Материалдар / Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі

Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
827
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі Мақсаты:Оқушыларды  ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен  мұрасымен   таныстыру.Оқушыларды  халықтық салт-дәстүрден нәр алып  өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды  болуға тәрбиелеу.Халықтық салт-дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамытуКөрнекілік: нақыл сөздер,  қабырға газеттері, буклеттерСабақтың барысыІ. Кіріспе бөлімІІ. Негізі бөлім
  • Таныстыру
  • Көрініс
  • Шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым , тыйым сөздер
ІІІ. Қорытынды бөлім
  • Сұрақтарға жауап беру
І.Кіріспе сөз.Құрметті ұстаздар бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»  атты тәрбие сағатына  қош келіпсіздер!Бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі»  атты тәрбие сағатында  ата-бабамыздан  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен танысамыз. Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір аыуз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл халық болған.Ізетіңді түйме етіп,Иманыңды күйме етіпЖүрші балам,Жамандықты күйретіп,Балалар бабаларымыздың жақсы дәстүрін бойларына  сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза,  елжанды ұрпақ болыңдар!ІІ. Негізгі бөлім1 – бастаушыАрмысың , аманбысың асыл халқым,Әрқашан арта берсін сенің даңқың.Ұмытпай қазағымның ата-салтынӘрқашан арат берсін сенің даңқың. 2-бастаушыҚашанда жақсылардың соңына ерем,Көкейден жыр нөсерін  бүгінБүгінгі «Ұлттық тәрбие- ұлағат көзі» аттыТәрбие сағатына қош келіпсіздер!   1-бастаушыМен қазақпын, биікпін байтақ елмінҚайта тудым, өмірге қайта келдімМен мың да бір тірілдім мәңгі өлмескеАйта бергім келеді, айта бергім.— Балалар! Ұлтымыздан, бабамыздан бізге не қалған.1-топ  Шешендік сөз нәрі2-топ  Салт-дәстүр нәрі3 топ   Ырым, тиым сөздер 2-бастаушыЖаңарғаны сананыңҰмытады мұны кім?Ата-баба дәстүрін,Жайып салар  келді күн.Олай болса, топтардың  таныстыру кезеңіне сөз берейік, дайындаған қабырға газеттерін таныстырып өтеді.1-топ  Шешендік сөз нәрі2-топ  Салт-дәстүр нәрі3 топ   Ырым, тиым сөздер 1-бастаушы:Атадан  ұл туса игі,Ата жолын қуса игі.Өзіңе келер ұятын,Өзі біліп тұрса игі! – деп Төле би айтқан екен. Олай болса ендігі кезекте ата жолын қуып жүрген  «Шешендік сөз нәрі»  тобы дайындап келген  көріністерін  көрсетеді 1-бастаушы:Алтын ұяң – Отан қымбат,Құт берекең – атаң қымбат,Аймалайтын анаң қымбат.Асқар тауың — әкең қымбат,Туып — өскен жерің қымбат,Ұят пенен ар қымбат,Өзің сүйген жар қымбат- деп  Қаз дауысты қазыбек би айтқан екен. Келесі кезекті 2-топ «Салт-дәстүр» тобына береміз. 2-бастаушы:Ашу деген ағын су,Алдын ашсаң арқырар,Ақыл деген дария,Алдын  тоссаң тоқырар,Кісі  бірге туыспау керек,Туысқан соң сөз қуыспау керек,Сөз қуған бәлеге жолығады,Жол қуған олжаға жолығады, — деп әйтеке би айтқан екен. Олай болса  3-топ «Ырым, тиым сөздеріне» кезек береміз 1-бастаушы.Жәнібек  халықты жиып:-Үш арсыз, үш ғайып,  үш жетім болады, соны кім табады?-депті.Жиналған халық көп дағдарып:Үш арсыз:  ұйқы арсыз,  күлкі арсыз, тамақ арсыз. 1-бастаушы:Үш ғайып :  қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып деп шешіпті.Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. 2-бастаушы:Сонда Жәнібек хан:-Елде келмеген кім қалды? Деп сұрапты.-Келмеген Қарабас шешен қалды, -депті халық.Жәнібек хан Қарабас шешенді шақырып алып жауабын содан сұрапты. 1-басатушы:Сонда Қарабас:-Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой – депті де:Оты жоқ жер жетім,Басшысы жоқ ел жетім,Елінен ауған ер жетім,Тыңдаусыз қалған сөз жетім,Жоқтаусыз қалған қыз жетім, — депті. Қалай тауып айтылған шешендік сөздерОлай болса   «Шешендік сөз нәрі» тобына кезек береміз. 2- бастаушыАта-баба ардақты,Жамандыққа бармапты.Ардақ тұтып үлкенді,Ата жолын жалғапты . 2-топ « Салт-дәстүр нәрі»Ата-бабамыз кейбір сандарды қасиетті деп есептеген. Ол сандар 3,5,6,7,9 т.б.
  • Үш байлық, -Төрт мұрат, -Бес қару, -Алты парыз
 1-бастаушы:Ата –салты ардақты,Әрбір сөзі салмақты,Сол сөздерді ұқпасаң,Тістерсің бір күн бармақты. 3-топ  «Ырым, тиым сөздер» 2-бастаушыТілім барда қазағым бар, халқым бар,Дәстүрім бар , ата – жолы салтым бар.Кең даладай жиналмаған шалғайы,Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ. 1- бастаушыКөк байрағым, ар-намысым жігерім,Әнұраным қайрат күшім тірегім.Елтаңба бүкіл елдің тарихы,Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін 2-бастаушыДостарым түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсе жүздер жарқын.Салт-дәстүрін бабамның үйреніңдерБақытқа бөлеңдерші қазақ халқын. ІІІ. Қорытынды  бөлім3 топ өздері бір-біріне  сұрақтар қояды./ 1-топ 3-топқа, 2-топ 1-топқа, 3-топ  2-топқа /Нақыл сөздермен жұмыс.Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!ХХІ – ғасыр азаматының бойында  өркениетті  өмірге талпынатын,  ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін,  үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін! 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ