400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тағамдар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық тағамдар


Мектеп: Мұғалжар ауданы Талдысай орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калдымурзина Жаннұр

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

1.3. 8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық  талаптарға сай   жазу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді.


Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар: Сөздерден сөйлем құрастырады.Сөйлемнің құрылымын сақтайды.

Тілдік мақсат

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің қандай түрлері бар?

Негізгі терминдер мен ұғымдар: сөйлем, хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяға сай құндылығы:

Жауапкершілігі мол, белсенді азаматтық ұстанымы бар,өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайды және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады,шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлайды, АКТ тиімді қолдана біледі, өмір бойы білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын тұлғаны тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Сөйлем түрлерін ажырата алады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.

Тренинг: “Бүгінгі күн мен үшін ..............”

Балалар шеңберге тұрып, өз пікірлерімен бөліседі.

Сыныпта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Ойлан, тап!» ойыны ойнатылады.Сандарды ретімен орналастырып, артында жазылған әріп арқылы жаңа сабаққа кіру.

Л Ө Е Й С М

4 2 5 3 1 6

1,2,3 ке саналып, топқа бөліну.

Топ мүшелерінің «Алтын ережесі»:

  1. Тәртіпті сақта

  2. Уақытты үнемде

  3. Өзгенің пікірін тыңда

  4. Нақты жауап – дұрыс нәтиже





Қима қағаздар





Сабақтың ортасы












І. Топтық жұмыс.
Ойын ойнату.
Ойынның аты: «Адасқандар сөздер»

Берілген қима сөздерден дұрыс сөйлем құрастырып оқыңыз.

ІІ. Жұппен жұмыс. Игерген материалын талдайды келіп, ой бөліседі.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Оқиғаның ретін анықтап, белгілеңіз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.


«Мен рахмет айтар едім» (жақсы түсіндірген жолдасына рахметін айтып немесе басбармақпен көрсетеді)


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып аламыз.

ІІІ. Жеке оқушымен жұмыс. «Тез ойла ».

Оқушыларға арнайы қима жұмысы беріледі. Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қояды. Шапшаң орындаған оқушыға сыйлық ұсынамыз.

  1. Бала шана тепті.

  2. Табиғат неткен сұлу!

  3. Сен қайда бардың?

  4. Қап, бәлем, тұра тұр!

  5. Шие піскен уақыт.

  6. Сен шұбат ішіп көрдің бе?

  7. Уыз деген не?

  8. Әй, кемпір- ай!

  9. Біз мектепке барамыз

Дескриптор

Критерии

- сөйлемдегі сөздерді дұрыс жинақтайды;


- сөйлемді жинақтай алады.

- құрылған сөйлемді оқиды

- сюжетті суреттердің байланысын анықтап, ретін жазады.

- сурет бойынша әңгіме құрастырады;

- құрастырған әңгімені жүйелі баяндайды..

- сюжетті суреттерді сипаттайды.

- сюжетті суреттерді реті бойынша әңгіме

құрастырып айтады.

  • сөйлем соңына тыныс белгіні қояды.

-сөйлеммен жұмыс жасай алады.











Смайликтер











(түрлі сыйлықтар)

Сабақтың соңы



Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Б ұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.





Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай





тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?





Пәнаралық байланыстар.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
АКT-ды қолдану

















Сабақ бойынша рефлексия

  1. Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

  2. Сабақта кім көп сөйледі: мен бе, оқушылар ма? 20:80% пропорциясын сақтадым ба?

  3. Оқушылар оқулықты қайталады ма? әлде оның ауқымынан тыс шығып, материалды тереңдетті ме? Оқулық мақсат болды ма? Әлде құрал болды ма?

  4. Мен оқушыларға дайын мәлімет бердім бе, әлде оларды нәтижеге жетелеп, бағыттадым ба?

  5. Сабақта топтық жұмыс басым болды ма? әлде жеке жұмыс па?

  6. Сабағым үш «Қ» қағидасына («Қызық.Қиын.Құнды») сәйкес болды ма?

  7. Сабағымның 3 ең құнды жері қандай болды?

  8. Сабағымның 3 ең қызық жері қандай болды?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

1. Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты )?

1:

2:

3. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, /қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі