400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық руханият- ұрпаққа аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шара мұғалімдерге жіне келешек елін сүйер ұрпақ бойында ұлтжандылық қасиетті дарытуда және "«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым екенін ұғындыруда, Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз екендігін, біздің даламызда кен де, темір де, қолөнер де бәрі болғандығын ұғындыруда тәжірибе алмасу мақсатында, іс-тәжірибесінде қолдануда пайдасы зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық руханият- ұрпаққа аманат


Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

«Ембі қалалық № 2 жалпы білім

беретін орта мектебі» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі





І жүргізуші: Құрметті көрермендер! «Ұлттық руханият- ұрпаққа аманат» тақырыбындағы гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығы аясында өткізіліп отырған «Ұлы дала ұрпақтары» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Ұлы дала елімнің сөнбес шырағы
Сарқылмайтын қазағымның бұлағы
Ұлы дала қасиетті -ұғым ұлы сөз
Шырқалады елімнің әнұраны

(Әнұран)

І жүргізуші: Ұлы дала –бейне бір жыр кітабы сияқты. Оны ұғынып оқи алсаң, жан дүниең жадырап,бағзы бабалардың баянды үнін,тарихтың тылсым сырын,туған еліңнің мәңгілік жырын ести аласың» деген болатын

ІІ жүргізуші: «Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ендеше, сол даланың тарихына бір сәт көз жүгіртсек.

(Ұлы Дала елі) видео

(Баяу музына ойнайды) Қазақтың монологы: (Г.Нұрғалиева) Иә ,Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», азат елімнің азат таңында өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығын тойлап жатқан қазақпын!…Осы күнге жету үшін не өтпеді басымнан,не өшпеді жылдарда қалған жадымнан…

Көкбөріден жаралып,Жер Анадан нәр алып таза тұнық қаным пайда болды.

Хандық құрып «жақсылармен» бауыр болдым,»жамандарды» аластаттым.

Жұлдыздай жарқырап «Шоқан» боп тудым.

Дана «Абай»боп тудым

«Ыбырай»боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік аштым.

«Алаш»болдым арыстандай ақырып,жолбарыстай жақсы істерді жапырып. Сол жылдары ауыр болды,Ресейдің қабағын торыдым,бұйрықтары құлағыма «жауыр» болды. Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім. ІІ Дүние жүзілік  соғыста құладым , жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым,рух шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп  Рейхстагқа ту тіктім.

Әрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,  ұрпағым болғасын Ресейден 1986жылы желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым.

Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.

Тәуба, Егеменмін, еркінмін, болашаққа шексіз жол салдым, бекіндім.

Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі» бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!

І жүргізуші: «Ұлы дала ұрпақтары»

Оқитындар: Аманжолова Медина, Хасен Зейнеп, Тоғаева Ақмарал




Медина : Ұрпақпыз біз! Көк бөрідей қаһарман,
Сақ,ғұндардан тамырымыз нәр алған.
Зобалаңда етігімен су кешкен,
Хас батырдан жаралған.
Ұрпақпыз біз!Өз күшімен құрған
Қазақ ордасын, Сызат салмай
Сақтап қалған тау-тасын,
Өзі аш боп жатса- дағы қиналып,
Қонағына бөліп берген сорпасын.
Ұрпақпыз біз!Текті болған жандары,
Ұйқы көрмей өткен талай таңдары.
Алғашқы хан салған дара ақ жолды,
Тәуке менен Абылайлар жалғады.

Ақмарал:Ұрпақпыз біз!"Елім-ай"деп үн қатқан,
Кедергі боп әрбір жерде тұр қақпан.
Тұтқиылдан келген жоңғар сабына,
Бір атаның баласындай оқ атқан.
Ұрпақпыз біз!Шешендікпен танылған,
Дау-дамайда үш билерге ағылған.
Бірер-екі ауыз ғана сөзбенен,
Жау аяғын өз еліне қайырған.
Ұрпақпыз біз!Желтоқсанда алаң кезген сескенбей,
Өздерінің жастарын да ескермей,
Өзі өлімге кесіліп бара жатса да,
Қайрат аға адал болды дес бермей.

Зейнеп: Ұрпақпыз біз!
Әлия мен Мәншүк сынды қыздардың,
Бауыржан мен Төлегендей ұлдардың,
Қайғы менен қасіретті көрсеткен,
Ұмытылмас салқын сызы жылдардың.
Ұрпақпыз біз! Қанға сінген ақындық,
Халық пенен қойғандайын жақын ғып,
Ыбырай мен Абайлар бар қазақта,
Өлеңдерін тұмар қылып тағындық.
Ұрпақпыз біз! Бақыт сыйлап өткен ата-бабамыз,
Сарынына тарихтың толып тұрған санамыз.
Нәсіп еткен тәуелсіздік жетті ғой
Енді біздер жұлдыз болып жанамыз.
Ән « Ұлы Дала» гимні (хор)




І жүргізуші: Ұлы даланың ұландарының бойы тұнған өнер. Олар еңселі елдің ертеңдері болғаны үшін қайсар да өжет, өнерлі.

ІІ жүргізуші: Ендеше, ұрпақтар жырына құлақ түрейік.

М.Шаханов «Отырар» оқитын: Н.Әбішов

І жүргізуші: К.Баянасова өзінің сүйікті ақынының өлеңінен жыр төгеді

Қазақ биі. Орындайтындар: 8 «а» класының жігіттер тобы.

(Сахна төріне оқушылар шығып, жартылай доға түрінде тұрады, қобыз әуенімен тербеліп тұрады. Қобыз дауысы сахнада орындалады). 
Толғанай: 
- Жер-ана, жан жаратқан Жер-ана, сен бізге бақыт бермесең неменеге жер боп тұрсың, 
біз не үшін дүниеге келеміз?! Біз сенің балаларыңбыз. Жер-ана, тілектес бол, ақ тілеуімізге жеткіз! 

Жер-Ананың сөзі: 
-Мен ештеңені ұмытпаймын, Толғанай. Жарық дүние орнағаннан бергі ғасырлар сыры бәрі менде. Кітапқа сыймаған, адамның есінен шығып жоғалған тарихтың бәрі менде. Сенің де басыңнан өткен тағдырың – жүрегімде. Мен сені дүниеге қайта әкеліп өмір сыйладым. Ұрпақ сүйгіздім. 
( Қолдарына шырақ ұстаған студенттер сахнадан шығып кетеді). 
1-жүргізуші: 
-Ей, адамзат, қара түнді күн еткен, қара жерге гүл еккен, Жер-ананы қадірлеп, қорғай біліңдер! Жер-ана бізді өмір үшін күреске шақырды, оны қадірлей білуге үйретті, ешқашан да туған жеріңді, туып өскен, кіндік қаның тамған Жер-анаңды ұмытпа. 
2-жүргізуші: 
-Туған жерден қанша жырақ жүрсең де, тарихтың талайынан бізге жеткен мәңгүрт Жоламан секілді туған жеріңнен, тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен саған өмір сыйлаған анаңнан безінбе... 

(күңіренген қобыз даусы шығады) Сахнаға Найман Ана шығады
Найман-АнаАна:  - Жоқ, ойбай, жоқ. Сенің а:  - Жоламан... Жоламан... Мен сенің анаңмын... Құлыным... Жоламан. Сенің әкең Дөненбай... Сенің атың кім? Білемісің? 
Мәңгүрт: - Мәңгүрт! 
тың - Жоламан!? Әкеңнің аты - Дөненбай. Мен сені Наймандардың ұлы көші кезінде туып, атыңды Жоламан деп қойғанмын. Сен туғанда үш күн той тойлағанбыз. Құлыным – ау, олар сенің басыңа не істеген? 
(Мәңгүрттің басын ұстамақ болады. Мәңгүрт аласұра қашады. «Хафиз күйі» орындалады). 
Ана:  – Е, құлыным, басыңа көң қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп шығыр салып бұрап, ақыл – есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалыны да қақталып ажал аузында ыңдының құрып жатқанда, кезерген ерңіне аспаннан бір тамшы тамбағанда, қасыңда бола алмадым. Айдала сенің ащы айғайыңнан жаңғырып, азапқа шыдай алмай күндіз- түні өкіре-өксіп, без бүйрек аспанға қарап, көк тәңірден араша күткен сәтіңде, жан азабы мен тән азабына төзе алмай ес – түсіңнен айырылып бара жатып, соңғы дәрмен қуатыңмен, бар даусыңмен бақырып, тастап кеткен қу құдайды қарғадың ба екен, құлыным? Оны айтасың, азаптан ақыл – ойыңды біржолата қараңғылық басып, сорақыдан алмасқан зерде тұманданып, ақыл – ессіз тұңғиыққа батқанда, сен сонда, құлыным, сені жарық дүниеге әкелгені үшін, сені туғаным үшін, мына бейбақ анаңды қарғамадың ба? 


Ауа, жерді, суды тартып алса мейлі, байлығыңды тартып алса мейлі, тіпті жаныңды алса мейлі... Ау, адамның ақыл – ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты? О, құдай, бар екенің рас болса, мұндай сұмдықты жұртқа қалай дарыттың? 
Мәңгүрт: - Ай... 
Найман – ана: – Онда не бар? 
Мәңгүрт: – Біреу отыр. Сонымен сөйлескім келеді. 
Найман – ана: – Жүр, балам. Тезірек кетейік. Елге барайық. 
(Жуан- Жуандар келеді, Найман – Ана қашады.)

Жуандар мәңгүртке садақ береді ).  Ол сенің кепешіңді алайын деп жүр. Келсе мынаумен ат!
Найман-ана: – Жоламан?! Құлыным, қайдасың? 
(Мәңгүрт садақ көздейді). 
Найман – Ана: - Жоламан! Құлыным! Атпа. Бұл мен, анаңмын, атпа. 
(Жоламан атады. Ана құлайды). 
Найман – Ана: -Жола-ма-н. Дө-нен-бай... 
Жер-ана: -Ей, адамдар, дүниенің төрт бұрышында өмір кешкен адамдар, сендерге не керек – жер ме? Мына мен –жермін, мен барлық адам баласына бірдеймін, маған таласуларыңның керегі жоқ, маған ынтымақ керек! Еңбек керек! Бір дән тастасаңдар, жүз дән етіп беремін, шырпы тастасаңдар, шынар қылып беремін, бақ отырғызсаңдар мәуелетіп беремін, мал жайсаңдар, шөп болып беремін, там тұрғызсаңдар, дуал боламын, үрім-бұтақтарың көбейсе, бәріңе жай боламын! Мен таусылмаймын, мен қабағымды шытпаймын, мен кеңмін, бәріңе де жетемін! 
Ән «Атамекен» хор

І жүргізуші: Ұлы Дала, Жер-Ана туралы өлең шумақиарға кезек береміз.

  1. Оқушы: Қалқаман Сарин Дала

Керме иық далам, келем көсіліп,

Аяғым асты көк шалғын.

Төсіңнен текті өлең көшіріп,

Батыр бабамды еске алдым.

Көгімде менің қалықтап ұшқан,

Кереге қанат – қыран құс.

Шетінен – Шешен, Алып, Данышпан,

Бабаларыма мың алғыс!

Бозарып атқан бозала таңнан,

Бозторғай үнін естимін.

Ұлдары – ұлт боп ҚАЗАҚ атанған,

Еңісте тұрған ескі үйдің.

Керілген керім кербез даламда,

Көлім де есен, тау аман.

Жусанын желпіп жел қозғағанда,

Жұпар аңқиды ауадан.

Домбыра далам, тоғыз пернелім!

Шанағы шерлі мұң сіңген.

Қоңыр төбелі қобыз кеуделім,

Момын молалар күрсінген...

Далиған мынау далада жүрміз,

Дара нұр төгіп қыр таңы.

Соры бес елі Бабалардың –

Біз Бағы батпандай ұрпағы!

2- оқушы: Шөмішбай Сариев ҰЛЫ ДАЛА - ШӨЛ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫМЫН

Ұлы Дала –Шөл даланың ұлымын,

Өркеш-өркеш құмнан өрген бұрымын.

Шөліркеген Шөл даланың көсемі –

Құмдары аман болса, мен де тірімін.

Ару Дала, арман дала, Шөл дала

Бұл жалғанда махаббатым сен ғана,

Жел ызыңдап қобызындай Қорқыттың,

Құмды кешіп жолға шықтым толғана.

Ұлы Дала – Шөл даланың ұлымын,

Құмдардың да көрдім мөлдір тұнығын.

Сол бір құмда аунап өскен еркелеп,

Бала кезгі еркелердің бірімін.

Ару Дала, Арман дала, Шөл дала

Ақ құм – сүттей бар қазаққа болды Ана

Аңқам кеуіп шөл басылмас жалғанда,

Ақшағыл құм – бар медетім сол ғана.

Ұлы Дала – Шөл даланың ұлымын,

Сол бір далам аман болса, тірімін.

Шөл даламды мәңгі сүйген бұл жүрек,

Сол далада алар мәңгі тынымын.

Ару Дала,Арман дала, Шөл дала,

Құс қанатын талдыратын кең Дала

Шөл даланың сұлулығын, сымбатын,

Бір түсінсе, түсінетін мен ғана!

Шөл даламен бірге жасар жырымын,

Шөл далада қымбат бұлақ тұнығым.

Ойға шомған терең дана құмдары Ұлы Дала –

Шөл даланың ұлымын.

3-оқушы: Ұлы дала... Самалы соққан маңдайдан сипап кең далам,
Сағына жеткен, көңілі көктем мен балаң.
Армансыз сүйіп топырағыңды қайран бабалар,
Өтіпті – ау әкем, жан анам...
Жусаны жұпар, жантағы мамық белдегі,
Өзіңе деген махаббатым маздап сөнбеді. 
Жайлауым, көлім, өзіңсің демім, қуатым,
Бақытты жандар елдегі...
Тоғайым құрақ, қамысы шулап өзенмен,
Табиғат-ару өзіңнен жылу сезем мен.
Шыбықты ат қып, қуана мәз боп, жүгірген,
Ыстықсың балғын кезеңнен...
Жырыма желкен өзіңсің мекен табысар,
Жалғанып жалған, бірімен бірі танысар.
Сағыныш, аңсау, мәңгілік сезім бітпейді,
Өмір ғой бәрі ауысар...
Фәниде пенде ғұн менен сақтан ақ алмас,
Ұлы даладан берілген бағы ең алғаш.


Әкедей асыл, анадай қамқор мекенді,
 Еш жерден басқа таба алмас...

Ән : Ұлы Дала гимні

Сөзі: Асығат Тұрғанбек

Әні: Ұлықпан Жолдасов

Ғажап далам, бақ далам,

Саңлақтарын баптаған,

Сенен артқан асыл өлке жоқ маған.

Туған елім, тұлғалы елім байрақты,

Төскейіңде түлеген,

Көктеуіңді тілеген

Ұлы дала ұландары айбатты.

Қайырмасы:

Ұлы далам бабалар басқан мекен,

Ертіс-Баян - тарихи дастан мекен.

Аймалаған ай нұрын

Маралды көл - байлығым,

Байтақ өлкем, жарқырап нұрлана бер.


Ғұламалар, ғалымдар,

Алашқа әйгі дарындар,

Бұл далада сақтан қалған сарын бар.

Аңыз далам ғасырлармен сырласқан,

Көсемдер мен батырлар

Шешендер мен ақындар

Топырағыңда тербетілген марғасқам.  

І жүргізуші: Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап
бабалардың аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат ет
тік,
Танытып бар әлемге қазақ атын.

ІІ жүргізуші:

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Көк туы мәңгілікке желбірейді

Рухы биік ғажап ел- Қазақ елі.

ӘН: Көк тудың желбіргені


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1102
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі