400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттық құңдылықтар-ұлттық мүдде " ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарлаамсы аясында өткізілген тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 01.02.2024

Топ:2

Педагог-тәрбиеші: Малтаева Г.С.

Тақырыбы: Қазақ есебі. Ұлттық құндылықтар-ұлттық мүдде

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық тағамдарымен таныстыру және математика, әліппе пәндерінен алған білімдерін қорытындылау. Сөздік қорлары мен ұлттық тағамдар туралы түсініктерін молайту.

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты презентация, бейнефильм, ойын атрибуттары

Тәрбие сағатының барысы:

Қызығушылығын ояту: Балалар менің қолымдағы сиқырлы қоржынға назар аударайықшы. Қазір ішінде не бар екенін білу үшін, сендер қолдарыңмен сипап-сезіп білетін боласыңдар. Кәнекей, ішінде бар не бар екен? Ішінен асықтарды балалар кезекпен алады. Балалар, бұл асықтар сиқырлы екен. Әрбір асық нөмірленген болады.

Бірінші асық тапсырмасы.Шаңырақ әдісі:

Шеңбер болып тұрамыз жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар сендерді «Шаңырақ асты – құт мекен» атты шаттық шеңберіне шақырамын. Шаңырақтағы бір-бір уықтан бәріміз ұстау арқылы өлең жолдарымызды айтайық:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық,

Уық болып иіліп,

Киіз үйді құрайық.

Екінші асық тапсырмасы Ойын: Балалар сендерге сандар жазылған шаңырақ таратып беремін. Ал, мен кубикті лақтырамын, сол кезде қай сан шықса, соны қиясыңдар.

Үшінші асық тапсырмасы Тілдік жаттығу: Ә. Дүйсенбиев «Не деу керек өлеңі»

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

Төртінші асық тапсырмасы: Сергіту сәті: Бейнефильмнен қарап, қимылдарды қайталайды.

Бесінші асық тапсырмасы: - Балалар, қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, қыз қуу, алтыбақан тебу, асық ату ойыны, көкпар, аударыспақ.

«Қыз қуу» ойыны. Ойын ережесі: ұл бала қыз баланы атпен қуып жету керек. Қазір кезекпен ойнайтын боламыз.

Алтыншы асық тапсырмасы:

-Балалар, кәнекей барлығымыз тақтаға назар аударайықшы. Кімнің суретін көріп тұрмыз?

-Дұрыс айтасыңдар дастархан басында отырған әже бейнеленген. Ендеше біз әжеге дастархан жасауға көмектесетін боламыз.

«Қазақы дастарханым» ойыны: тақтада ілініп тұрған дастархан суретіне қазақ тағамдарын кезекпен орналастыратын боламыз.

Қорытынды: - Бүгінгі тәрбие сағатымыз сендерге ұнады ма?

Балалар осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңдар!



















Шығыс Қазақстан облысы ББ «Ақ ниет мектеп-интернаты» КММ











Тақырыбы: «Қазақ есебі. Ұлттық құндылықтар-ұлттық мүдде»
















Өткізген: Педагог-тәрбиеші: Малтаева Г.С.

Тексерген: директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарының м.а Текенева Г.Ж.







Өскемен қаласы, 2023-2024 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.02.2025
182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі