Материалдар / "ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИДАХМЕТОВА АЙГУЛЬ САСАНОВНА № 81 "Astana English School" халықаралық мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші-педагог

"ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУ" Ғаламдық және жаһандық өзгерістерге сай оқушыларда ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, ұлттық құндылығымызды құрметтейтін тұлғалардың дамуына ықпал ету маңызды. Сондықтан заман талабына сай 52 ұлттық және халықаралық білім берудің жоғары стандартына негізделуіміз қажет. Білім алушыларды ұлттық және әлемдік деңгейде ойлана алатын, соған сәйкесінше әрекет ете алатын тұлға ретінде қалыптастыруымыз міндет. Сонымен қатар, академиялық, әлеуметтік дағдылар мен бірге ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, бойларына сіңдіру – өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтаудың негізгі жолы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде атабабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу- бұл қазіргі таңда өмір талабы және қоғам қажеттілігі. Биылғы жылы өткізген ашық сабаққа тоқталсақ. Сабақтың өзі толығымен Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған форматта өтті. Сабақтың ұйымдастырылуы сәті: 1) Сабақ ең бірінші мейірімді жүректен басталды, онда оқушыларға біздің гимназияда оқытылып жатқан оқушы моделінің 10 профайлын/қасиетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсіл қолданылды. Олар: 1) Ізденімпаз (зерттеуші) любознательные Inquirers 2) Зерделі знающие knowledgeable 3) Ойшыл думающие thinkers 4) Тіл табысқыш общительные communicators 5) Ұстамды принципиалный principled 6) Әділетті (ықыласты) широко мыслящие open-minded 7) Қамқоршыл caring заботливые caring 8) Тәуекелшіл решительные risk-takers 9) Үйлесімді гармонично развитые balanced 10) Рефлексивті (талдағыш) анализирующие reflective Амандасуда оқушылардың таңдауы жүрек болды. Яғни, олар төс қағысып амандасып, ұлттық құндылығымызды жаңғыртты, сонымен қатар, профайлдардан ықыластылық пен тіл табысқыштықты көрсетті. 2) Үй тапсырмасын сұрау Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Зырылдауық ойын ” – бұл үй жұмысын жалғастыру арқылы мазмұнын айту тәсілін қолдандым. Бұл әдісте балаларға арнайы әсемделген бас киім кидірту арқылы кезекпен үй тапсырмасын сұралып, бір-бірін сыйлау, тыңдау және құрметтеу секілді құндылықтар дамытылды. Оқушыларға сиқырлы шляпа кидірту арқылы олардың сөйлеуіне тіл қорының дамуына үлкен септігін тигізді.Сабақты қорыта келе оқушылар күй құдіретін терең түсініп, күйдің адамды жылататын, ұйықтататын, мәз – мейрам ете алатын қасиетті музыкалық аспап екенін білді. Ата – бабадан қалған қасиетті домбыраның құндылығы ерекше екенін түсінді. 3) Жаңа сабақ: Димаш Құдайбергеннің бейне жазбасымен басталып, ондағы 53 шетелдіктердің еліміздің Әнұранының орындалуына тамсанған жазбалары көрсетілді. Сонымен, ұлттық рәмізіміздің қаншалықты құнды екені оқушылардың сана-сезімінен үлкен орын алды. Балалар біздің гимназияда ұсынылған оқыту бойынша үш тілділікті қолдай отырып, үш тілде де Димаштың видеосының астына жазылған пікірлерді оқып, талдады. Яғни, балалардың сөйлеу мәнерін, өз ойларын ашық айтуы, алған әсерлерін жеткізе білуіне үлкен үлесін тигізді. Құндылықтарға шолу: Ұлы тұлғалардың еңбектері – Абай Құнанбайұлының өлең жолдарына ерекше тоқталу: Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. Бұл өлең жолдары Димаштың ән шырқап, сол арқылы әлемнің махаббатына бөленуінің дәлелі екенін оқушылар түсіне алды. Біздің ұлттық құндылығымыз болған мемлекеттік әнұранның ерекше екенін,әнұранға деген құрметтің шексіз екеніне көздерін жеткізе отырып,әнұранға деген махаббаттарының күшеюуіне себеп болды. Мәтінмен жұмыс жасау кезеңі: Оқушыларға осы кезеңде мақсатқа сай мәтіндегі оқиға желісін анықтау тапсырмасы берілді. Оразбек Бодықовтың мәтіні «Аққұс», ондағы әңгіменің кейіпкерлері ерешке тұлғалар және әр елдің халықаралық, әлемдік деңгейдегі біртуар азаматтары: Людвиг Ваг Бетховен, Бақытжан Байқадамов және Шәмші Қалдаяқов жайында баяндайды. Оқушылар осы мәтінді оқи отырып, көрініс көрсетті. Бұл балаларды шабыттандырып, осындай адамдарға сүйіспеншілігін арттырып, еліктеуге себепші болды. Әңгіме желісі – әннің құдыретімен қатар, өмірдегі жақсылықтың бар екенін және де оның үнемі жамандықты жеңе алатынын дәріптейді. Бұл оқушылардың жүректерінің таза да, ақ ниетті болуына өз әсерін тигізді, балалар әңгімені өте жақсы түсініп, оның түпкі мағынасына, негізгі ойына жете білді. Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір – бір Аққұс бар. Әннің құдіреті осында. Ән Аққұсты Қарақұстың тырнағынан ажалдан сақтап қалды. Құлақтан кіріп бойды алған әннің құдіреттілігі күшті. «Зерттеу картасы» әдіс-тәсілі бойынша кейіпкелерге сипаттама беру. Әңгіменің басты кейіпкері Шәмші Қалдаяқов. Оқушылар өз сөзін «Шәмшінің әндері мәнгі жасайды. Ән де, әнші де туған елінде құс сияқты қалықтып, биікке ұша береді» деген пікірмен өз ойларын «Еркін микрофон» әдісі-тәсілі арқылы еркін жеткізе білді. Ұлттық құндылығымыз әндердің кереметтілігіне көздері жетіп, «Әнді сүйсен менше сүй» жасырын әндер әдіс – тәсілі бойынша әннің атын тауып, Шәмшінің әндеріне деген сүйіспеншіліктері арта түсті. Шәмшінің әндері – әр қазақтың жүрек төрінде мәңгілік салтанат құратын ғұмырлы әуендер! Ол – ән арқылы 54 Отанына қорған болған қайраткер. Ол – ән арқылы ұлтты тұтастырғысы келген біргей тұлға! Шәмші «Вальс королі». Өнер бөлімі болғандықтан оқушыларға сабақ өте ұнады. Олар күй мен әннің құдіреттілігін, соның ішінде қасиетті домбыраның адам өмірінен алатын орны ерекше екенін, домбыра ата-бабадан қалған құндылық екенін ойларына түйе біледі.Ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып сабаққа кері байланыс жасай білді.Құстың қанаттарына өз ойларын жаза отырып,ақ құстың қанаттын жапсырып сұлу құс мүсінін жасады. Ұлттық құндылығымыз өнердің ата-бабамыздан қалған асыл қазына екенініне көз жеткізді. Қорытынды Менің әдебиеттік оқу сабағымның нәтижесінде ғаламдық және жаһандық өзгерістерге сай оқушыларда ұлттық ерекшеліктері сақталды, ұлттық құндылығымызды құрметтейтін тұлғаларды дамытылды; Халықаралық стандартқа сай оқушыларда он қасиет/модель қалыптасты; Оқушының пәнге және ұлттық құндылыққа деген қызығушылығы арта түсті. Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді. Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды. Әрине, ең танымалдарынан бастауды жөн көрдім. Осылардың өзі-ақ қазақты әлемге танытып үлгерді. Мысалы: Димаш Құдайбергенов, спортшыларымыз көк туымызбен әлемдік аренада ән шырқап, шарықтамағанда біздің сол көк туымызды бәлкім ешкім танымаста ма еді? Жастарымыз шетелде жүріп ән шырқап, домбыраны қолға алып шертпегенде, қара домбыраны бәлкім ешкім танымаста ма еді? Сол себепті, осы еліміздің көк туын желбіретіп, асқақтатып жүрген ұлт қорғандарын, ұлттық құндылыққа кіргізу,сабақта оқушыларға ақпарат беру менің міндетім болып тұр. Ұлттық құндылықты дәріптейтін шәкірттеріміз көп болсын! Ұсыныс: Сабақта оқушыларды ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, тіл байлығын дамытатын әдіс-тәсілдерді көбірек қолдану; заман талабына сай халықаралық сананы да қоса дамытуымыз қажет. Ұлттық құндылықтарымыздың өмірде өте маңызды екенін жастарға жеткізе білу керекпіз. Сонда ғана, еліміздің болашағы жарқын болады. Сабақтағы ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсақ шегі жоқ. Халықаралық стандарт PYP/Бастауыш Білім беру бағдарламасы бойынша оқушы бойына 10 профайлмен жұмыс жасалды. Ұлт қорғаны ол – Отаншылдық пен жаны құмар азаматтар. «Отан – отбасынан басталады» демекші, отаншылдықты бала кезінен бойға сіңіру аса маңызды істердің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде ата – бабаларымыздан келе жатқан ұлттық тәрбие үлгісін ұғындырып, мәдениетті, адамгершілігі мол, шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – бұл қазіргі таңда өмір талабы мен 55 қоғам қажеттілігі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Оқулық 3 сынып – Әдебиеттік оқу. 2. Шәмші әндері - https://learningapps.org/view28450181 3. Димаш Құдайберген https://www.youtube.com/watch?v=sccQ5X5Xexs Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы. https://www.ibo.org/ МУРСАЛИМОВА АМИНА ТУСУПБЕКОВНА «Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп- гимназиясы» ШЖҚ МКК БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!