежіресі 

  1. Көрші әжей өнерлі!

Барып тұрам күнде мен

Құрмет тұтып шеберді!

Ою -өрнек үйренем.


  1. Демеңдер бұл қалай

Күмісті де илеген

Осы өнерді мұрадай

Зергерлерден үйренем.

  1. Әркімге керек қол өнер 
    Он саусаққа он өнер. 
    Түгел болар дүниең, 
    Біліп алсаң оны егер. 

  2. Біреуі жүн жаймалап, 
    Біреуі су себеді. 
    Енді бірі шиге орап, 
    Жабылып бәрі тебеді. 
    Жүн тұтасса бірігіп, 
    Қайта жазып алады. 
    Ширықсыз деп кірігіп, 
    Білекке енді салады. 
    Ыстық су құйып үстіне 
    Қатайсын деп қарпиды. 
    Шықты киіз пісті де, 
    Сыннан өтіп сан қилы. 

  3. Әжелер киім тіккенде 
    Тастамапты қиықты. 
    Әр алуан қиық түскенде, 
    Дорбаға салып жиыпты. 
    Көп киім тігіп біткенде, 
    Қиыққа дорба толыпты. 
    Қиықты сәндеп тіккенде, 
    Құрақ көрпе болыпты. 

  4. Темірді илеп қамырдай, 
    Жіптей созып иейін. 
    Өз ісімен жаңылмай, 
    Тастан түйін түйейін. 
    Жамбы, жақұт, мәрмәрді 
    Сәндеп, қырлап баптайын. 
    Сүйсіндірсін алғанды, 
    Алтынменен аптайын. 
    Салтанат құрсын сән енді, 
    Жаңғыртайық көнені. 
    Таңдандырсын әлемді 
    Қазақтың бұл өнері. 

  5. Кесте тіге алмайтын 
    Болмаушы еді қыз бұрын. 
    Жасауын өзі қамдайтын, 
    Кестелеп алуан түз гүлін. 
    Төсек жапқыш,жүк жапқыш, 
    Кестелі қандай сәнді еді. 
    Отырып үйде тігіп іс, 
    Әлі есте айтқан әндері. 
    Ағасына өз қолымен 
    Орамал тігіп беретін. 
    Ең қымбат заттан оны кем 
    Кім бар екен көретін. 

  6. Түбіт түтіп шүйкелеп, 
    Саусаққа әже іледі. 
    Сұрамайды бір көмек 
    Бәрін өзі біледі. 


  1. Алуан жіпті тізбелеп, 
    Далаға керме кереді. 
    Берейік көмек біз де,-деп 
    Көршілер де келеді. 
    Адарғысын тіктейді, 
    Арқау жібін өткізіп. 
    Қылышын қағып бүктейді, 
    Түбіне тақап жеткізіп. 
    Өстіп дайын болады, 
    Алуан басқұр,алаша. 
    Көргеннің көңілі толады, 
    Тамашалап қараса. 


ІІІ Қорытынды.

Мұғалім:

Оюларға сүйсініп, 
Қайран қалып тұрасың.
Көре білсең түсініп,
Одан көп сыр ұғасың, - демекші қазақтың тарихын, өмірін өрнектер бойынша оқып білуге болады.

Әр оюдың тілі бар деген сөз осыдан қалған болар.
Ою-өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік,теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттық, зеректік, көңілге шабыт, ептілік, іскерлік, шеберлік, икемділікке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы.
Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.

Олай болса, қазақтың тіл өнері, қолөнері - өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кәсібің – ертеңгі нәсібің»,- деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналдыру біздердің парызымыз.


Келген қонақтарға алғыс айту.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
5759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі