Ұлттық құндылық-ел қазынасы.
Мақсаты: Болашақ ұрпағымызға еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру.
Ұйымдастыру кезеңі:
Саламатсыңдар ма балалар.
Сәлем сөздің анасы демекші кәне балалар келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері:
Бір шаңырақ астында ,
Тату,тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Армысыңдар қонақтар,
Қош келдіңдер апайлар.
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Ұлттық құндылық-ел қазынасы» деп аталады.
Балалар қалай ойлайсыңдар ұлттық құндылықтар дегеніміз не?
Балалар :Біздің салт дәстүріміз,рухани мұрамыз.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары еліміздің рухани байлығы.
Жарайсыңдар енді балалар екі топқа бөлінеміз .Сандық тобы және киіз үй тобы болып.
Қазір “Кім тапқыр” ойынын ойнаймыз.
Мынау балалар не ?
Балалар :Қоржын.
Осы қоржын ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.
Асықтағы тапсырмаларды орындайды.
-
Сұрақ.Ұлттық тағамдарымызға қандай тағамдар жатады?
-
Сұрақ.Ұлттық әшекейлеріміздің атын атап бер?
-
Сұрақ.Ұлттық салт дәстүрлерімізді атап бер?
-
Сұрақ.Ұлттық ойындарымызға қандай ойын түрлері жатады?
-
Сұрақ. Ұлттық салт дәстүрлерімізді атап бер?
-
Сұрақ.Ұлттық аспап түрлерін атап бер?
Ұлттық құндылықтарымызға :Ұлттық киімдеріміз,ұлттық тағамдарымыз,ұлттық ыдыстарымыз,ұлттық аспаптарымыз,ұлттық ою өрнектеріміз,ұлттық жиһаздарымыз,ұлттық әшекейлеріміз,ұлттық ойындарымыз, ұлттық салт дәстүрлеріміз жатады екен.Балалар ұлттық құндылықтарымызды ата бабаларымыз өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып пайдаланып,дамытып, ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған.Балалар біз осы қазақ халқының салт дәстүрлерін сақтап , қорғауымыз керек. Балалар біз «Мәңгілік ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап қорғай білуіміз керек.Ұлттық құндылық –ұлтымыздың тірегі.
Ойын: “Даналық” ұлттық ойын.
Тосын сәтке: Айсұлу жылап келеді.
Сәлеметсіңбе неге жылап жүрсің ? Атың кім сенің?
Айсұлу: Мен адасып қалдым .Менің әжеме барғым келеді.
Балалар біз Айсұлуға көмектесейік, әжесіне апарайық. Айсұлудың әжесіне бару үшін біз сиқырлы кілеммен ұшамыз.
Ой балалар қараңдар біз әженің ауылына келдік.Кәне біріміз бірге ән айтып барайық.
Көшіп жүрген аспанда
Келіп қалдық угай ай,
Өлең айтып берейік .
Әжемізге угай ай,
Угай ай,угай әніміз.
Арпа бидай дәніміз,
Ашық болсын аспаным ,
Сәтті болсын күніміз.
Әже :Амансыңдар ма балалар.
Балалар: Амансыз ба әже.
Айсұлу: Әжетай әжетай мені кешірші.
Әже : Жарайды кешірем ғой құлыным.Енді ақылды қыз болғын.Мені енді тыңдап жүргін.Ой балалар келіңдер қонақ болыңдар отырыңдар.
Тәрбиеші: Амансыз ба әже .Ауылыңыз өте әдемі екен. Әже сіз балаларға қазақ халқымыздың ұлттық құндылықтары жайлы айтып берсеңіз.
Әже :Жарайды .Балалар мынау менің отырған үйім киіз үй деп аталады.Бұл киіз үйді кезінде ата әжелеріміз паналаған. Киіз үй қыста суықтан қорғайды жазда ыстықтан сақтайды.Киіз үйдің іші ағаштан жасалған ,жабдықтары киізден жасалған және ою өрнектермен жабдықталған.
Балалар киіз үйдің ішінде қандай заттар бар екенін білесіңдер ме?
Мынау қандай зат екен ? Домбыра.
Бұл ұлттық аспап домбыра.
Домбыра қазақтың асыл қазынасы.
Домбыра -қазақ халқының төрінде ілулі тұрады.
Әже:Бұл не зат екен? Сандық.
Бұл сандық.Сандық киіз үйдің ағаш жиһаздарының бірі.
Сандыққа киім кешек,асыл бұйымдар салынады.
Сандық ағаштан жасалады.Сандықтың беті ою өрнектермен безендіріледі.
Әже: Бұл қандай зат?
Құрақ төрге төсейтін көрпеше.
Құрақ көрпеше-үйдің сәні , мата қиындыларынан тігіледі.
Ою құрақ көрпешелер үйдің төріне жиналады.
Бұл бесік.Бесік нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.Өмірге келген сәбиді бесікке бөлейді.Әжелеріміз сәбиді бесік жырын айтып ұйықтатады.
Бұл жүнен тоқылған тоқыма кілем.Кілем тоқу ертеден келе жатқан қол өнер.Тоқыма кілем жүнен ою өрнек салынып тоқылады.
Балалар қараңдаршы бұл қазақ халқының ұлттық киімдері.Ұлттық киімдер әдемі ою өрнектермен әшекейленіп тігілген.Осы ою өренктер арқылы ұлттық киім екенін білеміз.
Бұл ағаштан жасалған күбі.Күбіге айран құйып шайқап май пісіп алады.
Әже :жарайсыңдар балалар .Бұл заттардың барлығы ұлттық құндылықтарымызға жатады.Ұлттық құндылықтарымыз еліміздің қазынасы екен.
Мынау киіз үйдің жанында нелер бар екен білесіңдер ме?
Сиыр ,қой ,жылқы,түйе бар екен.
Балалар сиырдың төлін не деп атаймыз? Бұзау.
Қойдың төлін не дейміз? Қошақан.
Жылқының төлін не дейміз?Құлыншақ .
Түйенің төлін не дейміз? Бота.
Ой қандай тапқыр балалар екенсіңдер жарайсыңдар.
Мен Айсұлу қызыма бірнеше тапсырмалар берген едім .Айсұлу тапсырмаларды орындамапты сендер маған көмектесесіңдер ме балалар.
-
Тапсырма.
Сырмақ басамыз.
Бұл сырмақ балалар киіз үйдің ішінде төселетін төсеніш.
Осы сырмаққа әдемілеп оюды баудың көмегімен басып шығамыз.Олай болса бастаймыз.Оюды әдемілеп басып шығамыз.
Каусар оюдың аты қалай аталады.Қошқар мүйіз деп аталады.
Дұрыс айтасың.
-
тапсырма.
Қыз қуу.
-
Тапсырма.
Киіз басу.
Балалар біз бүгін осы жүнен сабын суды қолдана отырып киіз басамыз.Киіз басу бұл біздің ата бабаларымыздан қалған қол өнер.Ал енді жүніміздің үстінен матамызды төсеп сабынды суды қолданамыз.Сабынды суды тегіс шашып шығамыз.Балалар біз қолданып отырған жүн жануар терісінен алынған табиғи матирал.Балалар жүнмен жұмыс жасап жатқанда жүнді аузымызға мұрнымызға салмаймыз,сабынды суды көзімізге тигізбейміз.
Кәне балалар тегіс шашып шығамыз.Киіз басу біздің әжелерімізден ұмытылып қалған қол өнер,соны біз қайтадан жанғырту үшін қазіргі технологияны қолданып жатырмыз балалар.Кәне сабынды суды тегіс шашып басамыз.Біздің әжелеріміз қол шаруашылығында ең көп қолданатыны қоймен түйенің жүнін қолданған.Және де осы қой жүнінен әжелеріміз жіп жасап әр түрлі киімдер бас киімдер тоқыған.Жүн тоқылған киімдер өте жылы ,жұмсақ болады.Киіз басу технологиямызда қол маторикасын дамытады және біздің алақандарымызға массаж болады екен.Тегіс су шашып басамыз.Ал енді қысып ораймыз және қатты басып қысамыз. Киіз басу осылай жасайды екенбіз. Жүндеріміз бірікті ме. Жарайсыңдар балалар. Енді жайлап ашамыз үстіне оюымызды қоямыз. Бетін матамен жауып сабын су құйып басамыз.Қайтадан ораймыз қысып. Енді үстіндегі матамызды ашамыз өте әдемі шығыпты киізіміз.Енді көрмемізге қойсақ болады екен. Балалар біз нені қолдандық.Қолымызды сүртеміз.
-
тапсырма.
“Бес асық”
Айсұлу: Рақмет балалар сендердің маған көп жәрдемдерің тиді.
Ал балалар біз бүгін көп тапсырмалар орындадық әжеміз бізге риза болды.
Әже: Ой балалар өте өнерлі балалар екенсіңдер ,өркендерің өссін жорытқанда жолдарың болсын рақмет сендерге.
Балалар біздің бала бақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды .Қайтайық әжемізге не деп айтамыз.Сау болыңыз .
Әже :Сау болыңдар балалар.
Ал балалар еді кілемшеге отырып бақшамызға қайтамыз.
Балалар біз сендермен қайда бардық?
Біз немен бардық?
Әженің тапсырмаларын орындадық па?
Жүнен не жасадық?
Жарайсыңдар балалар сендарге бүгінгі оқу іс әрекет ұнаса керемет деп айтамыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық құндылық ел қазнасы

шағым қалдыра аласыз