Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Сапабекова Акзада Салимжановна
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»
«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,
Өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
(мақал)
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.Ұлттық құндылықтар адамның табиғи, тарихи және әлеуметтік бірлігін қамтамасыз ететін этникалық ортада дамиды. Ұлт тәрбиесін келешек ұрпақтың бойларына сіңіретін, өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие ортасы –мектеп.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелегіміз келсе – ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда әр мұғалім сабақ үрдісінде ұлттық құндылықтарды пайдаланып, білім алушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін ұлттық ойындарыды қолданғаны абзал.
Мен - бастауыш сынып мұғалімімін. Бастауыш сынып білім алушылары әр күні қызықты әдіс-тәсілдер мен қозғалмалы ойын түрлерін пайдаланып өткізілген сабаққа белсене қатысады. Өзімнің күнделікті сабақтарда қолданып жүрген ұлттық құндылықтарды тиімді қолданудың жолдарын көрсету мақсатында әріптестеріме шебер сынып өткіздім.
Шебер сыныптың мақсаты: Ұстаздардың өскелең ұрпаққа ұлттық қадір-қасиетті, имандылық пен инабаттылықты, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетудің маңызын түсіндіруге, сабақ барысында ұлтымыздың құндылықтарын білім алушылардың бойында қалыптастыруға бағыт беру.
Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан басталады. Сондықтан, сабақ барысында әр баланың бойына отбасы құндылықтарын сіңіре алуымыз керек. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерлерінде сол құндылықтарды сақтап жүретіні белгілі. Шебер сынып барысында әріптестеріме отбасы мүшелерінің бірлесіп жасайтын бірнеше жұмыс түрлерін біріктіретін әдісті «Біз біргеміз» айдарымен жасатып алдым. Әріптестеріме ұлттық құндылықтардың қандай түрлерін тиімді қолдануға болатыны туралы түсініктеме беріп, қолдан жасалған бұйымдармен әдістерді көрсеттім. Мысалы: «Шаңырақ» , «Көкпар» , «Қызықты киіз үйлер» әдістерін қолданып, түрлі тапсырмаларды орындаттым. Бұл құндылықтарды ойын түрінде қолдана отырып, білім алушылардың есте сақтау қабілеттерін, тіл ұстарту дағдыларын қалай дамытуға болатынын түсіндірдім.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын үлкен міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні белгілі. Олай болса, өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа аламыз деген ойдамын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің
Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Сапабекова Акзада Салимжановна
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы»
«Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме,
Өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»
(мақал)
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.Ұлттық құндылықтар адамның табиғи, тарихи және әлеуметтік бірлігін қамтамасыз ететін этникалық ортада дамиды. Ұлт тәрбиесін келешек ұрпақтың бойларына сіңіретін, өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие ортасы –мектеп.
Мектеп қабырғасынан бастап ұрпағымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелегіміз келсе – ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуіміз керек. Осы орайда әр мұғалім сабақ үрдісінде ұлттық құндылықтарды пайдаланып, білім алушылардың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыру үшін ұлттық ойындарыды қолданғаны абзал.
Мен - бастауыш сынып мұғалімімін. Бастауыш сынып білім алушылары әр күні қызықты әдіс-тәсілдер мен қозғалмалы ойын түрлерін пайдаланып өткізілген сабаққа белсене қатысады. Өзімнің күнделікті сабақтарда қолданып жүрген ұлттық құндылықтарды тиімді қолданудың жолдарын көрсету мақсатында әріптестеріме шебер сынып өткіздім.
Шебер сыныптың мақсаты: Ұстаздардың өскелең ұрпаққа ұлттық қадір-қасиетті, имандылық пен инабаттылықты, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетудің маңызын түсіндіруге, сабақ барысында ұлтымыздың құндылықтарын білім алушылардың бойында қалыптастыруға бағыт беру.
Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан басталады. Сондықтан, сабақ барысында әр баланың бойына отбасы құндылықтарын сіңіре алуымыз керек. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерлерінде сол құндылықтарды сақтап жүретіні белгілі. Шебер сынып барысында әріптестеріме отбасы мүшелерінің бірлесіп жасайтын бірнеше жұмыс түрлерін біріктіретін әдісті «Біз біргеміз» айдарымен жасатып алдым. Әріптестеріме ұлттық құндылықтардың қандай түрлерін тиімді қолдануға болатыны туралы түсініктеме беріп, қолдан жасалған бұйымдармен әдістерді көрсеттім. Мысалы: «Шаңырақ» , «Көкпар» , «Қызықты киіз үйлер» әдістерін қолданып, түрлі тапсырмаларды орындаттым. Бұл құндылықтарды ойын түрінде қолдана отырып, білім алушылардың есте сақтау қабілеттерін, тіл ұстарту дағдыларын қалай дамытуға болатынын түсіндірдім.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын үлкен міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесі. Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы. Бұл қазына ұлттық құндылықтар арқылы бала бойына сіңетіні белгілі. Олай болса, өскелең ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа аламыз деген ойдамын.
шағым қалдыра аласыз













