«Ұлттық теңге – Тәуелсіздік нышаны», 9 сынып

Тақырып бойынша 19 материал табылды

«Ұлттық теңге – Тәуелсіздік нышаны», 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық теңге – Тәуелсіздік нышаны» 9 сынып, тәрбие сағат жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ұлттық теңге – Тәуелсіздік нышаны»

ЖҚЕ «Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі қай жастан басталады?»

Сабақ мақсаты

ЖҚЕ мақсаты

-Оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық мақтаныш сезімін арттыру.

Оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы таныстыру

Құндылық

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК • Басқаларға көмектесуге және әділдік , мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

Уақыт

Басы

Педагогтің әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу;

Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Бұл «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет.

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар








Өзіндік презентация





Ортасы



















































Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде өз ұлттық валютасын енгізді. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанда алғашқы ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Бұл күн еліміздің экономикалық дербестігін айшықтаған маңызды оқиға болды. Теңгенің қабылдануы – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен дербестігін білдіретін бірегей қадам болды.

а) Теңгенің тарихы мен маңызы

Теңге Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін, ұлттық экономика мен қаржы жүйесін дамыту мақсатында енгізілді.

Алғашқы теңге Ұлыбританияда басылып шығарылды. Теңгенің дизайнына Шәкен Ниязбеков, Тимур Сүлейменов сынды суретшілер қатысып, ұлттық нақышта жасалған дизайндарын ұсынды.

Алғашқы теңгелерде ұлттық батырлар, мәдениет қайраткерлерінің бейнелері болды.

б) Теңгенің тәуелсіздік нышаны ретіндегі рөлі

Теңге – елдің экономикалық тұрақтылығының символы. Оның арқасында Қазақстан өз экономикалық саясатын дербес жүргізе алады.

Ұлттық валюта – мемлекеттің егемендігінің бір көрсеткіші. Теңге арқылы Қазақстан дүниежүзіне тәуелсіз ел екенін дәлелдейді.

Қазіргі заманғы теңгеде жаңа элементтер, қауіпсіздік белгілері қосылған. Бұл теңгенің қаржылық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

в) Теңге туралы қызықты мәліметтер

Алғашқы теңге айналымға енген кезде 1 теңге 500 рубльге тең болған.

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы әр кезеңінде теңгеге өзгертулер енгізіліп, жаңа дизайндар жасалып келеді.

2006 жылы енгізілген теңгенің дизайны Қазақстан Республикасының символдарын, мәдени ескерткіштерін бейнелеп, ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді.


Сұрақ-жауап

Оқушыларға теңге тарихы туралы сұрақтар қойылады:

Теңге қай жылы айналымға енді?

Алғашқы теңгенің дизайнында қандай бейнелер болды?

Ұлттық валюта ретінде теңгенің тәуелсіздік үшін маңызы қандай?

1.Қазақстан Республикасының валютасы? 2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы? 3. ҚҰ Банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан?

4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі?

5. Көрсетілген, белгіленген баға?

6. Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер?

7. Теңгенің бүгінгі долларға қарағанда бағамы?

8. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата?

9. Теңгенің авторлары?

13. Әлемнің тынысы Байлықтың белгісі Ол не? -... (ақша, теңге)


Теңге туралы 7 қызықты дерек

1.Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынды, өйткені әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.

2. Теңгенің бірінші топтамасы Harrison & Sons фабрикасында, Лондонда басылып шығарылды. Оны елге жеткізу үшін тасымалдаушылар 18 әуе сапарын жасаған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бақылауымен орындалып, өнеркәсіпке арналған жабдық ретінде тасымалданған.

3. Қазақстанда ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. Соның арқасында Қазақстан ерекше атаулы күндерде мерекелік банкноттар шығаруға мүмкіндік алды.

4. Ұлттық валютаның атауына «сом», «ақша», «алтын» секілді атаулар бақталас болған. Яғни, теңге атауымен бірге осы нұсқалар да таңдауға түскен.

5. Теңге — жалған ақша жасаушыларға қарсы тұра алатын, әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар теңгенің технологиясына сүйеніп, доллар қауіпсіздігін күшейткен. Доллардың тарихы XVIII ғасырдан бастау алады. 6. Теңге банкнотасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.

7. 50 теңгелік қағаз ақшада Қазақстанның Тұңғыш президентінің портреті тұруы тиіс болған, алайда Нұрсұлан Назарбаев мұндай мәртебеден бас тартқан.


Шығармашылық тапсырма


  1. «Тарихи мәліметтер танысу» Алғашқы теңге үлгілері беріледі. Теңгенің дизайны, бейнеленген тұлғаларды сипаттайды.


  1. «Теңге дизайнын жасау»

Өздері қалаған теңге дизайнын жасап, ұсынады.


  1. «Елдің валютасын тап»

Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.

1. Ресей ___________

2. Қытай ___________

3. Қырғызстан ___________

4. Өзбекстан ___________

5. Үндістан ____________

6. Германия _____________

7. Египет _____________

8. Англия _____________

9. АҚШ ______________

10. Түркия ______________


  1. «Қаржылық сауаттылық» туралы әңгіме жүргізу.

Ақшаны қалай үнемдеу керек?

Ақша жинаудың қандай тәсілдерін білесіздер?





























































Берілген сұрақтарға жауап береді, ойларымен бөліседі.
























Теңге туралы 7 қызықты деректермен танысады.








































Алғышқы теңге үлгілерімен танысады, бейнеленген тұлғаларды сипаттайды.


Өздері қалаған теңге жасайды.



Берілген елдерді валютасын тауып, жазады.












Берілген сұрақтарға жауап береді, өз тәсілдерін ұсынады.


































































Презентация























Өзіндік презентация


Соңы

Қорытынды:

Отыз жылдан астам тәуелсіздік ел тарихымызда, мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында - теңгенің орны ерекше болды. Отыз жылдан астам ғұмырында теңге, тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.

Кері байланыс:

Сабақ несімен қызықты болды?

Сабақта не ұнады?











Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2025
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі