Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар- тәрбиенің түп қазығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие аясы негізінде ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында ата-аналарды шағын орталық жұмысына тарта отырып жас буынды тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ

Саратовка, шағын орталығы


« БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

Н.М. Мергазина

__ . __ 202

« БЕКІТЕМІН»

Тәрбие ісі меңгерушісі:

Ж.М. Раисова

__ . __ 2024ж









Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

«Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы»











Тәрбиеші: Шаривхан А










Саратовка ауылы, 2024 жыл

Іс-шараны дайындаған тәрбиеші: Шаривхан Ахерке

Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы»

Іс-шараның мақсаты:

Балаларға ұлттық ою-өрнек туралы түсініктерін қалыптастыра отырып қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойларына сіңіру. Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыра келе іс-шараға жас аналар мектебін тарта отырып, аналарды шағын орталықпен байланысын орнату. Балаларға ою туралы түсінік беріп, қоржын тігу қолөнерін үйрете келе балаларды ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырыпқа сай безендірілген орта, қоржын, фетр, бау, оюулар.

Алдын-ала дайындық:

Ата-аналарды әңгімеге тарта отырып іс-шараға дайындалу.

Ұлттық бұрышты дайындау.

Іс шараның барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бұл не нәрсе? Балалар: Түйе

Түйе қандай жануарға жатады?

Балалар: Үй жануары.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Ал, мына түйенің үстінде не артылған балалар?

Балалар: Қоржын.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар, бұл қоржынды қалай тігу керек екенін білесіңдер ме?

Балалар: Жоқ, білмейміз.

Тәрбиеші: Олай болса балалар, біз жас аналар мектебіне қонаққа барып, қоржынның жасалу жолын үйреніп қайтайық.


ІІ. Негізгі бөлім.

Сәлеметсіздер ме аналар! «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,-демекші қазақтың қолөнері қоржын мен ою туралы мағлұмат алуға, қоржын тігу өнерін үйреніп, балалармен бірге жасауға келдік.

Аналар: Сәлеметсіңдер ме ! Қош келдіңдер! Біз сендермен өз өнерімізді бөлісуге дайынбыз. Келіп жайғасып отыра қойыңдар.

Ары қарай аналарымыз қоржын туралы ақпарат береді.

Аналар: Балалар қоржын дегеніміз – екі басты (қалталы) ас-тағам салып тасымалдауға арналған тоқыма бұйым. Оның түрлері көп. Олай болса біз сендермен мына сияқты оңай тәсілмен қоржынды қалай тігу керек екенін үйренеміз. Ол үшін бізге қоржын тігуге арналған фетр матасы (киіз) және бау керек. Ал енді жұмысты жасауға кірісейік. Алдарыңдағы киізді алайық. Тесігінен осылай бауларды өткіземіз. Міне біздің қоржынымыз дайын.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы біз әп-сәтте қоржын тігіп үйреніп алдық. Бірақ балалар, біздің қоржынымызға бір нәрсе жетіспейтін сияқты. Оған не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар? Біздің үстіміздегі киімдеріміз немен безендірілген?

Балалар: Ою-өрнекпен

Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтасыңдар! Ою-өрнек жетіспей тұр екен. Олай болса балалар біз қоржынымызды бұдан да әдемі қылу үшін ұлттық құндылықтарымыздың бірі қол өнеріміз, ою-өрнек туралы аналарымыздан сұрап алайық.

Аналардың түсіндірмесі... (Қошқар мүйіз, түйетабан, құстұмсық, көбелек т,б)

Аналар ұлттық құндылықтар туралы, оюулар туралы түсініктеме беріп, оюлар бейнесімін қимылды сергіту сәтін жасап, ары қарай қоржынымызды жалғастырып істейміз

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Тәрбиеші: Ой балалар, біздің қоржынымыз қандай әдемі болды! Жарайсыңдар балалар! Балалар, біз бүгін шебер аналардан нені үйрендік?

Балалар: Қоржын жасауды.

Тәрбиеші: Немен оны безендірдік?

Балалар: Оюумен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар! Сендерге қоржындарың ұнады ма балалар? Әдемі болды ма?

Балалар: Иә, әдемі болды.

Тәрбиеші: Балалар біздің ұлттық құндылығымызды, тілімізді, өнерімізді қадірлей білуіміз керек. Біз қазақ болып туғанымызды мақтан тұтуымыз керек. Ата-аналарымызды құрметтеп, сыйлап, ақылын алуымыз керек балалар. Қане балалар шебер аналарымызға рақмет айтып, әжемізден дәм татып, бізге ұлттық құндылықтар туралы тәрбие берген аналарымызды марапаттап қайтайық.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2025
23
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі