400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тағамдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге сабақта қолдануға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұлттық тағамдар


Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру, өзге ұлт оқушыларының қазақ тілде сөйлеу жазу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының ақ дастарқанын қадірлеуге баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ


Көрнекілігі: 1. Ұлттық тағамдар суреттері

2. Қазақтың дарқан дастарқаны

3. Сызбалар

4. Кәртішкелер


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру сәті

а. Сәлемдесу

ә. Диалог

II. Үй тапсырмасын тексеру

1. Қайдан келдің бауырсақ?

III. Негізгі бөлім.Тыңдалым.Тілдесім.Сөйлесім.

Мұғалім: Балалар көктем айында қандай мейрам болады?

Ықтимал жауап: Наурыз мейрамы

Мұғалім: Дұрыс. Наурыз мейрамын қалай қарсы аламыз?

Оқушы: Ұлттық киімдер киеміз, мерекелік шаралар болады, әр түрлі тағамдар дайындалады.

Мұғалім: Қандай тағамдар?

Балалар білетінін айтады.

Мұғалім: Ал осы тағамдар бір сөзбен қалай айтылады?

Оқушы: Ұлттық тағамдар.

1. Жаңа тақырып

а. Фонетикалық тапсырма

Мұғалім: дәптерді ашып бүгінгі күнді тақырыпты жазамыз.

Бүгінгі тақырыбымыз: Ұлттық тағамдар

Мұғалім: Тақырыбымыздағы қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңдар

«Ұ» дауысты жуан қысаң еріндік

«Қ» дауссыз қатаң

«Ғ» дауыссыз ұяң

Тыңдалым.Жазылым. Дәптерлеріңе жазыңдар, жазбаша әріп таңбасын.

ә. Сөздiк жұмысы:

Сүттен жасалған тағамдар - молочные продукты

Еттен жасалған тағамдар - мясные продукты

Ұннан жасалған тағамдар - мучные продукты


б. Таблицаны керектi сөздермен толықтыр:


Сүттен жасалған тағамдар Еттен жасалған тағамдар Ұннан жасалған тағамдар



Керектi сөздер:

бесбармақ, iрiмшiк, бауырсақ, айран, құырдақ, шұжық, сүт, нан, құрт, шелпек, қазы


в. Тапсырма: жаңа сөздердi дәптерге көшіру, сөз тіркестерін құрастыру.

Сергіту сәті.

Мақсаты оқушыны біраз сергіту.


Оқылым.Айтылым.Тілдесім. оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.


Ұлттық тағамдар


Қазақтың ұлттық тағамдарына: сүттен жасалатын (ақ тағамдар), еттен жасалатын (қызыл тағамдар), ұннан жасалатын (дән тағамдары) тағам түрлерi жатады.

Сүттен жасалатын тағамдар: сүт, қымыз, шұбат, iрiмшiк, уыз, май, балқаймақ.

Еттен жасалатын тағамдар: қазақша ет, шұжық, құырдақ, қазы қарта, сүр ет, бүрме, кеспе.

Ұннан жасалатын тағамдар: нан шелпек, таба нан, күлше, төңкерме, бауырсақ, құймақ.Бұл тағамдар адам ағзасына өте пайдалы. Ас туралы мақал – мәтелдер көп:

1.Қазақтың ұлттық тағам түрлерін ата.

2.Қандай сүттен жасалатын тағамдарды білесің?

3.Еттен жасалатын қандай тағамдарды білесің?

4.Қандай ұннан жасалған тағамдарды білесің?


Айтылым.Мақал-мәтелдер айту.

1) Ас – адамның арқауы.

2) Ас иесiмен тәттi.

3) Арпа, бидай ас екен

Алтын, күмiс тас екен.


Жазылым.1. Мәтіннен зат есімді теріп жазу

2. Сын есімдерді теріп жазу




Ү. Сабақты бекіту.

Не өттік?

Не білдім?

Не білгім келеді?

ҮІ.Оқушылардың білімін бағалау.

VІІ . Үйге тапсырма


Шығармашылық жұмыс: «Ұлттық тағамдар»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі