15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық тәрбие. Салт-дәстүрді білген абзал.Ізденіс жұмысы
Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр.Келінінің аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы.
Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.
Шілдехана
–
жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған
той. Бұл тойда "Балаңыздың бауы берік
болсын!" - деген құттықтау айтылады.
Шілдехана – баланы жын шайтаннан
қорғап, күзетуден болған дәстүр. Сондықтан
шілдехананы «Шілде күзет» - деп
атаған.
Тыштырма(дәстүр)Сәбиді
бесікке салар кезде бесіктің түбегі
тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер
өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым
жасайды және оны «тыштырма» деп
атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп
бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп
береді.
Иткөйлек – сәбидің қырқынан шығарылғанша киген көйлегі. Сәбидің денесіне батпауы үшін тігісі сыртына қаратылып, жөрмелеп, іліп қана тігіледі. Кейде иткөйлекті көп жасаған адамның киімінің қалдығынана да тіккен. Етегін, шеттерін бүкпей, кең - мол, үлкен етіп тігуі нәрестенің жақсы өсіп, жасының ұзақ болуын тілеуден туған. Бала қырқынан шығарылар күні осы уақытқа дейін киген иткөйлегіне түрлі тәтті-дәмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап жібереді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, иткөйлекке түйілген тәттілерді бөліп алады да, иткөйлекті иесіне қайта тапсырады. Бұл ғұрып "ит қуу" деп те аталады, мәні сәбидің пәле - жаласын қырық жаны бар хайуан - ит өзімен бірге алып кетеді деп сенген. Балаға иттің жүйрік, ақылы озық, алғыр қасиеттері дариды, сәби күшікше бауырын тез көтеріп, жаны берік, "итжанды" болады деп те ырымдайды.
«Қынаменде» (дәстүр) «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?»(Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады.
Базарлық Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Шашу– қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Босаға майлау (салт, ырым). – Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын – жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі.
Көгентүп (салт). Туыс, ілік, жұрағат адамдардың қонаққа келгенде оның баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал: (қозы, қой, бұзау, құлын, тай, бота, тайлақ, ат). Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады. Көгентүп беруді малды ауАшамайға мінгізу (салт). Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу салтанаты болып табылады. Жас бала есі кіріп 6-7 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп «сен азамат болдың» деген сенімін ұялатып, үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді.
Бастаңғы (салт). ... Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын - сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.
Байғазы (дәстүр). Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр
Асырап алу (ғұрып). Баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы ежелден бар қағида. Мұның да жөн – жоралары бар. Мысалы, жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасынан етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде баланың өз әке – шешесі балаға таласқан жағдайда асыраушы адам «оң қолына асық жілік ұстатып едім ғой» деп дауласады. Бұл үлкен дәлел, куәлік есебінде жүреді. Осыдан кейін сол үйдің әйелі перзентті болса, онда асырап алған баланы бұдан былай «майқұйрық» деп әлпештеп, оны бұрынғыдан бетер жақсы көреді. Алайда, бала қайтыс болған жағдайда оның туған әке – шешесінің аты айтылып, жаназасы шығарылады.
Тымаққа салу (салт). Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды.
Қалжа (дәстүр) Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Келіннің жақын адамдары да «қалжа» әкеледі. Бұл - әрі сыйластық, құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, сауығып кетсін деген тәрбиелік мақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.
Жасау (салт). «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді»! (Наурызбай- Қаншайым). Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген.Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі тағмдар қыздарға берілетін болған.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Тұмар.Кез-келген ұлттың қадір тұтып, қасиетті санайтын бұйымдары болады. Сол секілді тұмар исі қазақтың киелі де құнды, асыл да ардақты жәдігері. Зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деген сенім қалыптастырған тұмар ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді. Қазақтың ежелден ырымшыл халық екені баршаға аян. Әсіресе, «көз тию», «тіл тию» дегенге қатты мән берген халықпыз. Сол себепті тұмардың ішіне Құран аяттарын немесе түрлі жамандықтан сақтайтын дұғалар салынған тұмарды тағу арқылы өздерін қауіп-қатерден сақтандырып отырған. Бұрынғы ата-бабаларымыз оны көбіне кішкентай нәрестенің бесігіне тағып қоятын болған. Себебі, сәби қорғансыз әрі бесіктің маңайы әрқашан таза болады.
Тұлым қою (ғұрып). Баланың (ұл, қызды) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны «тұлым» деп атайды.
Тұлымды көз тимес үшін қояды. Ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Тұлым қойған балаға арнап мал сояды. Ақсақалдарды шақырып, баласына бата алады. Сыйлы адамдардың отырған орнына аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Тұлымды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ер жеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.
Кекіл – маңдай тұсында шаш қою рәсімі. Мұндай рәсім ежелгі дәуірлерде көптеген халықтарда болған. Олар, көбінесе, ғұрыптық мән иеленген. Қазіргі кекіл жас балаларға қойылады. Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді.
Мойнына бұршақ салу. Қазақтың ертеден келе жатқан ғұрпы, ырымы. Ертеде баласы жоқ адамдар немесе балаға зар болып жүрген адамдар мойнына көгеннің бұршағын салып Алла Тағаладан перзент сұрап жалбарынған, жылаған. Мойынға бұршақты бала тілегенде ғана салады.
Айдар - төбесінің орайындағы тумысынан алынбаған бір шоқ қарын шашы арнайы қалдырылған шаш. Айдар - айбардың және күш-қуаттың белгісі. Баяғы кезде перзент көрмей зарығып жүріп, аяқ астынан ұлды болса, оның төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржан-моншақ араластырып өріп қоятын салт болды. Кейбір хан ұрпақтары мен бай-манаптар да жақсы көрген ұлдарының төбелеріне айдар қойды. Айдарлы ұлың, тұлымды қызың бар ма деген сөз осыны аңғартады.
Ырым (ғұрып) жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, батыр болсын,ақын болсын болсын деп батырдың,ақынның сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Мысалы, Шыңғыс Шоқанға ырымдап Сегіз серінің атын қойған. Абай, Абылай, Бауыржан, Сәкен, Қаныш сияқты есімдерін қәзір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Той, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу ырымы бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар баласына Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Көтен, Малай, Башай, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым-халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы.
Көз тию – дәстүрлі қазақ қоғамындағы наным-сенім түрі. Қазақ халқы ұғымында жақсы адамға, жас нәрестеге, жүйрік жылқыға, әдемі қызға, т.б. тіл-көз тиеді деп есептелген. Бәйгеде озған жүйрік атқа көз тиеді деп сақтанып, елге көрсетпеуге тырысқан. Жас балаға тіл-көз тимесін деп молдаға дұға жаздырып, оны былғары бойтұмардың ішіне салып, мойнына тағып қойған немесе үстіндегі киімнің омырауының астыңғы жағына қадап қояды. Бала кенет науқастанып қалса, көз тиді, біреудің сұғы өтті деп жорып, оған ащылау әдісімен ем жасайды. Ащылау – тұзды уыстап, баланың жалаңаш денесіне басып, Көз тиюді қайыру әдісі. Жетісу өңірінде жеті ұсақ тасты тұмарша етіп шүберекке тігіп шолақ жең қамзолдың жағасының астыңғы жағына көзге түспейтіндей етіп тігіп қою салты бар. Бұл да тіл-көзден сақтану шарасы. Жас баланы көз тиюден емдеуді кейде үшкіру, түкіру деп те атаған. Көзтас тағып қояды.
Қалау немесеБұйымтай - біреуге қолқа салатын шаруа, алғысы келген бұйым немесе өтініш. Дәстүрлі түрдегі бұйымтай айту негізінен төмендегідей сипатта болады: сыйлас кісілер арнайы келіп, сәлемдесіп екі-үш күн қонақ болғаннан кейін, қайтуға қамданған кезде үй иесі қонакқа алғыс айтып, қонақтың бұйымтайын сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни бұйымтайын айтады. Қонақ сөзін жерге тастамау, өтінішін орындау - қазақ үшін бұлжымас қағида.
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді.
«Ат тергеу немесе атқою» деп жаңа түскен келіннің атасы мен енесіне, қайнағалары мен абысындарына, қайын сіңілілері мен қайындарына, нағашы қайнағаларына және ауылдағы құрметті, жасы үлкен адамдарға өзінше ат қоюын айтады.
Әдетте келін күйеуінің әке-шешесін “ата”, “апа”, “ене” деп атау дәстүрі бар. Егер атасының кәрі шешесі болса ол кісіні “әже” немесе “үлкен апа”, “кәрі апа” деп те атаған.
Ат қою дәстүрі қазақтардың бірін-бірі сыйлау, әдептен аттамау, өзара қимастық туыстық сезімдерге дақ түсірмей үшін сұңғылалықпен ойластырылған ізгі дәстүр.
Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Бел, табан арқандарының орнына соңғы кезде жеңіл тақтайлар қолданылып жүр. Алтыбақан ойыны ежелгі көшпелі елдің бәріне кең таралған.
Қыз ойнақ — ұлттық ойын. Қыз ойнақ көбіне ши тарту, жүн сабау, киіз басу жұмыстары жасалған кеште өтеді, себебі мұндай іске жас қыз-келіншектер көптеп тартылады. Кеште ән салынады, домбыра шертіледі, ойындар ойналады. Қыздың ұзатылар алдында ауыл жастарымен қоштасу ретінде өткізілетін ойын-сауық кеші де Қыз ойнақ деп аталады.
Құда түсу – ежелден келе жатқан дәстүр. Құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін «бел құда» деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі – «бесік құда». Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы атастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі. Қазіргі кезде де осы салт-дәстүр ұмыт болмаған.Мұндай құдалықтың бір түрі – қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине, қыз бен жігіттің келісімімен жасайды.
«Қыз таңдау» таңдау дәстүрі жүзеге асады. Бозбала көңілі ұнатқан қыз баласын толықтай өз зердесінен өткізіп, таңдап алады. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке-шешесіне сездіреді. Осылай «Қыз таңдау» дәстүрі «Қыз айттыру» дәстүріне жалғасады. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызының қарғыбауына» деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға мен сақиналар сыйланады.
Тойбастар - қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену тойының ең соңғы күнінде жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып, қоштасу кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Той аяқталғанда тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады. Тойбастар жиын-тойдың аяқталғанын, бірақ қуаныштың алда да жалғаса беретінін білдіреді.
Жар-жар — қазақ тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды.
Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жақын жеңгелері мен бойжеткен құрбылары қыздың атынан жауап өлең айтады. Осылай айтыс түрінде орындалатын жауаптасу өлеңінде қыздар жағы оң жақта еркелеген қыз ғұмырдың өтіп бара жатқанына, өмірдің өткіншілігіне өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен туған-туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де болса ойнап-күліп жүре тұруға мұрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған жол екендігін айтып, ол жаққа барғанда қайын жұртының туған-туыстарын жоқтатпайтындығын айтады. Жігіттер жағы “Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау, Қара мақпал сәукеле шашың басар, жар-жар-ау, Мұнда әкем қалды деп қайғырмаңыз, жар-жар-ау, Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар жар-жар-ау” десе, қыздар жағы “Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау, Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау, Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау”, — деп сызылта әндетіп айтатын өлең мәтіні, көбінесе, бір-біріне ұқсас болып келеді.
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт.
Енші .Ата-анасы баласы балалы болғаннан кейін «енді өз күндерін өздері көре алады» деген сенімге келіп, отау тігіп, бөлек шығарады, мал,дүние-мүлік бөліп береді.Бұл енші беру деп аталады.Оған келіннің төркінінен келген дүниесі қосылып, жас жұбайлар жеке шаңырақ болып шыға келеді. Ата-анасы қайтыс болса, олардың малы мен дүние-мүлкі қалған ағасы інісіне еншібас беруге тиіс. Әке орнында әке болып отырған ағасының ата-анасынан қалған мұраны бауырына басып алып, оның бар рахаты мен қызығын өзінің ғана көруі – тасбауырлық. Ондай аға кейін інісі өз бетінше күн көріп, бақ-дәулетке ие болғанында «Інім маған, балаларыма қараспайды» деп күңкілдемеуге тиіс. Кейбір ата-ана балаларының еншібасын алдын-ала бөліп, атап қояды.
3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған сәбидің таза,дені сау болып,сымбатты боп өсуі үшін, жын-шайтандардан қорғау үшін,көз тимеу үшін ырымдап бесікке салады. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады,ол сәбидің жан-дүниесінің қалыптасып, дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.Қырық қасық суға күміс алып та жуындырған.Тырнағын,қарын шашын арнайы ырымдаған адамдарға алдырып, кәде- сыйын берген.
5.Тұсаукесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын әдет-ғұрып,дәстүр.Арнайы туған-туыстарын шақырып,дастархан жайып той етіп өткізеді. Баланың тұсауын ала жіппен кеседі,ол дегеніміз ешкімнің алажібін аттамай,адал болсын деген ырымнан шыққан.Тоқішекпен кеседі,алдағы өмірі жақсы тоқшылықта өтсін деген ырым,көк шөппен кеседі,ол дегеніміз өмір жасы ұзақ болсын, көктей солмасын деген ырымнан шыққан.Тәй-тәй балам,тәй балам,қадам бассаң мәз болам.Тұсауыңды кесейін,күрмеуіңді шешейін.Қаз-қаз балам,қаз балам,қадамыңды жаз балам.
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
1) 2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
Аузына түкірту (ырым). Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты-сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған
Селт еткізер (дәстүр). «Ұйқыашар» дайындап өздеріне құрмет көрсетіп қызмет етіп жүрген көңілі қалаған бойжеткен қыздарға жас жігіттер сақина, сырға, білезік сияқты ескерткіш сый-сияпат ұсынады. Ол жігіттің «жаман» ойын сезген сезімтал қыздар әрине «селк» ете қалады. Сондықтан да бұл сый «селт еткізер» деп аталады.
Ұйқыашар (салт). Той мереке (мыс: Наурыз, айт) алдындағы түнде қыз, келіншектер жігіттер ұйықтап қалмасын деп жақсы тағамдардан «ұйқыашар» деген тамақ дайындайды. «Ұйқыашар» қыз, жігіттердің бір – біріне деген сезімі мен махаббатын арттыра түсуге себепші болған.
Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдың бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осы қуанышты сәтте баланың атасы:
Ал ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақ жол болсын -деп бата береді.
Ақ тілекті аналар шашу шашады. Басқа балалар тайғамініп жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.ылдардың әлі де пайдаланып жүргені жақсы, жарасымды салттарының бірі.
Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.
Бауырына салу (дәстүр). «Ғайнижамалды қырқынан шыққан соң – ақ бәйбіше Жәкіштен шығарып, бауырына салып, асырап алды. (Т.Жомартбаев). Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны «бауырына салды» дейді. Бауырына салушы адам баланы өз ата – анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйге де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді олардың бойына сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар.
Тұсаукесер (салт).Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап оны аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата – анасы тұсау кесушінің кәдесін береді. Тұсаукесердің арнаулы жыры бар.
Мысалы: Қаз – қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Тағы, тағы баса ғой,
Тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.
Сатып алу» (салт, ырым). Біреудің баласы туысымен шетіней берсе, яғни баласы турмаса, онда одан кейін туған баланы «сатып алатын» ырым бар. Бұл ырым былай жасалады. Елдегі бақсы, балгер кемпір әлгі үйге келіп, «менің баламды ұрлап алыпсыздар, өзім алам» деп нәрестені ата – анасының наразылығына қарамастан алып кетеді. Бір – екі күннен кейін баланың әке- шешесі әлгі кемпірге барып «бала сатып алады». Кемпір баланы керегенің астынан алып береді. Сөйтіп, бұл бала «сатып алынған» бала болып саналады. Баласы тұрмай жүргендерге бұдан басқа да жасалатын ырым бар. Мысалы, әлгіндей баланың өмірі ұзақ болсын деп жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады. Бұдан шығатын қорытынды қазақ бала өсіруді бақыт санаған. Балалы болуды армандаған. Мұны «балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» дегенінен – ақ аңғаруға болады.
Иткөйлек (салт). Иткөйлегі жоқ. Өзім тігіп біріп едім. "Ә.Нүрпейсов”. Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін "иткөйлек деп атайды”. Өйкені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан щығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін боліседі. ”Иткөйлекті” баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті "жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге "баламыз көп болсын” деп, "қиындыққа берік болсын” деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны.
Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы "Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, "Бір тоғыз”, "Үш тоғыз”, "Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы "қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.
Айталық, ат қою, бесікке салу т.б. (Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді).
Бесікке салу Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата-енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді.
«Шаңырақ түйе» (дәстүр). Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақ түйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген. Ертедегі салт бойынша көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, атпен жетелейді, «шаңырақ түйе» деген сөз осыдан шыққан.
Ау-жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:
Аушадияр (дәстүр). Үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең, жыр. Және жай өлең емес, өзіндік айтылар әні, ерекше ұлттық тәрбиелік маңызы бар. Көркем шығармашылықпен айтылатын той көркі, салтанат сәні, өнегелі өнер. Мұны іздеп тауып, өмірке әкелген көп жасағыз жазушы Уахап Қыдырханов екен. Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын айту керек бұл қазіргі Қазақстан елінде айтылмайды, халық жадынан мүлде шығып кетіп, ұмыт қалған.Аушадияр үйлену тойы үстінде айтылады. Жыр жаңа қосылған жастарға арналады. Мұнда ақыл, үлгі, өнеге, тәлім-тәрбие туралы толғауды санамалап айтудың халықтық таза бай дәстүрі бар. Ұлтымыздың ұлағатты әдет-салтының бұл түрін өмірге енгізетін болсақ мәдени қазынамыз да, өнеріміз де еске түсер еді.
Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатаржүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. (КСЭ.7 том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы. Күйеудің бұл жолы әр жерде әр түрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғус ұрын келді, Қйсайтып жаман бөркін қырын келді» (НАхметбеков).
Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп танысып-білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.
Әрине «ұрын келудің де кәде-жораларын аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.
«Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.
Құда түскенімен, келісім жасалғанымен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс-туғандары (аға-інілері) қазақ әдет- ғұрыпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже-қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.
Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын кеу, есік ашар, ентікпе, балдыз көріндік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт-түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар үзік жабар, туырлық, майын тастау, ілу, қыз қашар, шашу қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар күйеу аттандырар, т.б.
«Өлі-тірі» (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі» яғни кәделі мал-жылқы жіберіледі. «Өлі-тірі» деген – «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі-тірі» өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады.
Балдыз қалың Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге тиіс. Оған түие бастатқан бір тоғыз қосылады.Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса «балдыз қалың» төленбейді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген