400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ұлттық үлгідегі натюрморт 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жоспары әдіс тәсілдері өзгеше
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Визуалды өнері

Мектеп: «Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені» КММ-сі


Күні: 21.10.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Омарова Рабиға


Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.6.4 Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану мен эксперимент жүргізу.

5.2.3.3 Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар ұлттық заттардан, аспаптардан үйлестіре натюрморт құрастыра алады, суретшілердің жұмыстарына сүйене отырып өз натюрморттарын қағаз бетіне түсіреді.

Жетістік критерийлері

  1. Ұлттық аспаптарды заттардан натюрморт құрастыра біледі

  2. Натюрморт салудағы заңдылықтарды ұстанады.

  3. Түстерді дұрыс таңдай біледі.

  4. Жұмыстың креативті орындалуы

Тілдік мақсаттар








• Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм, заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері,пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.

• Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қоладанады?

• Сіз сипаттап бере аласыз ба?

• Бұл техника сізге не үшін ұнады?

• Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды?

• Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз

Құндылықтарды дарыту

Басқалардың ойы мен пікірін құрметтеу.

Оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату.

Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.

Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

зерттеу барысында теориялық білімдерін география, геометрия, тарих, экономика, пәндерімен және өнермен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Еске түсіру, қайталау. Пәнге қатысты лексика мен терминология.

Өткен тапсырмаларды еске түсіру.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

































Жаңа сабақ














































Топтық жұмыс















Сергіту сәті

Ұйымдастыру сәті:

1. Психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

2. Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

1 топ: «реалистік натюрморт»

2 топ: «сәндік натюрморт»

3 топ: «абстрактік натюрморт»

Әр топқа бір тапсырмадан беріледі.

-Оқушылар осы үш топтың атауы неліктен осылай алынған?

-Бұл натюрморт түрлерімен таныссыңдарма?

-Реалистік дегенде нені түсінесіңдер?

-Абстрактік дегенде нені түсінесіңдер?

1-топқа реалистік натюрморт (сурет шынайыға ұқсас)

2-топқа сәндік натюрморт (жеңіл салынады, кеңістік болмайды,түрлі техникада орындауға болады, ою өрнектер қолданылады)

3-топ абстрактік натюрморт (бұйымдарды геометриялық пішіндер ретінде беруге болады,сурет біраз ауытқуы мүмкін)



Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.
Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады.


Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады. Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Орындалатын жұмысты жоспарлау, яғни қағаз бетіне дұрыс орналастыру – Компоновка деп аталады.

1504 жылы итальяндық суретші Якопо де Барбари жазған картина Еуропадағы алғашқы натюрморт деп есептелінеді. Ол «Құр, садақ оғы мен қолғап» деп аталады. Ондағы бейне шынайы берілгендіктен, оны өзіңе таныс алдамшы натюрморт түріне жатқызады.

Сонымен XVI ғасырда натюрморт жеке жанр ретінде белгілі болды. Бұл натюрмортты 1596 жылы Микеланджело де Караваджо салды. Ол қандай да бір картинаның бөлшегі емес, жеке шығарма ретінде жарық көрді. Суретші жеміс-жидектердің, жарық пен пішіннің өзгерісін сүйсіне отырып бейнелеген. Осыдан кейін бейнелеу өнерінің қызық та ерекше жанрына суретшілердің басым көпшілігінің қызығушылықтары арта түседі. Суретшілердің қылқаламынан қандай тамаша шығармалар туған десеңізші! Италия, Германия, Испания, Франция суретшілері натюрморт сала бастайды.



Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, аң-құстар мен балық аулау, тұрмыстық кереқ-жарақтар, таңғы ас, музыка аспаптары бейнеленген түрлері өркендей бастады. Бальтазар ван дер Аст — натюрморттың жаңа түрі — гүлдер натюрмортының негізін қалаушылардың бірі. Бұл әр кезеңдегі суретшілердің ең сүйікті натюрморт түріне анйалды. Бұл жанр түрі голландиялық суретшілердің ерекше ықыласына ие.

Сурет-изображение-image

Ұлттық- национальный-national

Натюрморт – натюрморт – still life

Суретші – художник - artist


Тапсырма: (топтық)

Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды олардың атауы мен қолданылуы туралы топқа қарастыруды ұсынады.

-Ұсынылған ұлттық бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс?

-Олар қалай аталады?

-Бұл бұйымдарды қайда қолданылуына түсінік берің.

-Бұйымдар мен аспаптар қандай материалдан жасалған?

-Олардың формасы, түсі мен фактурасы қандай?

Сабақ барысында бірнеше ұлттық бұйымдарды жинақтап (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушыларға оймен өзіндік композицияларын құрып, ұсынылған визуалды ақпараттан 2-3 затты натюрморт орналастыру.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, оқушылар билейді. Музыка тоқтағанда оқушылар қарама-қарсы тұрған оқушының жақсы және жаман қасиеттерін айтады

Натюрморт:

http://www.picture-russia.ru/genre/6



Қазақтың ұлттық үлгісіндегі натюрморт

http://hvastushki.ru/hvastushki/raznye/kazahskii-nacionalnyi-natyurmort.html#prettyPhoto



http://veta.kz/products/1247420



http://afisha.kz/news/vystavki/the_opening_of_a_personal_exhibition_gulfairus_ismailova/



Сурет көшірмесі

Айша Ғалымбаев «Дастархан»

Анар Абжанова натюрморты




Сабақтың соңы

Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмысын қатар қойып, арнайы қойылған нұсқамен дұрыс орналасқанын салыстырады.


Сабақтың соңы

кері байланыс

«Білім қоржыны»

  • Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды;

  • Мен сабақты жақсы түсіндім;

  • Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.




Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары




Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

























«Сыңғырлау мектеп – балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













«Ұлттық үлгідегі сәндік натюрморт»



(5 сынып)







Дайындаған: Омарова Рабиға















2019 – 2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі