Ұлттық құндылық- ұлт болашағы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылық- ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучер

Жамбаева Б.М

Тақырыбы:

Ұлттық құндылық- ұлт болашағы

Мақсаты:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Құндылық туралы өз ойларын ортаға салады;

  • Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;

  • Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;

  • Құндылықты сабақ барысында қалай қолданып жүргендігі жайында тәжірибе алмасады.

  • Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;

Дереккөздер

Видеолар, https://courses.qundylyq.kz/, таныстырылым, ғаламтор материалдары, А3, А4 қағаздары, маркерлер,

Өту барысы

Кезеңдері:

Уақыты

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Тренинг



Топқа бөлу








10 м

Сергіту сәті «жұмсақ шеңбер»

Лента арқылы ойнайтын ойын

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру, топта жағымды ахуал қалыптастыру.


Осылай кеспе қағаздардағы жазуға байланысты 3 топқа бөлінеді.

І. Ынтымақтастық (көк түс)

ІІ. Адалдық (ақ түс)

ІІІ. Табандылық (сары)

Тақырыпқа ену


«Құндылық» дегеніміз не?


Біздің ойымыз бен мінез құлқымызды басшылыққа алатын принцип.


5 мин

«Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасының білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

ҚР БҒМ 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауы

құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

БҰҒАН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТТІЛІК ТУЫНДАДЫ?

Қазақстан Республикасы білім алушыларын тәрбиелеудің қазіргі жағдайына талдау
«Рухани Жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» (2019) бағдарламаларын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес, оқушылардың денсаулығының барлық аспектілері бойынша (адамгершіліктік, физикалық, психологиялық, әлеуметтік) жүйелі төмендеуі байқалады: кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстың өсуі; ішімдік ішу, темекі шегу, есірткі тарту қиянаты; өз өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюі; жыныстық қатынасқа ерте түсу; түрлі бағыттағы діни көзқарастың көбеюі және басқалар.
ЮНИСЕФ-тің 2017 жылғы зерттеуінің деректері бойынша, Қазақстанда оқушылардың үштен екісі оқушылардың немесе мұғалімдердің тарапынан зорлық-зомбылыққа тап болғанын немесе оған куә болған. Ішкі істер органдарының есебінде жыл сайын 7 мыңға жуық кәмелетке толмағандар және жағдайы төмен 10 мың отбасы тіркеледі. 3 мыңнан астам бала қылмыстық құқық бұзушылық жасайды. 2018 жылы балаларға қатысты 2125 қылмыс жасалса, 2277 кәмелетке толмаған бала құрбан болды (2017 жылға қарағанда 5,5% – ға жоғары).

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының өсуі сақталып отыр (2018 жылы балалардың арасына өз-өзіне қол жұмсауының 178 жағдайы болды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,6 %-ке жоғары).
Жоғарыда келтірілген деректер Қазақстан оқушыларына тәрбие беру жүйесіндегі қауіпті, алаңдатарлық статистиканың бірнеше мысалын ғана қамтиды. Тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздеріне (2019) сәйкес, жақын болашақта ұлттың денсаулығына, оның зияткерлік әлеуетіне, бәсекеге қабілеттілігіне және жалпы елдің ұлттық қауіпсіздігіне әсер етпей қоймайды. Сондықтан, білім беру ұйымдарында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан кемшіліктерді жеңетін жаңа тәжірибе қажеттілігі туындайды.

Бағдарламаны ұйымдастырудың принциптері

Құндылықтарға негізделген білім беруді ұйымдастырудың келесі принциптері, бағдарламаны жүзеге асыру барысында сақталуы міндетті болып табылатын бастапқы және маңызды ережелер болып саналады:

 ізгілік принципі – білім алушының еркін даму құқығының, ішкі адамгершілік дүниесінің неғұрлым толық дамуын мойындау;

құндылықты бағдар принципі – білім алушылар мен мұғалімнің адамгершілік тәрбиесіне бағытталған құндылықтандыру;

шынайылық принципі – білім алушы адамгершілік әрекеттің субъектісі ретінде шынайы өмірде мәдениетке жетуінің жолын өздігінен таңдайды;

рефлексивті бағдары принципі – мұғалім білім алушылардың ойын, сезімдерін және іс-әрекеттерін дұрыс түсінуге және мақсатты түрде реттеуге ұмтылады;

cубъектілік принципі – педагог білім алушы қабілетінің дамуына, басқа адамдармен және алуан түрлілігін қоса алғандағы әлеммен байланысындағы өзінің «Менін» түсінуіне, өз әрекеттерін ұғынуына, өзінің және басқа адамдардың тағдыры үшін де олардың себеп-салдарын алдын-ала болжауына, өзін білімнің, сонымен қатар өз таңдауының субъектісі ретінде бағалауына барынша көмектеседі;

ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕРІ БАР?

1) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, тұлғаны патриотизмге, Отанына адал қызмет етуге және оның мүдделерін қорғауға тәрбиелеу;
2) Тұлғалық қасиеттерді дамыту; бәсекеге қабілеттілікті, сын тұрғысынан ойлауды және функционалдық сауаттылықты, проблемаларды өздігінен шешу қабілетін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау;
3) Білім алушыларды еңбекқорлыққа жетелей отырып, бойында өзін-өзі тану, өз-өзіне баға беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен даму, әлеуметтік жауапкершілік және әлеуметтену дағдыларын қалыптастыру;
4) Білім алушылардың да, ұжымның да табыстылығын және денсаулығы мен жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету үшін, мектептің эмоционалды ахуалын жақсарту, білім беру ортасын дамыту;
5) Оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың қатысу рөлін арттыру;

Таңдауға төмендегі құндылықтар тізімі ұсынылады.
1) Патриотизм
2) Ұлттық құндылықтар
3) Құрмет
4) Ынтымақтастық
5) Жауапкершілік
6) Адалдық
7) Еңбекқорлық
8) Тазалық
9) Кішіпейілділік
10) Әділдік
11) Денсаулық
12) Батылдық
13) Жомарттық
14) Табандылық
15) Сүйіспеншілік
16) Эмпатия
17) Әдептілік
18) кемелдену


1.Бағдарламаны жүзеге асырудың ең басты шарты – үлгі, өнеге болу.
2. Ұжым мен ата-ананың бір мақсатта бірлесе жұмыс жасауы.
3. Сабақтарды берілген құндылықтарға сәйкес өткізуі.
4. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс.



2 мин

1. Ынтымақтастық «Көк тудың желбірегені»

2. Адалдық «сынақ»

3. Табандылық «Әй, Чу-Чу»

Бейнекөріністі қарап, өз пікірлерін қосады



Проблеманы анықтау кезеңі

10 м

Сұрақ

1-топқа: Нәтижеге жету үшін ең бірінші не қажет деп ойлайсыздар?



2-топқа: «Адалдық — ардың ісі» (халық даналығы) Сіз қалай ойлайсыз?
-Адалдық тек өз ісіне жауап берумен шектеле ме?
-Ар-намысты биік ұстау үшін не істеу қажет?
-Адамның адал болуы өзіне байланысты ма, қоғамға тәуелді ме?
-Әділдікті мойындау неліктен қиын әрекет?

3-топқа: Сіз өміріңізде алған шешіміңізді соңына дейін жеткіздіңіз бе? Қандай кедергілерге тап болдыңыз? Мақсатқа жеткендегі сезіміңіз қандай болды?

Өз ой пікірін айтады







«Кері байланыс сәті» әдісі

Мақтау, ұсыныс, мақтау

Топтар бір-біріне кері байланыс береді.


Кері байланыс

10 м

«Үш және мен» әдісі

1. Мен үшін маңызды үш мәлімет

2. Мен үшін тәжірибеме қажетті екі мәлімет

3. Мен үшін ойландыратын бір сұрақ

Мұғалімдер коучингтен алған әсерлерін, ненің ұнағанын, тиімді жақтарын және айтар ұсыныстарын жазып қалдырады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
209
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі