400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық құндылық - тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тиімді әдістерді қолдана отырып, заман талабына сай білім беруде өзара ынтымақтастыққа жүргізу арқылы оқушыларды рухани құндылықтарымызды бағалай білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылық-тәрбиенің түп қазығы


Тәрбие іс - әрекетінің тақырыбы: Қазағымның ұлттық құндылықтары

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты:Болашақ қазақ халқының ұрпақтарына еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.

Бала тәрбиесі дәстүрлерінің өзекті   негіздері: тілі мен діні, тарихы мен салт-дәстүрі, рухани-мәдениетке тәрбелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу.

Ұлттық рухының кемелдене түсіп, туған халқына қызмет ету бағытындағы  парыздылық қасиетінің  қалыптасуына бағдар беру.

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің түрі: тәрбие сабағы

Көрнекілігі: бейне материалдар, слайдтар, ойынға қажетті құралдар


Сабақ барысы.

1)Ұйымдастыру кезеңі:

1)Амандасу,түгелдеу,топқа бөлу.

2)Шаттық шеңбері

Текшелер арқылы домбыра және қобыз болып 2 топқа бөліну. (Топ басшысын сайлау, топты қоғау)

2)Жаңа сабақ

-Балалар, қалай ойллайсыңдар ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

-Бір ұлтты екінші ұлттан ерекшелеп тұратын не?

-Дұрыс айтасындар, балалар әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады.


1-тапсырма Сұрақ-жауап

Ұлттық көне баспанамызды қалай аталады?

Киіз үйдің құрылымымен кім таныстырады?

Киіз үйді немен жабдықтаймыз?

Ұлттық баспанамызды кімдер пайдаланған?



Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек. Егер халық өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, ол халық – «ұлт» деп саналмайды. Сондықтан әр ұлт өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтауға тырысады, әрі қорғайды. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойындарының біреуі – асық ойыны. (слаид)

Асық ойнау: баланың ойлау қабілетін дамытады, адамдармен тез тіл табыса білуге үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне көмектеседі, таза ауада тері жасушалары ашылып, ағза тынығады.

Ал, қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, осы уақытқа дейін жетіп отыр. Баланың таза болуы, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, баланың ана құрсағынан жарық дүниеге келген соң табиғи өсуіне әсер етеді. Жапонның әйгілі медицина ғалымы Гау Щияу Иде Илаң қазіргі заманғы озық аспаптарды қолдана отырып зерттеу жүргізген. Оның зерттеуі бойынша «сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында жүріп тербеліске түседі. Алайда өмір есігін ашқан соң жарық дүниеге бірден үйлесе алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай әлдилеп, тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасайды. Міне, қазақ халқының ұлылығы, осы процестерді өзінің өміріне пайдаланып, бала жарық дүниеге бейімделгенше, бесікке бөлеп, тербетіп отырған.

Осыған орай қазағымыздың тағы дай қандай ұлттық құндылықтары бар екенін алдарыңызда тұрған QR кодтарын қарап, берілген суретті анықтап беру керексіздер.

2-тапсырма.

3-тапсырма «Аквариум» әдісі арқылы бөтелкенің ішінде жазылған сөздерді жазып алып, ұлттық рухани құндылықтарды іріктеп алу.

Жаңа сабақты бекіту (слаид)

«Кім жылдам» ойыны.

Ойынның шарты: 2 топ нұсқаушы көрсеткен смайликтер арқылы мақал-мәтелді тауып айтады.

Қорытынды.

Қазіргі ұрпақтың, ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13.06.2024
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі