2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ұлттық құндылықтар біздің байлығымыз

Ұлттық құндылықтар біздің байлығымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылығымызды бала бойына дарыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Бекітемін

____________











Тақырыбы: «Ұлттық құндылық біздің байлығымыз»


















Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар-біздің байлығымыз»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері арқылы балаларды ұлттық құндылықтармен таныстыра отырып, өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттердің қарапайым дағдыларын меңгерту, логикалық ойлауды дамыту. Балаларға ұлттық құндылық туралы түсінік беру. Тапсырмаларды орындау барысында заттар мен құбылыстардың өзіне тән белгілерін бақылау. Ойын арқылы балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Психолгиялық ахуал: көңілді әуен арқылы ырғақты бимен орындарына жайғасу.

Мнемокесте арқылы жыл мезгілін сұрау.

Тосын сый: Сырттан әженің дауысы естіледі.

Әже: Балалар менің Қызыл телпек деген қызымды көрмедіңдер ме? Мен Қызыл телпек қызымды іздеп шаршадым. Мен сендер жаққа барғалы жатырмын, Қызыл телпекте бір сандық тауып алған екен, сол сандықтың аузын аша алмай, балалардан көмек сұрауға бармасам деп отыр еді. Сендер жаққа кетті ау деймін.

Тәрбиеші: Жарайды әже, Қызыл телпекті көріп жатсақ, келіп жатса айтармыз.

Осы сәтте топқа Қызыл телпек кіріп келеді

Қызыл телпек:-Балалар, бүгін мен әжеме бара жатып орманнан осы сандықты тауып алдым. Ол сандық ашылмады, бетіндегі хатты сендермен бірге оқығым келді, сандықты ашу үшін алдымен хатты оқып алайық.

Балалар хатта тапсырма бар екен. Тапсырмаларды орындаймыз ба? Мен осында әжемді де шақырғым келіп тұр. Әжемді шақыру үшін «Әжетайым»әнін орындасақ.

Тәрбиеші: Жарайды Қызыл телпек.

Балалар: -Сәлеметсің бе? Қызыл телпек

Қызыл телпек: Хатта тарсырма бар екен.

1 тапсырма: Ұлттық тағамдар.

2 тапсырма: Ұлттық оюлар.

3 тапсырма: Ұлттық қол өнер.

Тәрбиеші: 3 тапсырманы орындау үшін үш топқа бөлінейік.

1 топ Домбыра тобы

2 топ Киіз үй тобы

3 топ Қамшы тобы

Балаларға домбыра, киіз үй, қамшы суреттері беріледі. Әркім өз орнына жайғасады.


Домбыра тобының тапсырмасы: «Аспаптарды ата»

Ойын шарты: Әуен арқылы қай аспап үні екенін анықтау, сол аспапты көрсету

Киіз үй тобының тапсырмасы: «Ұлттық тағам» зерттеу жұмысын жасау.

Тапсырма шарты: Әженің көмегі арқылы құрт, сүт, айран, ірімшік түрлерімен таныстыра отырып, тәтті йогурт түрін жасау. Зерттеу жұмысын жүргізу.

Қамшы тобының тапсырмасы: «Өру түрлері»

Ойын шарты: Алдарына берілген макеттердегі қыздың шашын қыздар өру, ұлдар қамшыны өру.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, сендер керемет жұмыс жасап, білімді екендеріңді көрсете білдіңдер.

Сергіту сәті

«Келіншек» күйі қосылады, күйдің ырғағымен таяқшалармен қимыл жасау

Әже: Балалар мен құр қол келмедім. Сендерге ойын ала келдім.

Ойын: «Шертпек»

Ойын шарты: Үстел үсті ойынында асықтардың 1санынан, 5 санына дейін асық суреті тұрады. Асықты алып бір бала шертіп қалады. Асық қай асық санына түскенін анықтай отырып, сонша ұпай жинайды. Ойынға екі бала қатысады. Орындарын басқа балалармен ауыстырып ойнауға болады

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, сендер тапсырманы мүдірмей орындағандарың үшін сандық ашылды

Сандықты ашып көреді. Сандық ішінде құрастыру ойыны

Тәрбиеші: -балалар, сандықтың іщінде бізге құрастыру ойынын беріпті. Орындаймыз ба?

-Иә

Ойын шарты: әр үстелдегі балаларға бөлшекке бөлінген сурет таратылады. Балалар оны құрастыру керек.

Суреттер: бесік суреті, домбыра суреті, ою суреті.

Жарайсыңдар, балалар! Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар!

Әже мен Қызыл телпек: Балалар сау болыңдар, сендерге риза болдым, сендер болмағанда сандықты аша алмас едім.

Қорытынды:

Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс әрекет сендерге несімен ұнады. Бізге қай ертегі кейіпкерлері келді. Қандай тапсырма ұнады.


Балаларға асықтың суретімен жасалған сыйлық таратылады.

















04 Қараша 2024
382
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі