Ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл зерттеу ұлттық-қозғалмалы ойындардың бастауыш сынып оқушыларының дене белсенділігін қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылуы оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиеленуіне әсер етеді. Алайда, балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығы мен оларды пайдалану деңгейі төмен екені анықталды. Зерттеу педагогика мен ұлттық тәрбие теориясына негізделіп, сауалнамалар мен педагогикалық бақылау әдістерін қолданды. Эксперимент нәтижелері ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабақтарында тиімділігін көрсетті. Зерттеу ұлттық ойындарды оқу бағдарламаларына енгізуді және дене белсенділігін арттыруды ұсынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру

А.М.Болат

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Аннотация

Бұл зерттеу ұлттық-қозғалмалы ойындардың бастауыш сынып оқушыларының дене белсенділігін қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Зерттеу нәтижелері бойынша ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабақтарында пайдаланылуы оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиеленуіне әсер етеді. Алайда, балалардың ұлттық ойындарға қызығушылығы мен оларды пайдалану деңгейі төмен екені анықталды. Зерттеу педагогика мен ұлттық тәрбие теориясына негізделіп, сауалнамалар мен педагогикалық бақылау әдістерін қолданды. Эксперимент нәтижелері ұлттық ойындардың дене шынықтыру сабақтарында тиімділігін көрсетті. Зерттеу ұлттық ойындарды оқу бағдарламаларына енгізуді және дене белсенділігін арттыруды ұсынады.

Кілт сөздер: ұлттық ойындар, дене белсенділігі, салауатты өмір салты, бастауыш сынып, дене шынықтыру, педагогика, ұлттық тәрбие, қозғалыс ойындары.


Формирование здорового образа жизни у учащихся начальных классов с помощью национальных подвижных игр

А.М.Болат

НАО университет имени Шакарима города Семей


Данное исследование изучает роль национальных подвижных игр в формировании физической активности у учащихся начальных классов. Результаты исследования показывают, что использование национальных игр на уроках физкультуры способствует воспитанию здорового образа жизни у школьников. Однако было выявлено, что интерес детей к национальным играм и уровень их использования остаются низкими. Исследование основано на педагогике и теории национального воспитания, использовались методы анкетирования и педагогического наблюдения. Результаты эксперимента продемонстрировали эффективность национальных игр на уроках физкультуры. Исследование предлагает внедрение национальных игр в учебные про- граммы и повышение физической активности учащихся.


Ключевые слова: национальные игры, физическая активность, здоровый образ жизни, начальная школа, физкультура, педагогика, национальное воспитание, подвижные игры.


Formation of a healthy lifestyle among primary school students through national physical games

A.M.Bolat

NJC «Shakarim University of Semey»

Annotation

This study explores the role of national physical games in developing physical activity among elementary school students. The results of the study show that the use of national games in physical education classes contributes to the promotion of a healthy lifestyle among students. However, it was found that children's interest in national games and the level of their use remain low. The research is based on pedagogy and the theory of national education, with the methods of surveys and pedagogical observation being applied. The experiment results demonstrated the effectiveness of national games in physical education classes. The study suggests integrating national games into the curriculum and increasing students' physical activity.

Keywords: national games, physical activity, healthy lifestyle, elementary school, physical education, pedagogy, national education, physical games.

Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» деп көрсетілген.

Бүгінгі күннің білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – индивидтің ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде қалыптасып, дамуына жағдай жасау, оның кәсіби өсуі үшін қажетті орта құру, ана тілін, ұлттық дәстүрлерді қорғау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын жүзеге асыру. Сонымен қатар, қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес терең білім, дағды, білік және құзыреттіліктерге негізделген, өз бағытын қалай анықтауға болатын, тәуелсіз және дұрыс шешімдер қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру. Мұндай қасиеттерді білім алушылардың бойында дамыту мен орнықтыру Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің аса маңызды міндеті ретінде анықталады.

Біздің мемлекетіміздің болашағы – ұлттық және адами құндылықтарды терең түсініп, халық педагогикасынан сабақ алған патриот азаматтар. Бүгінгі жаһандану кезеңінде құндылықтар жүйесі ерекше маңызға ие. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар – адамның ішкі әлемінің өлшемі, оның жақсылыққа ұмтылуы, өзгелерге қамқорлық танытуы, айналасындағы адамдарға мейірімділік көрсетуі, дұрыс өмір сүру жолында ізденуі, өзін-өзі бағалап, әлемді танып-білуі. Баланың жеке тұлға ретінде дамуының басты көрсеткіштері мынандай: жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарлануы, ізгілік, зияткерлік, бастамашылдық, белсенділік, өз-өзіне деген құрмет және сыни көзқарас, тәуелсіз ойлау қабілеті.

Халықтың мәдениетінің, дәстүрлерінің, және моральдық нормаларының жас ұрпаққа ұлттық ойындар арқылы жетуі, әсіресе, балалардың танымдық қызығушылықтарын ойын арқылы дамыту қажеттілігі бүгінгі күннің талабы болып табылады. Себебі, балаларды кішкентай кезінен бастап адалдыққа, өз өлкесі мен ұлтын сүйетін патриоттыққа, салауаттылыққа тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі – ойын. Ойын балалардың дүниетанымын кеңейтетін, оларды адамгершілік қасиеттерге үйрететін тиімді әдіс ретінде қызмет етеді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейін дамуы бойынша кешенді стратегиялық жоспары» [1], Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы [2], «Қазақстан Республикасында білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы» [3], Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» [4] бағдарламалық баяндамасы, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы [5], Назарбаевтың Н.Ә. Қазақстандақтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: Қазақстан халқына жолдауы [6], Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы [7], «Дене шынықтыру және спорт»турaлы Қазақстан Республикасының Заңы [8] ұлттық тәрбие, оның ішінде дене шынықтыру тәрбиесі мәселелерінің шешімін табуға бағытталғандығын айқын дәлелдейді.

Сондай-ақ, ұлттық ойындардың тарихын, олардың балаларды тәрбиелеудегі рөлі мен ұлттық тәрбие аясында қолданылуын қарастырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын жүйеге келтірген ғалымдар қатарында А.А. Диваев, Б. Төтенаев, Қ.И. Адамбеков, Б.М. Досқараев, Ж. Бекбатчаев, Б.А. Тойлыбаев, М. Таникеев, А.С. Иманғалиев, Ә. Бүпкітбаев, Е. Сағындықов, Т. Қуанышов, Ж. Төлегенов және т.б. бар.

Төменгі сынып оқушыларының салауатты өмір салтын ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы дене шынықтыру сабақтарында қалыптастыру деңгейінің жеткілікті зерттелмегендігі айқындалды. Яғни, балалардың салауатты өмір салтын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру

мәселелерін ғылыми-тәжірибелік тұрғыда зерделеу қажеттілігі туындады.


Сонымен, бастауыш сыныпқа енді келген оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ұлттық ойындардың маңызын зерделейтін ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерді, оны дамытудың нақты тәжірибесін талдау барысында төмендегідей қарама- қайшылықтар анықталды:

  • қазіргі қоғам сұранысына сай, дене шынықтыру сабақтарында ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі мен оның педагогикалық негізделуінің жеткіліксіздігі;

  • бастауыш сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық- қозғалмалы ойындарды пайдалану мүмкіндігі мен оның практикада кеңінен қолданылмауы.

Зерттеу пәні, нысаны, әдістері: Бастауыш сынып мұғалімінің ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың белсенділігін арттырудағы қызметі және бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісі. Сонымен қатар, педагогикалық бақылау, сауалнамалар өткізу, диагностика жасау.

М. Жұмабаев: «Баланың дене тәрбиесі мен рухани тәрбиесін қатар алып жүру керек. Себебі баланың алғашқы кездері білінбейтін жан дүниесі, ол өскен сайын біліне бастайды», - деп, баланың танымдық әрекетінің дамуына да назар аударады [9].

Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген Ж.Аймауытов: «Баланы бір нәрсеге үйрететін немесе оған пайдалы да, тиімді дағдыны қалыптастыратын кез – баланың қанына біткен икемі сыртқа шыға бастаған кездегі балалық шағы. Сондықтан, баланың белгілі бір іс-әрекетке ынтасы және құлшынысы пайда болғаннын аңғарсаңыз, дене күшін жаттықтыратын істерді көбірек беріңіздер. Ол мейлі шапшаң есептеу мен санау болсын, тіпті өлең жаттау мен сурет салу болсын, мейлі өсімдік жинау болсын, әйтеуір талпынысын қанағаттандыр, айтқанын орында», - деп ізгілікке тәрбиелеудің сара жолдарын көрсетуге тырысқан [10].


Төменгі сынып оқушыларының ынталары мен дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтары толық қалыптаса қоймағандықтан, олардың қимыл-қозғалыс әрекеттеріне белсенділіктерін арттыру мақсатында қолданылатын ойын элементтерін тиімді әрі ұтымды пайдалану қажет. Сондықтан дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын ойын түрлері сабақтың мақсатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мазмұнына сәйкес болуы өте маңызды. Себебі, дұрыс таңдалған ойындар оқушының жалпы дамуы мен жетілу процесін оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік береді және олар мұғалім үшін маңызды педагогикалық технологиялардың бірі болады.


Ойын барысында оқушылардың белсенділіктері, тапқырлық пен жылдамдық қасиеттері айқын көрінеді, бұл оқушының өз-өзіне сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Оқушы ойын кезінде сезіну, ақпаратты қабылдау, ойлау, назар аудару үдерістерін іске қосып, ерік-жігері арқылы түрлі психологиялық сезімдерді бастан кешіреді. Ойын барысында ол қуаныш сезіміне бөленеді немесе сәтсіз ойын жағдайында көңілсіздік пен ренжу сияқты эмоциялық сезімдерге бой алдырады.

Сондықтан қазақтың ұлттық ойындарын оқу бағдарламаларына енгізу және сабақ барысында тұрақты түрде қолдану — білім берудің қазіргі жүйесінде аса маңызды аспектілердің бірі. Отбасының және достарының қолдауы және оң әлеуметтік нормалар барлық жастағы балалар мен жасөспірімдердің дене белсенділігіне қатысуын ынталандырады. Қоршаған орта дене белсенділігі үшін ынта беруімен қатар кедергі болуы да мүмкін. Мысалы, спортпен айналысу үшін қауіпсіз орындардың қол жетімділігінің аздығы, жаттығу үшін құрал- жабдықтың болмауы, спортпен айналысу құнының жоғарылығы. Мектеп ортасы балалар мен

жасөспірімдерді дене белсенділігімен айналысуға тартуға әсер ете алады. Мектептерде дене шынықтырудың және денсаулық саласындағы білімнің деңгейін арттыру үшін оңтайлы орта құрылатын болса, қызметкерлер дене белсенділігі үшін үлгі болса, дене белсенділігінің пайдасы туралы ақпараттың тиімділігі артатын болса, отбасылар мен қоғамдастықтардың спортпен айналысуға ынтасы молайып, балалар мен жасөспірімдерде белсенді болуға және салуатты өмір салтын ұстануға мүмкіндігі де артады [11].

Эксперимент жұмыстарын жүргізу мақсатында және зерттеу жұмысымның ғылыми болжамына сәйкес, 4- сыныптарда тәжірибелік эксперимент шараларын жүргіздім.

Төменгі сынып оқушыларының дене белсенділіктерін қалыптастыру үшін дене шынықтыру сабақтарында берілетін ұлттық-қозғалмалы ойындарды қолдану мақсатында жүргізген экспериментіміз білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және аталған технологияны тәжірибелік-практикадан өткізуге бағытталды.

Бақылау тобына 4 «А» сыныбынан – 19 оқушы, эксперимент тобына 4 «Ә» сыныбынан

  • 17 оқушы қатысты.

Сонымен, тәжірибемнің анықтау кезеңінің алғашқы мақсаты бастауыш сынып оқушыларының ұлттық-қозғалмалы ойындардың түрлерін білу және оны дене шынықтыру сабағында қолдану деңгейін анықтау үшін оқушыларға төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін сауалнама ұсынылды:

    1. Отбасылық мерекелерде, ата-анаңмен таза ауаға немесе табиғатқа шыққанда ұлттық ойындарды ойнайсыңдар ма?

    2. Отбасыңда ұлттық ойындар және оның адам денсаулығына пайдасы туралы айтыла

ма?

    1. Ұлттық-қозғалмалы ойындардың қандай түрлерін білесіңдер?

    2. Дене шынықтыру сабағында ұлттық қозғалмалы ойындар ойнайсыңдар ма?

    3. Қандай ұлттық қозғалмалы ойынның түрін сүйіп ойнайсың? және т.б.

Сөйтіп, сауалнамаға қатысқан оқушылардың қазақ халқының ұлттық-қозғалмалы

ойындары туралы мағлұматтарының аздығынан ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарының төмен екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Сауалнамаға қатысқан екі сыныптың оқушыларының жауабы талданып, кестеде жауаптарының пайыздық көрсеткіштері берілді. Сауалнамаға екі сыныптан 36 бала қатысты. Сұрақтарға берілген жауаптардың нәтижесінде оқушылардың ұлттық ойындардың асық ойнау, тоғызқұмалақ, күрес сияқты түрлерін ғана білетіндері анықталды. Бұндай жауаптар ұлттық ойынның қандай түрлерін білетіндіктерін анықтау мақсатында қойылған сұрақтар да

болды.

Нақтылап айтар болсақ, жаңартылған білім жүйесі дегеніміз, құзіреттілік пен білім сапасын арттыруға бағытталған бағдарлама. Мұғалім сол арқылы білім беруге арналған қолайлы орта қалыптастырады, сыни тұрғыдан ойланатын болады, зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ақпараттық коммуникативтік технологиялар жетістіктерін қолданады, өз әріптестерімен және оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын табады. Әдістеме дегеніміз - ұстаздың білім беру және үйрету үдерісінде өз алдына жүктеген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сара жол. Жалпы алғанда, педагогика саласында жүйелі түрде қолданылатын әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбие беру әдістемесі. Ал оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаттары бір және бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Әдістеме «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?» және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға

болады?» – деген сұрақтың дұрыс шешімін жәнеоның тиімді жолдарын іздейді [12].

Сондай-ақ, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында үзіліс уақытында ұлттық құндылықтарымыздың бірі «асық ату» ойынын жүргіздім.

Асық ойыны баланың жүйке жүйесін шыңдайды және дәлдікке, ұстамдылыққа және қимыл-қозғалыс үйлесіміне тәрбиелейді.Баланың денсаулығын жақсарту мақсатында шетелдік қымбат дәрі-дәрмекті сатып алғанша, балаға күніне бір сағат асық ойнауға мүмкіндік берсе, оның жүйке жүйесі қалпына келеді, көру қабілеті артады. Асық ойындарын ойнаған баланың ұжымшылдық, бауырмалдық қасиеттері артады, көшбасшылық қасиет пайда болады. Сонымен қатар кез келген істі соңына дейін жеткізіп, достарының алдындағы жауапкершілікті сезінуді түсінетін болады.

Асық ойнаған кезде баланың барлық дерлік мүшелері іске қосылады. Оның қолы, аяғы, қысқасын айтқанда – барлық бұлшықеттері жұмыс істей бастайды. Тіпті йога мен билеген кезде қолданылатын қалыптар қабылданады. Былайша айтқанда, фитнес орталықтарына ақша төлеп барғанша, аулада тегін асық ойнаған пайдалы десе де болады.

Ұлттық қозғалмалы ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділіктерін қалыптастырудың мотивациялық құрамы бойынша бастапқы деңгейлері.

Компонент

Эксперимент тобы, 4 «Ә»

сыныбынан - 17 оқушы қатысты.

Бақылау тобы, 4 «А» сыныбынан

19 оқушы

төмен, %

орта, %

жоғары, %

төмен, %

орта, %

жоғары, %

Мотивациялық

41%

7 оқушы

48%

8 оқушы

11%

2 оқушы

21%

4 оқушы

53%

10 оқушы

26%

5 оқушы

Кесте 1 – бастауыш сынып оқушыларының ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы белсенділіктерін қалыптастырудың мотивациялық құрамы бойынша бастапқы деңгейлері


Компонент

Эксперимент тобы, 4 «Ә»

сыныбынан - 17 оқушы қатысты.

Бақылау тобы, 4 «А» сыныбынан

19 оқушы

төмен, %

орта, %

жоғары, %

төмен, %

орта, %

жоғары, %

Мотивациялық

7

33

60

11,1

55,6

33,3

Кесте 2 – бастауыш сынып оқушыларының ұлттық-қозғалмалы ойындар арқылы белсенділіктерін қалыптастырудың мотивациялық құрамы бойынша эксперимент аяқталған кездегі деңгейі.

Бастауыш сынып оқушыларыңда салауатты өмір салты дағдыларын ұлттық ойындар арқылы қалыптастыру – аталған мәселенің зерттелетін бағыты болуы керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республиксының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары: 2018 жылдың 15 ақпанда, №636 бекітілген // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/T1800000636. 26.05.2018.

      2. Қазақстан Республикасының Заңы. Білім туралы: 2007 жылдың 27 шілдесі, №319 қабылданған // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/. 06.07.2018.

      3. Қазақстан Республикасында білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы // https://ped.kz. 10.10.2018.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев. Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар: атты бағдарламалық мақаласы – Астана, 2017, сәуір – 12 // https://www.akorda.kz/kz/events/akorda. 23.11.2018.

      5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев. Ұлы даланың жеті қыры: мақаласы // https://www.akorda.kz/kz/events/. 27.01.2019.

      6. Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. Қазақстандақтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру: Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2018, қазан // https://www.akorda.kz/kz/. 20.02.2019.

      7. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев. Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі: Қазақстан халқына жолдауы. – Астана, 2020, қыркүйек // https://www.akorda.kz/kz/ 02.09.2020.

      8. Қазақстан Республикасының Заңы. Дене шынықтыру және спорт турлы: 2014 жылдың 3 шілдесі, №228-V ҚРЗ қабылданған // http://adilet.zan.kz/kaz/ docs/Z1400000228. 07.01.2018.

      9. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі, 1992. 160 б.

      10. Аймауытов Ж. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1989. 272 б.

11Шарманов Т. Оқушылардың денсеулығын нығайтуға ықпал ететін мектеп ортасын қалыптастыру бойынша нұсқаулық. – Алматы 2017

12 Сармантаев А., Ануар С., Смагулов С.К. Формирование познавательной активности школьников посредством национальных игр // Инновационная наука. – 2019. – №2. – С. 1



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2024
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі