Ұлттық құндылықтар. Тәрбие сағатының ҚМЖсы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар. Тәрбие сағатының ҚМЖсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық құндылықтар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Ұлттық бірегейлікті сақтау – ұлттық өркендеудің негізі ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Ұлттық бірегейлік», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Ұлттық өркендеу» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық , ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер де осы жол арқылы дарыған.

Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.
















Сабақтың ортасы

26 мин.

Сұрақ-жауап:
(Оқушылар әр дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.)

1 оқушы
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2 оқушы
Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 оқушы
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы:
Бесікке салу
 – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.
5 оқушы
Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
6 оқушы
Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.




  1. Келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік.

Имандылық, инабаттылықтың көзі болып табылатын ұлттық дәстүрге деген құрметтің қазіргі таңдағы халі кімді болмасын алаңдатары сөзсіз. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары – ұстаздарымыздың оқушыларға қояр сұрақтары бар екен.

1-сұрақ: Ерулік беру дегеніміз не?















2-сұрақЖылу жинау дегеніміз не?











3-сұрақ : Енші беру дегеніміз не?












1 сұрақ Жауабы:

Ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық мәніде бар. Мысалы жаңа көшіп келген үйге отын, су әкеліседі. Міне, кең ойлап, терең ойлайтын қазақ салты мұны да ұмытпаған.

2 сұрақ Жауабы:

Бір бақытсыздыққа ұшырағанда, үй мүлкі, малынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көршілері, туған-туыстары мал, дүние, ақшалай көмек көрсетеді. Мұны бір адам ұйымдастырады. Бұл жәрдем жылу жинау деп аталады. \Жылу қай кезде жиналмайды\

3 сұрақ Жауабы: 

Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп бөлек шығарады. Сонда малынан-мал, мүлкінен мүлік бөліп береді. \Ата-анасы қайтыс болса еншіні кім береді\




  1. «Ата салтың-ұлттық қалпың»

Бұл бөлімде екі топ бір-біріне көрініс арқылы сұрақ қояды. Топ мүшелерінің бейнелеп көрсеткен салт-дәстүр көріністерін келесі топ қалай аталатындығы оның мән мағынасын түсіндіруі қажет.


1-топтың көрінісі

Қақпанда түлкі жатады. Тымақ киген екі адам келе жатып қақпандағы түлкіні көреді.

Мынау түлкі ғой.

Ия, қақпанға түсіп қалыпты. Осы маңдағы аңшылардың қойған қақпаны ғой.

Алсақ қалай болады?

Алсақ алайық. Бірақ ырымын жасап, қақпанға ақша салып кетейік.



Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы: Бұл – «баутағар» деп аталады. Қақпандағы олжаны немесе аңнан келе жатқан аңшы байлаған олжаны, яғни аңды алған адам аңшыға алғыс ретінде ақша немесе бір затты ұсынуы керек «баутағар» бермеген адамның малы шығынға ұшырайды деген сенім болған.





2-топтың көрінісі

Кілем үстінде тымақ киген ақсақал отыр. Бір кезде жанына жас жігіт келеді.

Жас жігіт: - Ассалаумағалейкум?

Ақсақал: - Уағалекум! Оу, жиен келіп қалдың ба? Мал басы, ошақ қасы аман ба?

Жас жігіт:  Аманбыз, нағашы

Ақсақал: — Иә, әңгімеңді айта отыр. Ел аман, жұрт тынышта не жүріс?

Жас жігіт: — Баяғы сол қырық серкештің жыры ғой бітпей жүрген.

Ақсақал: — Жиеннің қырық серкешін бермеске болмас. Әуелі төргі үйге барып, тынығып ал, қырық серкеш мәселесін содан соң жайластырамыз.

Жас жігіт:  Жақсы, нағашы. Өзімнің айтпағым да осы еді. Жүріңіз.

Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?

Жауабы:  Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.




  1. «Менің түйгенім»

(Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша білгендерін жинақтап тірек сызба құрастырады)

Мұғалім оқушылардың халықтың өмір тәжірибесі, халық даналығы, салт-дәстүрлері оның маңызы туралы білімдерін жинақтап, ортаға салуы үшін олармен әңгімелесу жүргізеді. Әңгімелесу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:
• Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
• “Салт-дәстүр”деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Халықтық дәстүрден қандай өнеге-үлгі алуға болады?
• Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер.

Салт-дәстүрді неліктен халықтың асыл қазынасы дейміз?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді,.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Ата – бабамыздан келе жатқан салт – дәстүрімізді үйреніп, халқымыздың рухани байлығын бойымызға сіңіру, ұлтымыздың  дәстүрлерінен  үлгі алуымыз  қажет. « Өткенді білмей келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады» -  деген  болатын  атақты жазушы  Ғ. Мүсірепов.

Жаңбыр менен жер көгерер

Батаменен  ел көгерер,

дегендей үлкендердің, ұлағатты адамдардың берген батасы тарихта ұрпақтан – ұрпаққа  үлгі болған.

Бата беру. 

Әлемді жарық ет 
Ұл- қызды түгел білімді ет 
Ақылдары ассын! 
Ықыластары тассын! 
Шаңыраққа иірілсін! 
Достары көп болсын! 
Әумин! 


Рисунок 23




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2024
1006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі