Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

№201 мектеп-лицейінің мұғалімі

Тыныштықбаева Алтынкүл Ераліқызы

Күні

Сынып: 8

Формасы

Топтық жұмыс

Бағыты

Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Тақырыбы

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы».

Жалпы мақсаты

Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

 2) Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

 3)  Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.

Негізгі идея

Ұлттық тәрбиенің-ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер

Ой қозғау, топтастыру, баяндау, пікірлесу, посттер қорғау.

Керекті жабдықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті.
2.
Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3.
Интерактивті тақта, слайдтар. Шарлар, гүлдер, музыкамен

Сабақ барысы

Мұғалім іс – әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Мотивациялық кезең

Не білемін? (сұрақ қою технологиясы)


1.Ынтымақтастық атмосферасын кұру.

2.Топқа бөлу: (түстер терапиясы)

1- қызыл түс, 2-көк түс, 3-сары түс

3. Оқушылармен  амандасып,бүгінгі  

сабақтың  мақсатымен таныстыру.

4. Қызығушылықты ояту.

 Ұлттық тәрбие:

1.«Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2 «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.«Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

Оқушылар «Жолдау» туралы бұрыннан білетінің, естігенің, көргеннің сыни тұрғысынан ойлау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашу (Білу)


Интерактивті тақтамен жұмыс жасай отырып,ұлттық тәрбиені баршына аша түсіндіріп, әр оқушыға жетелей түсіндіру.

Әрбір ұлттық тәрбиеге әрбір оқушы өз пікірін білдіреді

Мағынаны тану (Түсіну)

Сөзжұмбақ шешу


Миға шабуыл:

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар

1.Жеті қазына

2.Жеті жұт

3.Жеті ата

4. Жеті күн               

5.Жеті ғалым                                 

6.Жеті әулие

7. Жеті жоқ                                                     

8.Жеті жетім

9.Бес қару                                   

10.Бес өсиет                                     

11.Бес намаз

12.Бес жаратылыс                                                  13.Бес қатер

14. Үш даусыз                          

15.Үш арсыз                               

16.Үш тәтті

17.Үш ғайып                                

18.Үш қадірлі                                  

19.Үш қуат осы өсиеттерді атап береді

Ой-толғаныс
Топтық тапсырма:Тірек сызбалар арқылы ұлттық тәрбиені насихаттау және посттер қорғау
1,2,3-топтар бойынша.

Интерактивті тақтадағы мына 10 сөзді пайдаланып, барша Қазақстан халқына ақ тілек білдірсеңіздер.
1 отбасы

2 ұлттық тәрбие

3 ұлттық сана

4 Қыз
5Ұл
6 Қазақстан
7 Ата - ана
8 Мектеп
9. Ақыл
10. Достық
Ұстаздың қорытынды сөзі:
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!»- деген елбасымыздың қорытынды сөзімен аяқтағым келеді. . Белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет!                   

Оқушылар бірлесіп сөзжұмбақты шешеді.

өздерінің тың идеяларын схема немесе суреттермен постерге салып қорғайды




оқушылар өздерінің танымдық және шығармашылық жұмыстарымен бірлесе отырып ой қозғайды.



оқушылар сөз мәдениеттілігін көрсетіп өз еліне шын жүректен ақ ниеттерін білдіреді.

Нені білдім? (Қолдану)




Топтық жұмысты бағалау














Талдау















Жинақтау


Жағдаятта талдау:

Тындалым: ұлттық тәрбие туралы бейнеролик көреді.

Айтылым: Өз ойларымен бөліседі.

Жазылым: Бейнематералдан көргенің постерге түсіріп, ой қорыту.

Смайликтермен көңіл күйін біліп, бағалау







3)Талдау сұрақтары:

Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ  жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі білдік сонымен қатар өздеріне қажетті нақыл сөздерді біліп, алдағы уақытта өз тәрбиелеріне қосып аларсыңдар деген сенімдемін

4)Жинақтау: (Оқушылар ойды біріктіреді)


Әр топ бір бірінің жасаған жұмысын қызы-ғушылықпен

тыңдайды


Бес саусақ әдісі арқылы бір-бірін бағалайды . Топ мүшелері бір-бірін бағалайды, шынайы баға орын алады, бағалауды үйренеді.



Оқушылар

белсенді түрде

қызығушылқ пен

өз ойларын анық

дәлелдермен

келтіре отырып

жауап береді, бұл

сұрақ көпті

толғандырады.

Бірінің ойын бірі

толықтырып өте

жақсы жауап айта білді

Қорытындылау


Қазақ халқының  ұлттық тәлім тәрбиесі мен  мәдениеті  талай  халықтардың  өкілдерін  таң қалдырғаны  тарихи  жазбалардан  белгілі. Ұлы саяхатшылар  мен  зерттеушілер  қазақтың  ежелгі  тұрмыс тіршілігі, мәдениеті  мен  ауыз  әдебиеті  туралы, ер адамдар  мен  әйелдердің  моральдік этикалық ерекшеліктері  туралы, олардың  тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы  әлеуметтік   орны  туралы, ұлттық  наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді  өмір  сүргеніне қарамастан  салты  мен  дәстүрінің  біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен  бейнелеу  өнерінің, ауыз  әдебиеті  және  музыка  өнерінің  жалпы  дала мәдениетінің  таң  қаларлық  үлгілері  туралы  таңдай  қаға  айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.

Оқушылар өздерінің ойын бір сөзбен аяқтап, Қазақстанның болашағын гүлдердіру жолында білім аламыз деп сенім білдірді

Бағалау кезеңі


Белсенді түрде қатысқан оқушылар мен ұйымшыл топтарға екі жұлдыз бір тілек арқылы, болашақ жастардың қолында екенің түсіндіру.

Оқушылар бір – біріне ізгі тілектерін білдіреді.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?

Сізге не ұнады, не қиын болды?

Алдағы уақытта еліміздің экономикасын жақсарту үшін не істер едіңіз?



Стикерге алған әсерлерімен бөліседі.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2018
1637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12