Материалдар / «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 01.02.2024

Сыныбы: 2 «Д»

Тақырыбы: «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы»

Мақсаты: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру. Сол сөздерден өнеге алуға баулу. Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, суретттер.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер оқушылар, бүгінгі «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ата бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң

Тістерсің бір күн бармақты.

Міне,балалар, тіліміздің байлығының көрінісін осыдан да көруге болады. Біздің ұлтымыздың ана тілі, қазақ тіліміз. Ұлтымыздың болашағы үшін әрқашан қазақтілінде сөйлеуіміз керек!

Балалар, сендерге қояр сұрағым бар,  Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсмыңдар?

  • 3,5,7 сандарын киелі санаған.

  • Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен?  Қане, айтып көрейік.

 Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Үш арсыз:       Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш қуаныш: 1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі    3.  Ісіңнің өшпеуі

Бес қару:   Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.

Бес ақыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол,

Адам болам десеңіз…

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.

Жеті жетекші:

  1. Адамның басшысы-ақыл

  2. Жетекшісі- талап

  3. Жолаушысы-ой

  4. Жолдасы-кәсіп

  5. Қорғаны-сабыр

  6. Қорғаушысы-мінез

  7. Сынаушысы-халық

Жеті қазына:

  1. Ер жігіт

  2. Сұлу әйел

  3. Ақыл, білім.

  4. Жүйрік ат

  5. Қыран бүркіт

  6. Берен мылтық

  7. Құмай тазы(ит)

Жеті жетім

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса сол жетім.

Жеті ата

1-тапсырма: Сұарқтарға жауап бер.
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата? (Түйе пірі - Ойсылқара, сиыр пірі - Зеңгібаба, қой атасы-Шопан ата, ешкі пірі - Сексек ата)
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)


2- тапсырма: Мақал мәтелдерді жалғастыр.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
9. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)

3-тапсырма: Ұлттық бұйым

Оқушыларға керекті құрал – жабдықтар беріледі, әр оқушы бір ұлттық бұйым жасайды.


Мұғалім: Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!  ХХІ  ғасыр азаматының бойында  өркениетті  өмірге талпынатын,  ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін,  үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!