Материалдар / ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ТӘРБИЕ КӨЗІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ТӘРБИЕ КӨЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруда зор маңыз бар. Мәдени мұраны игеру халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы пат¬риотизм болмайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР – ТӘРБИЕ КӨЗІ«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қазақстандықтардың өз тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруда зор маңыз бар. Мәдени мұраны игеру халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Ол жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу үшін айрықша маңызды» деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай ұлт мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою-өрнек болып табылады. Ою-өрнек әсемдікпен, сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек мүддесінің нышаны. Осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық ерек шеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық ма қаласында нақты көрсетілген. Демек, ұлттық құндылықты сақтай отырып, төл өнерді жаңғыртуымыз керек. Оны жастар санасына сіңіре отырып жеткіншектерді еңбекке баулу да зор өнер. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнер саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі – ою-өрнек өнері. Қазақтың сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым, түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен жерге, алыс ауылға ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Сонымен, ою-өрнек дегеніміз геометриялық және бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы.Міне, осынау ұлттық құндылықты дәріптеу, қол өнерді жаңғырту бойынша шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар еңбегін паш ету мақсатында «Рухани жаңғыру – ұлттық өнердің жаңғыруы тақырыбында №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге ауданның ардагерлері, ардагер ұстаздар, сала мамандары, оқушылар қатысты. Қолөнер қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі десек, қателеспейміз. Атадан қалған өнерді өлтірмей, осы күнге дейін жалғастырып келе жатқан қолөнер шеберлері ауданымызда да баршылық. Бірақ, саналы ғұмырын шеберлікке арнағандар қазір аз. Сондай қолөнер шеберлерлерінің бірі – Ұлбосын Бекмағанбетова ардагер-ұстаз, аяулы ана. Мамандығы бастауыш сынып мұғалімі болса да анасынан үйренген өнерінен бас тартпаған шебер зейнет жасына шыққан соң өз өнерін жастарға үйретпек ойымен өз қолымен жасалған туындылар қойылған көрмені жұртшылық назарына ұсынды. Талай жыл ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеп, үздіксіз білімін жетілдірген Ұлбосын Сейтенқызы технология пәні бойынша қайта даярлаудан өтіп, жаңа мамандықты игерген болатын. Бұл салада үздік нәтижелерге қол жеткізді. Себебі ою ойып, құрақ құрау өзінің сүйікті ісі болатын. Осы күнде зейнет демалысында отырған ұстаздың көрмеге қойған қолөнер туындылары көздің жауын алады. Дорбалар, құрақ көрпеше, жастықтар көрмеге келген әрбір жанды тамсандырды. Құрақ құрау біраз шыдамдылықты талап етеді. Бірақ жұмыс аяқталғанда осынша уақытың, төзімің зая кетпегенін ұғасың. Әйел заты табиғатынан әдемілікке қызығатыны баршаға мәлім, әрбір заттың түр-түсі үйлесім тапса көздің жауын алары хақ.Шара қорытындысында ардагер ұстаздар өткен күннен сыр шертіп, естеліктер айтты.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!