ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛАҒАТТІ ІС

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛАҒАТТІ ІС

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛАҒАТТІ ІС
Материалдың қысқаша нұсқасы


ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУ ҰЛАҒАТТІ ІС


Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт- дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлттың құндылығын айқындайды. Қазақ халқы бұдан кемде емес. Ерте кезден бастап даналығымен, даралығымен, ақылдылығымен, көрегендігімен ерекшеленіп келеді. Рухы биік, әлем мәдениетімен бәсекеге түсе алады.

Дегенмен, Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады. Сәйкесінше, діні де әртүрлі адамдар бар. Заман өзгерген сайын қоғамды да өзгерткісі келетіндер де кездеседі. Олар ұлттық құндылық түгілі, шыққан тегін шатастыруға әзір. Діннің атын жамылып, адамның санасын улап, басқа ағымға итеретіндер, домбыраны «харам» деп, дәстүрден жаңылыстыратындар көп соңғы кездері. Көпке топырақ шашпаймыз, әрине.

«Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген болатын ұлтымыздың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай. Сондықтан алдымен ұлтты құрайтын әрбір азаматтың жүрегіне ұлттық құндылықтарды орнатуымыз қажет. Бұл жөнінде мемлекет түрлі жобалар әзірлеуде.

Мәселен, ұлттық кодты сақтап, құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауды мақсат тұтқан «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын айтуға болады. Ол 3 бағыт, 7 міндет, 21 көрсеткіш, 66 ауқымды іс-шарадан тұрады. Жоба қоғамның мәдени деңгейін, талғамы және рухын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың түрлі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

Сондай-ақ, биыл Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мәдени


мұраны және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында да ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын айтқан болатын.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Түркістан төрінде өткен отырысында жүйелі идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Бұл бағытта тарихи сананы жаңғырту, мәдени мұраны насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне баса мән берілді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Дегенмен, бұл жобалармен қоса, ұлттық құндылықты дәріптеу үшін не істеу керек? Бұл туралы Қазақстан Республикасының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан жазушылар қоғамының мүшесі, этнограф Байахмет Жұмабайұлынан сұрап білдік. Ұлттық құндылықтың мән- маңызын ашып берді.

«Ұлттық құндылық» туралы әрбір азаматта тура түсінік болуы керек. Құндылықтың маңыз – мақсатын білмей тұрып құндылықтан сөз ашу да қиын.

Дін – ол сенім, ал дәстүр – наным. Сенімге әркім «е, солай ма екен» деп сенуге қақылы. Ал наным – бұл дәстүр, ол ұзақ уақыттық тарихтың шыңдалуынан өткен ұлттық болмыс. Сондықтан сенім-нанымның орнын басуы мүмкін емес, егер сенім-нанымның орнын басар болса ұлттық дәстүр де, ұлттың болмысы да құрдымға кеткені.

Бұл пікірімізге дәлел – әлемде бөгде дін арқылы ұлттық құндылықтарынан айырылып, жұтылып кеткен елдер жетерлік. Сондықтан да нанымдық таным болған дәстүрді сенімге жеңдірмеу үшін бұдан бұрынғы саналарға шегеленіп қалған түрлі пәтуаларға мемелекет жағынан тыйым салып, мектептің оқу оқыту құралдарына ұлттық құндылығымызды, дәстүрлік танымымызды тіктеуге арналған бағдарламаларды қосу қажет», - деді этнограф.

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУДІ ЕРТЕ ЖАСТАН БАСТАУ КЕРЕК»

Этнографтың айтуынша, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді бала-бақшадан бастауымыз керек.

«Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу үшін қоғамдық сегментке ие болған спорт түрлері, кино, музыка индустрияларлары, шоу бизнес сынды салалардың барлығына идеология енгізу керек.


Нақтап айтсақ - құндылықтарымызды бала бақшадан бастап, барлық оқу орындарымен әскери және заң салаларына дейін сіңіре білу, тарату мен тазартуды тең жүргізгенде барып мемелекеттің орнықтылығын, ұлттың танымалдылығын арттыруға әбден болады.

Мұнда «тазарту» деп отырғанымыз ұлттық дәстүрге шүйіріле қарайтын, басқа иделогияның құлына айналған, теріс пиғылды дін ағымының жетегінде жүргендерді тәжірибелі, білімді, білікті мамандар оқыту керек, ұлттық құндылықты бойларына сіңдіру қажет», - деді Байахмет Жұмабайұлы.

Әрине, еліміз ұрпағын елжанды, ұлтының ұлылығын ұлықтайтын азамат етіп тәрбиелеуде ана тілінің нәрімен сусындатып, жүрегіне ізгіліктің дәнін сепкен. Ана сүтімен бойымызға дарыған тілді шұбарламай, таза күйінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Елге қалтқысыз қызмет етуді ойлаған асыл ерлеріміз жеке басының мүддесінен халық мүддесін жоғары қойған. Мұндай ұлттың құндылығы қашан да биік тұруы қажет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2024
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі