Материалдар / «Ұлттық құндылықтар» ( «Алты қалпақ» әдісі)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық құндылықтар» ( «Алты қалпақ» әдісі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2925
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар» ( «Алты қалпақ» әдісі)

Мақсаты: Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын білдіру”.


Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, плакаттар, слайдтар, маркерлер, стикерлер.


Барысы: І. Кіріспе


- Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Алты қалпақ» атты семинарға қош келдіңіздер!


(Мұғалімдерді түрлі-түсті шляпалар арқылы топқа бөлу. Шешім қабылдау үдерісінде мұғалім үшін ең маңыздысы уақыт шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады)


Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісі – ақпараттың, қандай салаға қатысты екендігіне қарамастан (ғылыми таным, білім беру, тұлғааралық өзара әрекет) барынша обьективті қабылдауға арналған практикалық дағдыларды игерудің қарапайым да тиімді тәсілі.


Эдвард де Боно кім?


Эдвард де Боно 1933 жылы Мальтада дүниеге келген. Мальта университетін бітіргеннен кейін, Оксфордта психология, физиология және медицинаны зерттейді, сонан кейін әлемнің озық - Оксфорд, Кембридж, Лондон және Гарвард университеттерінде қызмет атқарды.

Эдвард де Боно – әлемде креативтілік және ойлау дағдыларына оқыту саласындағы танымал сарапшы, бүйірлік ойлау тұжырымдамасының және соған негізделген бизнес-тәжірибеде, шығармашылық жұмыста және оқытуда қолданылатын «Ойлаудың алты қалпағы», CoRT, Direct Attention Tools, т.б. әйгілі әдістемелердің авторы, британдық психолог, жазушы.


ІІ.Негізгі бөлім


Теория кезеңі: «Ойлаудың алты қалпақтары» әдісі мынадай-


Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»


Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.


1-тапсырма: тақырыптың ұлттық дәстүріміз төңірегінде болуына орай, әр топқа ұлттық нақыштағы тапсырмалар беріледі.


«Ақ қалпақ» – киіз үйдің қаңқасы, құрал – жабдықтары (шаңырақ, кереге, уық, басқұр, сырмақ, текемет т.б) Ақ қалпақтылар киіз үйдің қай уақытта пайда болғанын, қай жылдары қалай пайдаланғаны, сонымен қатар, қазіргі таңда қолданыста барын айтып өтеді.

«Қызыл қалпақ» – Ұлттық ойындар (көкпар, тоғызқұмалақ, алтыбақан, ханталапай, қыз қуу, күрес, арқан тартыс т.б) Әр ойынның астарында әр түрлі ой – мағына жатыр. Мысалыға: қыз қуу дәстүрлі ойыны – махаббатың, пәктіктің символын білдіреді.

«Қара қалпақ» - Ұлттық киімдер (шапан, кимешек, камзол, құлақшын, мәс, бешпет, кәжекей т.б) Қара қалпақтылар ұлттық нақыштағы киімдеріміздің жағымсыз жақтарын айтып өтеді.

«Сары қалпақ» - Ұлттық ыдыс – аяқтар (зерен, торсық, ожау, саба, мосы, т.б) Ұлттық нақышта безендірілген ыдыстарымызды әрі қарай дамытып, қазіргі таңда өткелі жатқан «ЭКСПО» 2017 байқауына шығаруға ұсынды.

«Жасыл қалпақ» - Ат әбзелдері (үзеңгі, ер тоқым, қамшы, сауыт,т.б) жасыл қалпақтылар ат әбзелдерімізді жаңа идеяларымен, қазір кезге лайықтап пультпен басқарылу әдістерін айтып өтті.

«Көк қалпақ» - Ұлттық тағамдар (қазы – қарта, құрт – ірімшік, қымыз, т.б) Көк қалпақтылардың ойы бойынша, ұлттық тағамдарымыз бен сусындарымыз экологиямызға байланысты, адам денсаулығының пайдасы туралы тоқталып өтті.

Осы тапсырмалар аясында жұмыстарын плокат беттеріне түсіріп, постер қорғалды.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»


2-тапсырма: әдет - ғұрып пен салт – дәстүріне байланысты әр топ жеке – жеке қағаз бетіне жазып, өз ойларын айту.

  1. Әмеңгерлік (“әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға сүйеніп, ру ақсақалдар арасында талқыланып атастыру)

  2. Бесік құда, бел құда ( бесікте жатқан сәбилеріне құдаласу жоралғысы)

  3. Қыз алып қашу ( үйлену ғұрпының бір түрі. Тарихтан белгілі болғандай, Қалқаман Мамырды, Кебек Еңлікті алып қашып қосылған.)

  4. Тұсау кесу ( сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.)

  5. Ерулік беру ( Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. )

  6. Бата беру ( бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.)



Қорытындылау: «Алты қалпақ» әдісіне қосымша ақпарат:

1. Неліктен қалпақтар? Қалпақ оңай киіліп, оңай шешіледі. Бұл біздің жағдайымызға қатысты, себебі біз ойлау типтерін түсті қалпақтарды сияқты оңайлықпен ауыстыра алуымыз керек.

2. Ойлаудағы 90%-ға дейінгі қателер (техникалық емес салаларда) – бұл қабылдау қателері. Логикалық қателер өте сирек болады.

3. Алты қалпақтар әдісі біздің ойлауымызды байыта түсіп, анағұрлым жан-жақты етеді. Егер біз біреуді әлдебір нәрсе туралы ойлауды тек сұрасақ қана, жиі кезде олар түсінбеушілік танытады. Ал егер оларды алты қалпақтар схемасын пайдалана отырып, затты талдауға шақырсаңыз, олардың қабылдау кеңдігі арта түседі.

Әдістің жақсы жақтары:

Көрнекілік, меңгеру және қолдану қарапайымдылығы.

Жағдайды көре алу және бірнеше көзқарастар тұрғысынан шешу.

Өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді.

Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады:

Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;

Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды;

Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;

Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады;

Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады;

Өзіндік әрекет жасауға үйретеді.


«Екі жұлдыз, бір тілек»



Сергіту сәті: «Караоке»

Маңғыстау облысы

Қарақия кәсіптік колледжі







«Алты қалпақ» әдісі

Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар



Тарих пәні оқытушысы: Л.Қ.Муратова

















2016-2017 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!