400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық тәрбие беруде халық педагогикалық үлгілерін пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып студенттеріне әдістеме жағынан көмек береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ








Ғылыми жұмыс




Тақырыбы: Ұлттық тәрбие беруде халық педагогикасының үлгілерін пайдалану


















Студент : Ануарова Д
















Аксукент-2020


«Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .

  Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.

 Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

 Ұлттық тәрбие:

1.      «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2.      «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,

3.     «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.

       Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгізген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

     Ел Президентінің сөйлеген сөзінде: «...Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен білім технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет..», – деп, атай келе «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...Біздің жас мемлекетіміз өсiп-жетiлiп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жігерлі, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкілдері болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерін сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады...», – делінген.

Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі  Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірістік ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп». Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек.

     Оған қарсы тұру үшін ұлттық тәрбиеге арқа сүйеу керектігін басып айтуға болады. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз
Мектептегі оқыту процесінде халық педагогикасының үлгілерін орынды пайдаланудың маңызы зор.Халық педагогикасының негізгі салалары: ауыз әдебиеті және ұлттық салт-дәстүрлер.

Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс беретін құбылыс.

Әдептілік негіздері – дәстүрлер мен әдеп – ғұрып, салттар. Дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени денгейін көрсетумен қатар, тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдастыруының маңызды формаларын көрсетеді.

Осы пәннің алғашқы бағдарламасы және оқулықтарын дүниеге келтірген ғалым-педагогтардың С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б. еңбегін ерекше атап өту жөн.

Олардың пікірі бойынша, “педагогика ” пәнінің мақсат міндеттері мен мазмұны мынадай бағытта болуға тиісті.

“Педагогика” пәні жас ұрпақтың есті, еңбек сүйгіш, адал, әділ, ізетті де шабытты азамат болып өсуіне игі ықпалын тигізетіні бақылау нәтижесінде анықталады. Алайда, аталмыш пен мазмұны арқылы ХХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек ететін саналы азамат тәрбиелеудегі қоғамдық сұраныс толық орындалмайды. Сондықтан, ата дәстүріміз кешенді түрде жаңғыртып, бүгінгі педагогикалық талаптарға сай қолдану ләзім. Ол үшін, мектептегі барлық пән мазмұнына мүмкіндігінше халық педагогикасын ықшамдап орынды енгізу.

Халқымыздың ұлдары мен қыздарының санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек.

Оқушы өзінің жеті атасын біліп, оған қосымша атаның өсу, өмір сүру жолын, елді қорғаған қазақ батырларының ерлік жолын, халықтың әні мен күйін, термешілерін білуге тиіс.

Осы мақсатқа орай 4-сыныптың қазақ тілінен өткізілген «Мақал-мәтел» тақырыбына оқушыларға төрт түлік малға, достыққа, бірлікке, еңбекке байланысты мақал-мәтелден білетіндерін айтқыздым, мағынасын түсіндірдім. Өтілетін тақырыпқа байланысты оқушыларға алдын ала тапсырма беріліп, оны дәптерлеріне жазып, жаттап келу тапсырылды.

Төрт түлік туралы өлең-жырлар, мақал-мәтелдерді көп айтқан қатардың жеңімпаз болатындығы ескеріліп, ол малдардың бізге қандай пайдасының барын, олар туралы жұмбақтар шешілуі айтылды.

Арнаулы «Білім мен салт-дәстүр сыны» атты жасалған қалталардан оқушылардың өз қалауы бойынша карточкалар алынып, бірі – сабақтың негізгі тақырыбына байланысты сұрақ та, екіншісі – халықтық дәстүрге байланысты сұрақтар қойылды.

Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері бар. Олар халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің денгені, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан , халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады. Сонымен қатар салт – сана, дәстүр қатып – сіңген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес, елдің экономикасының, мәдениетінің өркендеуімен бірге олардың озықтары одан әрі дамып, жаңғыра түседі, тозықтары қолданыстан қалып, ұмыт бола береді.

Дәстүр ұғымы барлық халықтарда бар. Ол тарихи негізінде қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет – ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдет - инабат нормасы болып табылады. Дәстүр өзінің негізі мен қалыптасуы, өмір сүру жағынан барынша ұлттық сипатта болады, әрбір халық жалпы адамзат мәдениетіне санасымен үлес қосады.

Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру болып табылады.

Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Тұрақтылықты реттей отырып, дәстүр қоғамдық болыстың ең маңызды негізін түзеді. Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан, өзгеріп, жаңара береді. Сөйтіп, дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру пайда болады, ескі қатынас түрлерінен қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған өндіріс тәсілдері мен оған сәйкес келетін өндірістік қатынастарды реттеу формалары ғана емес сонымен бірге қоғам мүшелерін өзімшілдіктен, томаға тұйықтықтан құтқаратын құрал деп есептейді.

Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Бұл жерде дәстүр әлеуметтік бірлікті қалыптастырудың құралы және ұйытқысы, ережесі сипатында көрінеді. Мұның тарихтағы айқын мысалдарының бірі – рулық қауымдастықтар, олардың ауыз бірлігі, тұтастықтарын ақтауға ұмтылушылық. «Кімнің жерін жайлайсың, соның жырын жырлайсың» деген мақал соған байланысты айтылған. Шынында да, дәстүр жақындастырады, араластырады, біріктіреді. Сонымен қатар оның қоғамилығы кейде тікелей емес, сырттай, жанамалай да көрініс береді.

Дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып – жалпының ортақ игіліктері. Өйткені өз елінің , халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт – сана, әдет – ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ. Тегінде осындай адам бола қалғаның өзінде оның басқа бір халықтың дәстүрімен тоқайласуына, яки санасуына тура келеді. Өйткені адам қоғамда өмір сүреді, ол қоғам оған өзінің әдептілік-тәрбиелік қағидаларын, көнеден орныққан жол-жосынды орындауды, сақтауды талап етеді.

Егеменді ел жастарының санасын ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу дәстүрінің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан таным-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлерді жас ұрпақтың жас жүесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық мәдениетті игереген иманжүзді, инабатты, жалпы адамзаттық, асыл қасиеттерге, ие болады.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлық құлықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт-дәстүрлі, әдіп-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге, халық ана алдында борышты.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы – оның халық педагогикасы, яғни ауыз әдебиеті мен ұлттық салт-дәстүрлі болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-тендігін сақтап, әсіресе, жан азығына баса көңіл бөлген халқымыз өмір тануды үптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айюанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды, жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағандай-ақ оған жақсы мен жаманды ажыратып, түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып ойын дамытады. Жас баланың нәресте, балдырған, бөбек кезіндегі адам болып қалыптасуы 2-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста әдептілік негіздерін үйреніп, оның тектік қасиеттерді қалыптасады.

Адам өмірінің «адам бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірді бастап, адамның асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйрене береді. Балалар өмірінің қызықты да қымбатты кезеңіне лайықтап, ұлттық тәлім-тәрбиенің бір нұсқау ретінде «Педагогика» тақырыбына бағдарлама жасалып, ұлттық дәстүр мен мәдениет негіздерін бастауыш мектеп оқушыларына үйрету мақсаты қойылып отыр.

Мектептегі оқыту процесінде халық педагогикасының үлгілерін орынды пайдаланудың маңызы зор.Халық педагогикасының негізгі салалары: ауыз әдебиеті және ұлттық салт-дәстүрлер.

Ғылым жұмысатын мақсаты: Халқымыздың ұлдары мен қыздарының санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек.

Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет – ғұрыптары, салт – дәстүрлері бар. Олар халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан сол халыққа жататын адамдар мәдениетінің денгені, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан , халықтардан айырмашылығының барлық белгілері айқын танылады.

Дәстүр ұғымы барлық халықтарда бар. Ол тарихи негізінде қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет – ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдет - инабат нормасы болып табылады.

Дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып – жалпының ортақ игіліктері. Өйткені өз елінің , халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт – сана, әдет – ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ.

Егеменді ел жастарының санасын ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу дәстүрінің мәні зор.

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлық құлықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт-дәстүрлі, әдіп-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге, халық ана алдында борышты.

Қортынды:

Адам өмірінің «адам бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірді бастап, адамның асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйрене береді. Балалар өмірінің қызықты да қымбатты кезеңіне лайықтап, ұлттық тәлім-тәрбиенің бір нұсқау ретінде «Әдеп әліппесі» тақырыбына бағдарлама жасалып, ұлттық дәстүр мен мәдениет негіздерін бастауыш мектеп оқушыларына үйрету мақсаты қойылып отыр.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы – оның халық педагогикасы, яғни ауыз әдебиеті мен ұлттық салт-дәстүрлі болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-тендігін сақтап, әсіресе, жан азығына баса көңіл бөлген халқымыз өмір тануды үптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айюанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды, жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағандай-ақ оған жақсы мен жаманды ажыратып, түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып ойын дамытады. Жас баланың нәресте, балдырған, бөбек кезіндегі адам болып қалыптасуы 2-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста әдептілік негіздерін үйреніп, оның тектік қасиеттерді қалыптасады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі