400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұллтық құндылықтар туралы түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің түп қазығы

Тәрбиеші: Тұрарбек Айкерім Жомартқызы

Құндылық дегеніміз не?

Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға: достық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды адам бойындағы ізгі қасиеттер жатады.

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан - ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы.

Ең бірінші кезекте, әрине, құндылықты сөз еткенде – тәуелсіздік және тарихи танымынан бастап, Тәуелсіздіктің арқасында, қазақ елін, Қазақстан халқын әлем танып мойындағаны сөз етілді. Тарих – тәрбиеші, ұлттың бағдары, жол сілтеушісі. Тарихы бекем жасалған халық дұрыс бағыт алады. Бірегей көп томдық мемлекеттік тарихымызды өзіміз жазбай ұлттық құндылықтарымызды орнықтыра алмаймыз. Себебі, Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп, өркен жаяды. Әрбір мемлекет рухы таза, санасы биік, білімді де білікті ұрпағынан қуат алады. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – еңселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни, жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Осы орайда балабақшамызда ұлттық құндылықтарға баса назар аударылып, әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттерге ұлттық ойындарымыз бен нышандарымызды кіріктірудеміз. Балаларымызды ұлттық оюлармен таныстырып қана қоймай оның мәні мен мағынасына терең үңіліп шығу тарихымен таныстырып, тіпті соған сай би қимылдарын да жасап жатырмыз.

Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошақ қасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелесек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз. Әкесі мен баласы, қызы мен анасы арасындағы жарасты қарым-қатынас отбасындағы ұлттық дәстүрді берік ұстанудың бір жолы. Қазіргі кезде ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында балабақша аясында «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі» құрылған. Ол жерде балабақша мен отбасы арасындағы сабақтастықты сақтай отырып, баланың бойына әкенің абыройын, ананың мейірімділігін, әженің даналығын дарыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан ертеңгі болашағымыздың бойына бүгіннен бастап ұлтжандылық, тарихын сүю және құрметтеу сынды ізгі қасиеттерді терең сіңдіріп тәрбиелейік.

(319сөз)

Балабақша меңгерушісі: Бұхарбаева Г.Ж.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі