жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлттық құндылықтарға студенттерді тәрбиелеудің маңызы мен ерекшеліктері
Ұлттық тәрбиелеудің маңызы мен ерекшеліктері
Тараз инновациялық көпсалалы көлледжі
Директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары
Серибаева Жанна Темирхановна
Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, қиын балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы.
Ұлттық
тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді,
ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы,
кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да
ұлттық тәрбие – ел болашағы.
«Әрбір
ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз
ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,
тәрбиеші баланы сол ұлттың тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті» – деп, кезінде
ғалым М. Жұмабаев айтып өткеніндей, ұлт
тәрбиесін білім алушыға дұрыс деңгейде
бере білсек, бүгінде белең алып жатқан
жастар арасындағы келеңсіз оқиғалардан
арылуға жол салған болар едік.
Ұлттық
тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті
игеруге, сұлулықты сезініп, қастерлей
білуге, оны өз бойына дарыта білуге,
яғни, эстетикалық тәрбие бере білуге,
ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді.
Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы, жас
өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты,
әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі
сезімін, жан дүниесін түсіне білуге
бағыттауға ұмтыламыз. Халқымыздың сан
ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрасын
оқу-тәрбие ісімен сабақтастыра отырып
тәрбиелеу, ұмыт қалған салт-дәстүр,
ұлттық ерекшелігімізді насихаттап,
олардың бойына ұлттық психологияны
қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті.
Отбасы үшін бала – зор қуаныш. Баласыз
бақыт жоқ. Бірақ, баланың тууы ата-анаға
зор міндет, жауапкершілік те жүктейді.
Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен
психологиялық бейнесін қалыптастыру
негіздерінің негізі. Сондықтан оны
балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу
керек. Үй шаруасы мен баланы дұрыс
күтіп-бағу үшін тазалық сақтайтын әйелді
таңда. Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы.
Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі
де кінәлі. Ақылды, білімді етіп тәрбиелеу
үшін әке-шешесі баласын үнемі назарда
ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу,
ғылым-білімге қызықтыру – ата-ананың
қасиетті парызы. Балаңыз өмірде өксімес
үшін оған білім мен кәсіп бер. Үлгілі
тәртіптің негізі – білім, әдет-дағдыға
машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан
тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға,
ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге
үйрету керек», – дейді.
Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. мінез-құлық кемшіліктері – бұл тәрбиені дұрыс бермеу нәтижесі деп есептелген. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады.
Ата-ананың
тәрбиелеу
әсеріндегі
маңызды
ерекшелігі,
баланың
дидактикалық
ойындар
ойнауы,
рухани
және
ақыл-ой
тәрбиесіндегі
маңызы
көп
және
сол
үрдісте
баланың
еңбек
құралдары,
мамандықтары
туралы
түрлі
заттардың
ерекшеліктері
туралы
біліп,
білімде,
жұмбақта
және
жаңылтпашта
жарысады.
Халық
педагогикасы өзіне баланың өмірінің
түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса
олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез
ерекшеліктері және т.б. Көптеген халықтар
қыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлген және
оны жоғары бағалаған. Өйткені, қыз балаға
ертеңгі ұрпақтың анасы, тәрбиешісі деп
қараған. Халық педагогикасы тәрбиенің
көптеген әдістерін қолданған. Ғасырлық
тәжірибеде балаға тәрбиенің әсер ету
әдістері мынадай: түсіндіру, оқыту,
мадақтау, қолдау, көндіру, жеке үлгі,
жаттығуды көрсету, ымдау, тұспалдау,
жазалау т.б.
Отбасындағы бала
тәрбиесі бүгінгі таңда ғылым мен
технологияның даму әсерінен өзгеріске
ұшырап бара жатқаны белгілі. Бала ата-ана
тәрбиесінен гөрі теледидар мен интернет
тәрбиесін алып жатыр десек те болады.
Сонда біз болашақ ұрпағымызды тәрбиелерде
нендей бағыт ұстауымыз қажет деген ой
көкейге ұялайды. Осы жолда бұрынғы дана
Абайды тәрбиелеген әже тәрбиесі, Шоқанға
әсер еткен Айғаным тәрбиелері бүгіндегі
ата-ана мен ата-әжелеріміздің ескеруінде
болмауы. Яғни, біз балаға ертегі айта
отырып, жаттау жаттатқызып, білім мен
тәрбиені егіз ұғымда қатар жолға қояр
болсақ, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі
дұрыс жолға негізделері анық. Осы тұрғыда
Бауыржан Момышұлы: «Біріншіден, бесік
жырын айтатын келіндердің азайып бара
жатқанынан қорқамын, екіншіден
немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын
әжелердің көбейіп бара жатқанына
қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын
балалардың өсіп келе жатқанынан
қорқамын», – деп айтқан.
Ұлы Абай атамыз қазақ отбасындағы
кездесетін баланы жасынан алдап түбінде
өтірікшілікке, сұм адамшылыққа баулып
үйрету сынды тәрбиеге қайшы келетін
тұстарды сынға алады. Ондай
кемшіліктерді ол өз қара сөздерінде
былай жеткізеді: «Әуелі балаңды өзің
алдайсың, «ананы берем, мынаны берем»
деп бастап, балаңды алдағаныңа бір мәз
боласың. Соңыра балаң алдаушы болса,
кімнен көресің? «Боқта» деп біреуді
боқтатып, «кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші»
деп, масаттандырып тентектікке үйретіп
қойып, сабаққа бергенде молданың ең
арзанын іздеп, «хат таныса болды» деп,
«қу, сұм бол» деп тірі жанға сендірмей,
жат мінез қыласың. Осы ма берген тәлімің?
Осы баладан қайыр күтесің бе?», – дейді.
Әрине,
баланың сана-сезімі, ақыл-ойы осы нәресте
кезінен қалыптасатынын естен шығаратын
тұстарымыз көптеп кездеседі. Ал, біздің
ата-бабамыздың ұлттық тәрбиесі осындай
бала тәрбиесін жете ойлап, жан-жақты
қарастырып, тәрбие бастауларын нақтылап,
негіздей білген.
Қазақ отбасында ұлттық тәрбиенің негізі
– халықтық педагогика болғандықтан,
баланы ұлттық салт-дәстүрлер аясында
тәрбиелегенін кәрі тарих та дәлелдеп
береді. Яғни,
құрсақ тойы, шілдехана, сүйінші, қырқынан
шығару, бесік тойы, тұсау кесер, сүндетке
отырғызу тағы басқа салт-жоралғылар
қатаң ұсталып, басшылыққа алынып отырған.
Бұлардың ұлттық ерекшеліктері мен
тәрбие негіздері бар. Халқымыздың
тәлім-тәрбие беретін әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрлері мәдени құндылықтарымыздың
ажырамас бір бөлігі болып табылады.
Өскелең ұрпаққа бала кезінде
ұлттық тәрбиені сіңіру тиімдірек. Бала
шыбық тәрізді, қайдан жарық шықса, соған
қарай бұрылып өседі. Оған қоса, балаға
әсер ететін тартымды әуен екенін ескеріп,
ұлттық аспаптармен орындалатын әндерді,
күйлерді ақырын ғана қосып қойып,
санасына әсер ететіндей, құлағын үйрете
берген дұрыс. Әр түрлі ою-өрнектермен
әшкейленген суретті кітапшаларды
халықтық музыка әуенімен біртіндеп
ашып, көзін жаттықтыра беру керек. Халық
жырауларының термелерін, ертегілерді
тыңдату – бала бойына патриоттық сезімін
ұялататын бірден-бір тәсіл болмақ. Жас
балаларға және ата-аналарға арнап
республика көлемінде көп таралыммен
халықтың ата-мұрасынан қалған құнды
ертегілер, мақал-мәтелдер жалпы ауыз
әдебиеті үлгілерін бала сана-сезіміне
лайықтап, қалыптасқан шығармаларды
сұрыптап шағын кітапшалар етіп шығару
қажет. Бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп,
әр жас ерекшелігіне қарай білім берумен
сабақтастырған орынды деп ойлаймын. Ол
дегеніміз бала дүниеге келгенде бесікке
бөлеп, бесік жырымен сусындатудан
басталғаны абзал. Өйткені, ананың әлдиіне
жететін әдемі ән әлемде жоқ. Балаға
жасына сай жұмбақ шешкізіп, батырлық
жырларды жаттатқызып, жан-дүниесіне
жақын мамандыққа қарай икемдеуге
септігін тигізер болсақ, болашағынан
үлкен үміт күттірер, өз елінің болашағын
ойлар азамат тәрбиелеген болар едік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген