400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.«Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы».

Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Көрнекілік:Слайдтар

Құрал жабдықтар:мейірімді жүрек,үлестірмелі қағаздар,смайлик               

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: амандасу, шаттық шеңбері(слайд):

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Топқа бөлу: өлең жолдары арқылы 2 топқа топтастыру.

Сабағымызды бастамастан бұрын 2 топқа ереже көрсету(слайд)

Мұғалімнің кіріспе сөзі(құндылық турулы түсінік беру)

Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Сондықтан ұлттық құндылықтар сол ұлттың меншігі болып есептеледі..

Негізгі бөлім:

1.Мақалдарды дұрыс құрастыру;

2.Тыйым сөзді жалғастыр;

3.Қазақтың құнды өсиеттері;

4.Жағдаяттарды шешу.


1. Мақалдарды дұрыс құрастыр.


*Туған жердің қадірін ..........(шетте жүргенде білесің),

* Намысы бар жігіттің...........(нар күшіндей күші бар),

* Талабы жоқ жас - .............(қанаты жоқ құс),

* Ақылды өзінен көреді........(ақылсыз ағайыннан көреді),

* Жақсының айтқаны келмейді...........(жаманың сандырағы келеді).


2.Тыйым сөздерді жалғатыр.


*Бос бесікті............... (тербетпе)}

*Нанды бір қолмен…………..(үзбе)
*Жағыңды……………………….(таянба)

*Су шашып……………………….(ойнама)

*Пышақты шалқасынан……..(қойма)

*Бас киіммен……………………. (ойнама)

*Адамды……………………………(айналма)

*Малды……………………………..(теппе)

*Отпен……………………………….(ойнама)

*Түнде суға…………………………..(барма)


3.Қазақтың құнды өсиеттері.


Жеті қазына                                  Жеті ата                        

Ер жігіт                                         1. Бала                        

Сұлу әйел                                      2. Әке                      

Ақыл, білім                                   3.Ата                           

Жүйрік ат                                      4.Арғы ата             

Қыран бүркіт                                5. Баба                         

Берен мылтық                               6. Түп ата                     

Жүйрік тазы (ит)                           7. Тек ата 

                    

Үш арсыз                                Үш тәтті                             

1. Ұйқы арсыз                            1. Жан тәтті

2. Күлкі арсыз                            2. Мал тәтті

3. Тамақ арсыз                           3. Жар тәтті


4. Жағдаяттарды шешу.


*Саған досың өкпелі.Неге екенін білмейсің.2 күн болды сені көрсе қашқақтайды.Сен не істейсің?

*Анаң сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды.Қандай шешім қабылдар едің?

*Сенің жақсы көретінзатыңды бауырың байқаусыз бүлдіріп алды.Не істейсің?


Қорытынды: ХХІ ғасырдағы қазақ ұрпағының міндеті – экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылығымызды қорғап, дамытып, сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер ұлттық құндылығымызды сақтай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Жаһандануға жұтылып кетпей, президентіміздің алдыға қойған мақсаты «Мәңгілік Ел» болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтап, қорғай білуіміз керек. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі !






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
33 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
17285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі