400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сондықтан мен студенттердің бойын білім нәрімен толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге даярмын. Менің мақсатым-заманауи, жан-жақты меңгерген ,шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны,яғни құзыретті, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген маман дайындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылықтар — тәрбие негізі

Кереева Альбина Тулегеновна

Экономикалық пәндер оқытушысы, Атырау көлік және коммуникация колледжі, Атырау қаласы

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: „Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“, — деген талапты білдірген болатын. Олай болса, басты мақсат — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға тəрбиелеу керек және ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие — ел болашағы. Тарихқа үңілер болсақ әрбір халықтың, әрбір ұлттың өз мәдениеті, тұрмыс тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, дәстүрі, тәрбиелеу тәсілі болатынын білеміз. Халық тәрбиесі – ғасырлар бойы сараланып сан сыннан өткен, сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, ұлттық тәләм-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени мұрасы. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырларға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылар түйіні бар. Ал ол жазу-сызудан, оқу құралынан, ауыз әдебиетінен, ұлттық өнер тағылымынан, халықтың дәстүрі мен әдет-ғұрпынан, бір сөзбен айтқанда мәдени мұраларынан өзекті орын алып, көрініс береді. Өткеннің бай рухани мұрасын тал бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрсіз, ұрпақтар сабақтастығынсыз тарихи процесті елестету мүмкін емес. Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен бүгінгінің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық идеямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты ой толғаныстары күшті ұрпақтарды, болашағы жарқын маман тәрбиелеуімізге еш күмән тудырмайды.

Күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы, сырнай үнімен асқақтата салған әсем сазды әнімен де ата-бабаларымыз өзінің рухани жан дүниесінің мұң шерін, асқақ арманын келер ұрпақтың зердесіне жеткізіп көкірегіне ұялатқанын ұмытуға болмайды. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген рухани-мәдени мұрасының тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр. Әрбір халық «өз тарихын, философиясын мейлінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай мәдениеттің дамуы мүмкін емес». Ұлттық тәрбиенің ұлттық құндылықтардан нәр алатын адамгершілік ұстанымдары мәдени құндылық ретінде ғасырлар қойнауынан нәр алып, мәдениет біткенмен тепе-тең, өзіне байыта, астаса түскен үндестігі, бірлігі, түптеп келгенде, адамдықтың, руханилық пен имандылықтың негізі ретінде мәдениет кеңістігіне жетелеп отырады.

Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың баяғы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан кіндік үзсе, тәрбиелік қасиетін жоғалтады. Сондықтан оны рухани тұрғыда ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, бүгінгі қоғам келбетімен санаса отырып, алға бастыру қажет. Мақсатқа жету үшін алдымен нақты теориялық негіз керек. Осындай негіз тәжірибеден жинақталған белгілі бір дәлелдемелерге арқа сүйейді. Ал бұл дәлелдемелер педагогика ғылымының құзырында. Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық мәдениетті сақтайтын мәдени бағдарды анықтауда идея дегеніміз рухани ізденіс, бастауыш, жол көрсеткіш болып табылады. Бірақ әлі де болса ол идея қандай тұжырымдарға сай құрылып, қандай құндылықтар жүйесіне сүйенетінін бірауыздан құптай алмай отырмыз. Ол қалыпты жағдай. Себебі дамудың өзінде шығыстың білім беру парадигмасы руханилыққа бастаса, батыста керісінше, ол құндылық шетке ығыстырылып қойылған. Ал біздің жағдайда адамзат мәдениетінің екі тарихи типі – Шығыс пен Батыстың да үлес салмағы бар. Алайда біздің ойымызша, идеяға халықтың шүбә келтірмес сенімі керек. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетелейтін, биік те құнды, рухты болуы тиіс. Тәрбиелік мәнді идея қанша жерден құнды болғанымен, ол өмірлік іс-әрекеттен өз орнын таппаса, оның нәтижесі жоқтың қасы деуге болады.

Сонымен:

1) Идеяны ой елегінен өткізіп қабылдау;

2)Идея туралы пікірталастың бәрін қарастыра отырып, өмірлік дәлелдерге сүйену;

3)Рухани байлық негізінде қарастыру;

4)Ынта арқылы ерікті түрде іске асыру, бесіншіден, қол жеткен нәтижелерді саралап, бағалай білу қажет.

Демек, тәрбие негізі – ұлттық үрдісте. Халқымыздың мәдениеті ұлттық ерекшелігімен қасиетті де қадірлі. Жаңа ғасыр бастауында әлемдік мәдени сұхбат пен өркениеттердің ұлы тоғысуы дүниежүзілік даму процесінің ең басты критерийлеріне айналып отырғанда, ұлттық идеяны әлемдік өркениетпен өзара үйлестіру мәселесі заман ағымына сай туындаған өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан мәдени дамудың шыңына жетіп, өркениетті елге айналу халқымыздың табиғи қасиеттеріне, күш-қуатына, менталитетіне, даналығына, көрегендігіне, қабілетіне және т.б. ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болмақ. Әсіресе қазақтың шешендік сөздері тәрбие берудің аса қасиетті де құнарлы қаруы болып табылады. Себебі «шешендік сөз өнері өмір шындығымен, әлеуметтік уақыттың қатал да құбылмалы мінезімен бетпе-бет келгенде, адамға рухани жәдігер болып, көзден алыс, көңілге жақын құбылыстарды түсінуге жетелейді». Мұның мәні қазақ даласында аузы дуалы, елге беделі бар адамның белгілі бір мәселеге қатысты айтқан ұтымды сөзі, пайымды пікірі ауыздан ауызға жылдам тарап, көпшілікке үлгі болған. Сондықтан «шешендік сөз өнерін – қазақтың әдеп кодексі деп айтуға болады. Екінші сөзбен айтқанда қазақ би-шешендерінің ұлттық моральдық құндылықтарды қалыптастыру әдіснамасының өзіндік қалпын білдірмек». Тәрбие мақсаттарының бірі – адамды, ұлтты зиялы, мәдениетті, бақытты етіп баулу. Ұлт мүшесі — әрбір адам бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатын: «Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлттың, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Егер мәдениет адамды қалыптастыру, жетілдіру болып табылса, ал өркениет қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Ал қоғамсыз адам адам бола алмайтыны белгілі. Егер де тәрбиені қоғамдық нормалар мен құндылықтардың жинақталу процесі арқылы адамның жан-жақты жетілуі деп қарастырсақ, онда тәрбиенің басты мақсаттарының бірі – адамды сәби кезінен қоғамның тыныс-тіршілігімен тыныстатып, дүниеге құнды көзқарасын жетілдіруде адамгершілік, эстетикалық, азаматтық, саяси санасын қалыптастыру. Осы мақсатта бүгінгі күні тәрбие берудің жаңа тұжырымдамасын жасау өзектілігінен туындап отырған адам өмірін басты құндылық деп алатын ұлттық тәрбиенің мәдени құндылық ретіндегі тұжырымдарына келсек:

— ұлттық тәрбиеден тұлғалық, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың бастау алып, уақыт пен қоғам өзгерісінің нәтижесінде толығып, сұрыпталып, құндылығын арттыруын;

— басты құндылық – адамның қалыптасуындағы басты рухани азықтың ұлттық тәрбиеден бастау алуы, оның рухани тұтастық қалыптасуындағы басты ролін;

— ұлттық тәрбиенің адамның жақсылық пен жамандықтың арасын саналы айыру, сол қоғамға тән теріс қылықтарды айқындап, олардан арылу жолдарын көрсетуде бағдар көрсетуін;

— ұлттық тәрбиенің көрінісі ретінде қазақ даналарының, ақын-жырауларының, аңыз-ертегілерінің, жыр-эпостарының нақтылы тарихи-мәдени феномендерде көрініс табуы арқылы өркениеттілікке жақындауын;

— жалпыадамзаттық құндылықтар: бейбітшілік, азаматтық қоғам, демократия, т.б. бүгінгі Қазақстан Республикасында жан-жақты дамып отырғандығы – ұлттық тәрбиенің ғасырдан-ғасырға жалғасып, ұстанып, ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп беріп келе жатқан құндылықтар жүйесінен бастау алатындығын;

— ұлттық құндылықтарымыздың құдіреттілігі ұлттық тәрбиеміздің мәдениеттанулық негізделуінің арқасында айқындалып, барлық қырынан көрініп, адамзат игілігіне қызмет жасау шеңберінің кеңеюін;

— ұлттық тәрбиедегі туған жер, ата-қоныс, елдік пен ерлік, азаматтық пен адамгершілік, имандылық пен парасаттылық, өмір өткелдері, қоғам жайлы философиялық толғау тұжырымдар, шешендік өнерді дүниеге паш еткен даналарымыз бен ойшылдарымыздың адамзат игілігіндегі қайталанбас орнын;

— ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық болып табылатын құндылықтардың үйлесімді дамып, көркейіп, жалпыадамзаттың бүгіні мен келешегіне қызмет етуін тізбектеп көрсетуге болады.

Болашақ дамуы мәдениетке сүйенген құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Себебі құндылықтық қатынас арқылы барлық нәрсенің маңыздылығын айқындауға болады. Ал адамды басты құндылық деп қабылдайтын ұлттық тәрбие әрдайым жоғары тұрады. Ғасырлар тоғысында, жаңа мыңжылдықта өткен тарихи-мәдени жолды зерделеп, болашақты болжау қалыпты жағдай. Өткенді сана толқысынан, ой таразысынан өткізбейінше, болашақты анық бағдарлау мүмкін емес. Халықтың алға басуы тек саяси-экономикалық ахуалға ғана емес, оның руханилығына да тікелей байланысты. Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз. Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осы бағытта жас жеткіншектерді адамгершілік дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында тəрбиелеудің маңыздылығы туындайды. Өз елінің болашағынан мол үміт күткен даналарымыздың бірі емес бірегей тұлғасы, ұлт жандылықтың биік үлгісін көрсете білген, дана Шəкəрім мынадай өсиетін қалдырғандай:

Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар,
Кірсіз, ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек»,
«Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп.
Бүгінгі күні, аға буын ұрпақтар дəстүрінің көк жиегінен үлгі алған жастарымыз тəуелсіз еліміздің киелі тұғырын жасампаздықпен, ұлт-жандылықпен қырандай көздің қарашығындай сақтауда. Бүгінгі күні бұрынғы өткен көне тарихымыздың, өлең-жыр дастандары, жасаған аудармалары, еліміздің ертеңі жас жеткіншектерге таптырмайтын рухани қазына. Сондықтан да бүгінгі күнде жырау мен, ақындардың шығармаларына ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, əр тарихи шығарманың табиғатында, ақиқаттың сəулесі жарқырап тұрады. Сол тұлғаларымыздың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарымыздың идеялық ерекшеліктерінің мазмұнды тəрбиесінің ұлтжандылық тұғырын орнықтырамыз. Ерліктің биік шыңы болған батырлардың мұрасын, елін сүйген парасаттылық адамгершіліктерін, ұлы қасиеттерін жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсету бүгінгі күннің парызы. Мұның өзі, бүгінгі жас ұрпақтың санасына ұлтжандылық пен ұлтаралық ынтымақтастық, діни үйлесімділік, ар-ұждан, əділдік, мейірімділік сияқты тəрбиелік мəні бар ең өзекті дүниетанымдық құндылықтарды қалыптастыруға жол ашады. Ұрпақ тəрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мəселесі негізінде қай ғасыр болсын ойшылдар мен ғұламалардың өзекті мəселелері алдыңғы орында болуы керек. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі өз заманындағы дəстүрлі тəрбиелік мəні бар рухани құндылықтардың тарихи сабақтастығы мен өркендеп, қанат жаюда. Жастарымыздың бойында қазақи құндылықтарды тəрбиелеуде, əсіресе қазіргі жаһандық даму жағдайында қарқынды дамып келе жатқан батыс мəдениетінің негізінен аластатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеуге міндеттіміз. Қазіргі жаңа тарихи кезеңде халқымыздың алдында жаңа тарихи парыз тұр. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемен тəуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтау біздің борышымыз. Жақсы дәстүр уақытты жатсынбайды; уақыт өзгерісі, даму диалектикасына орай дамып отырады, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, сабақтасады. Халқымызда әдепті, инабаты мол жасты «көргенді елдің баласы» деуі тегін емес. Бұл – ұлттық тәрбиені дамыта беру деген сөз. Сонымен тәрбие дегеннің өзі не?

Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі. Тәрбие білім берумен тығыз байланысты. Сонымен бірге ол адамға қоғам құылысы, ғылым мен техниканың дамуы, әдебиет, өнер, бұқаралық ақпарат және насихат құралдары (баспасөз, радио, телевизия) арқылы ықпал етеді. Тәрбиенің негізгі түрлері – отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие. Тәрбие – қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи, мәдени дамуына сәйкес өзгеріп отырады. Тәрбие мәселесінде айрықша мән беріп сол жайында қазақ тілінде алғаш «Педагогика» атты еңбек жазған Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие, кең мағынасында алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Адамзат қауымының ғасырлар бойғы тарихы имандылық, ғибраттық, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық тағылым ұрпақ тәрбиесінің қыруар үлгілерін мұралыққа қалдырғаны бәрімізге белгілі.Қазіргі таңда сол құндылықтарымыз қаншалықты сақталып,ұрпақ санасына қаншалықты беріліп жатқандығы басты мәселе.Адам өміріндегі тәрбие,ұлттық сана басты мәселе болуы тиіс. Адам болып туылу оңай, ал адам болып қалыптасу қиын. Адамдық қасиетке бірден бір әсер етуші фактор ол тәрбие, ұлттық салтымыз.  Сол халық даналығы қорытқан қазына байлық, тәжірибені халық игілігіне жарату, үлгі етіп ұсыну жас ұрпақтың еншісінде. Білім бар жерде тәрбие, даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.

Елбасы , Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Сондықтан мен студенттердің бойын білім нәрімен толтырып, елін сүйер азамат тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге даярмын. Менің мақсатым-заманауи, жан-жақты меңгерген ,шығармашылық қабілеттері дамыған тұлғаны,яғни құзыретті, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген маман дайындау.



Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар. 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18.01.2014 ж. 2–3 бб.
2. Əбішқызы, Сарманов Ж. «Ұлттық тəрбие — құндылығы мол дүние».
12 мамыр 2012 ж. Алматы, «Қазақстан мектебі», № 3, 2007.

3. Касымжанов А.Х.  Духовное наследие казахского народов. Москва, 1992.

4. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогически исследования. Москва, 1992.

5. Қабдықайыров Қ., Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А, 2015

6. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2011.«Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2013ж;




«Ұлттық құндылықтар негізінде білім беру әдіснамасын жаңарту» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-практикалық on-line конференциясына қатысуға

Өтінім



1.

Қатысушының аты-жөні (толығымен)

Кереева Альбина Тулегеновна

2.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, құрметті атағы

«Жас ізденімпаз»

3.

Қызметі (толығымен, қысқартусыз)

Экономикалық пәндер оқытушысы

4.

Жұмыс орны (толық атауы, қала, облыс)

Атырау көлік және коммуникация колледжі

5.

Материалдың тақырыбы

«Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы»


6.

Жұмыстың бағыты

Мектепке дейінгі ұйымдарындағы білім беру жаңа мазмұны мен технологиялар арқылы ұлттық құндылықтар негізінде оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері;


7.

Пленарлық мәжілісте сөйлеуге ұсынамын (ия/жоқ)

жоқ

8.

Байланыс телефоны

87025551566

9.

E-mai

Albinakereeva@mail.ru









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 қараша
1048
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі