400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тағамдар.Мәтін. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 1 сынып мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Сауат ашу

Мектеп: А.Оразбаева ат.жоббм

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып: 7 -бөлім: Тағам және сусын

Мұғалімнің аты-жөні: Б.Н.Булкаирова

Күні: 17.04.18

Қатысқандар саны: 18

Сынып: 1 а

Қатысқан оқушылар саны:

18

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық тағамдар.Мәтін.

Оқу мақсаттары

1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Мәтінді оқи алады.Жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді түсініп,буындап оқи алады.

Кейбір оқушылар: Мәтінді тұтас түсініп оқып,әдемі жазады.


Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

Мәтінді түсініп,буындап ,тұтас оқиды,әдемі жазады.

Тілдік мақсат

Ұлттық тағам – национальная блюдо-national food(нейшнал фуд)

Шұбат – шубат- shubat

Қымыз – кумыс-kumis


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, жауапкершілік, шығармашылық, құрмет.

Ширатуда ынтымақтастық қалыптастыру, жұптық жұмыста бір-бірінің сөзін бөлмеу, топтық жұмыста жауапкершілікті сезіну, бір-бірінің ойын тыңдау, құрмет көрсету,достарын ынталандырып отыру, саралау тапсырмада шығармашылығын дамыту.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, математика,музыка ,орыс тілі,ағылшын.

АКТ-ны қолдану

Флепчартта бейнеленген суреттер бойынша ашық сұрақтар қою.

Осыған дейін меңгерілген білім

Ұлттық тағамдар .Әліпби

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер



Сабақтың басы

5 минут


Ширату

Үлкендерге сіз,

Кішілерге біз.

Әдеппенен бас иіп,

Сәлем бердік біз.




Сабақтың ортасы















Есепті шешу

Сыныппен жұмыс




- Дыбыс дегеніміз не?

- Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс түрлерін ата?

- Сөз, сөйлем дегеніміз не?

1.Мәтінді оқып,сүттің пайдасы туралы айтады.

2.Сүттен жасалатын тағамдар./ планшетке топтастыру/

-Жақсы балалар!

-Балалар біздер қазір барлық пәндерде ұлттық тағамдар тарауын өтіп жатырмыз.

«Мәтін» сөзі шығады.

Сабақ мақсаты:

Берілген мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін білетін боламыз және жазу жол аралығын сақтап әдемі жазамыз.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқиды.

Шұбат

Сен шұбат ішіп көрдің бе? Шұбатты қалай әзірлейтінін білесің бе? Шұбатты түйе сүтінен ашытып жасайды. Халқымыз «Шұбат – жанға қуат» деп бекер айтпаған. Өйткені шұбат – шипалы сусын. Шұбат ішсеңдер денсаулықтарың мықты болады.

«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамын.

-Мәтін не туралы?

-Саған шұбат ұнай ма?

-Шұбатты неден жасайды?

-Шұбаттың қандай пайдасы бар?

-Тағы да қандай ұлттық сусын түрлерін білесіңдер?

-Сүттен жасалатын тағамдарды атаңдар.

Дескриптор:

-Шұбаттың неден жасалатынын біледі.

-Шұбаттың пайдасы бар екенін айтады.

-Шұбаттан да басқа ұлттық сусындар туралы біледі.

Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі

Ендеше «ұлттық тағамды» үш тілде айтып көрелік.

Ұлттық тағам – национальная блюдо-national food(нейшнал фуд)

Шұбат – шубат- shubat

Қымыз – кумыс-kumis
















Сергіту сәті
















Кел,кел досым бізге қосыл
Сүт ішейік бір уақ
Біздей мықты балалармен
Жарқын болсын болашақ
Ас қадірін білейік
Аман есен жүрейік.  

1-топ: Ребусты шешіп ,сөйлем құрап жазу.

2-топ: Сурет бойынша әңгіме құрап айту.

3-топ: Қима әріптерден сөз құрау.

2-жаттығу .Көркем жаз.



Ұ «Тақырыптық түйінді сөз» әдісі

Овал 2 Хорда 1







Бірінші шеңберде бүгінгі сабаққа қатысы бар және қатысы жоқ сөздер жапсырылады. Топта ақылдаса отырып бүгінгі сабаққа қатысы бар сөздерді таңдап алып екінші шеңберге орналастырады.

ҚБ: Қол шапалақтау

ҚБ: Қ "Ақиқат, Жалған" әдісі арқылы сабақты пысықтау.

1.Уыз - ет тағамы.

2.Қымыз түйенің сүтінен жасалады.

3.Шұбат - шипалы сусын.

4.Қымызды жейміз.

5.Уыз жаңа туған төлден алынады.



Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс

1.Егер сабақ ұнаса және тапсырмаларды дұрыс орындасаң қозыны жасыл түске боя.

2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң сары түске боя.

3.Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды қиын болып,сабақ ұнамаса қызыл түске боя.

«Еркін микрофон» әдісі.

Еркін микрофон арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі