400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие мен білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты

«Бәйтерек» бөбекжайының музыкалық жетекшісі

Абжанова Жанар Бахтыбаевна


ЭССЕ

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»


Ұлттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Балалардың патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық құндылық көздерімен сусындата тәрбие мен білім беру қажеттігі туындап отыр. Осы мәселені іске асыру үшін болашағымыздың рухани дамуын дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Халқымыздың орасан зор адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен, қонақжайлылығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен, көрегендігімен ерекшеленетін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, мол мәдени, рухани мұраларын сақтап, оны заман өткен сайын еселеп жаңғырта түсетін қырларын балаларға ұғындыра мектепке дейінгі білім беруді негіздеу қажеттігі айқын.

Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.

Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. 

Мақсатым:  балалардың ұлттық сана-сезім қалыптастыру, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу қызметі мен тәрбие шарасына негізделген жоспарда ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұрамызды насихаттауды басты назарға аламын. Осыған орай  біз ұлттық құндылықтардың қайнар көзі ретінде қазақ халқының тарихи мәдениетін, ұлттық мұрасын, ұлттық тәрбиесін негізге аламын. Ата-бабамыздың ұрпақтан ұрпаққа жеткен ұлттық мұрасын бағдарлама мазмұнына және балалардың жасына лайықты әдістерді қолданамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
35 ұстаз жүктеп алған
24.04.2024
1699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі