20.11.2025
жыл
Білім беру саласы
: Таным
Бөлімі
: Ұлттық
ойындар.
Тақырыбы Ұлтты үстл үсті ойындармен
танысу.
Мақсаты
: Балаларды қазақтың ұлттық
үстел үсті ойындарымен таныстыру, ұсақ қол моторикасын , зейінін,
тілдік қорын дамыту.
Міндеттері
: Ұлттық ойын түрлері туралы
бастапқы түсінік беру ,
Түстерді пішіндерді ажырата
білуге үйрету .
Ұқыптылыққа шыдамдылыққа
үйрету
Құрал жабдықтар
:
Асықтар, ұлтттық ою -
өрнектер, Ұлттық бұйым суреттері, сандықша , теңге макеттері
.
Оқу әрекеттің барысы
:
Сәлемдесу
:
Сәлеметсіздер ме
қонақтар!
Біз - кішкентай
балдырған,
Бақшаға біз
келеміз,
Ойнаймызда
күлеміз,
Қош келдіңіздер төрімізге
,
Қуаныштымыз бәріміз
де.
Шаттық шеңбері
:
Сәлем , сәлем балалар
,
Ұлттық ойын
басталар.
Асықтай болып иілеміз,
(еңкейю)
Доптай болып секіреміз.
(секіреді)
Шеңбер болып айналып
,
Бәріміз бірге
отырамыз.
Балалар бүгін біз сендермен
қазақтың ұлттық үстел үсті ойындарымен
танысамыз
Ойын түрлері
:
Тоғызқұмалақ, бестемше ,асық
ойындары,шахмат ойындары, теңге алу ,- деген неше түрлі ойын
түрлері бар . Олардың әр қайсысының өзіне тән шарттары , қызығы
бар. Сол ойындардың ішіндегі бір , екі ойын түрлеріне жеке- жеке
тоқталып өтейік.
Мысалыға алсақ ,асық ойын. Осы
бір асықтың өзімен неше түрлі ойындар ойнауға болады
.
Балалар сендер менімен осы
ойынды ойнағыларың келе ме?
Балалар:
Ия
Ал ендеше балалар қазір
сендермен сол ойындарды ойнайық
Тәрбиеші
:
Ендеше бірінші ойынымыз
асықтармен болсын .
1. " Асықтарды түстерге
бөл."
Ойын мақсаты балалар асықтарды
түстеріне қарай бөледі
Тапсырма
:
-Қызыл асықты
көрсет.
- Көк асықты санап
көр
2. "Ою- өрнек
құрастыр"
Дайын бөліктерден өрнек
құрастыру.
Бірге атау: "қошқар мүйіз",
түйе табан".
3. Сандықта не
бар?
Шарты , сандықтың ішіндегі
пішіндерді атап беру.
Сергіту
сәті:
Асықтарды шашамыз (қолды
жоғары көтеру)
Жерден жинап аламыз. (
еңкею)
Шапшаң , шапшаң қимылдап, Біз
епті бала боламыз!
Қортынды
бөлім:
Балалар бүгін біз қандай ойын
түрлерімен таныстық?
Балалардың жауабы
:
Сендерге қандай ойын
ұнады?
Жарайсындар балалар біздер
бүгін ұлттық үстел үсті ойындармен таныстық , сендерге үлкен рахмет
іс- әрекетке жақсы қатысқандарың үшін.
Күтілетін нәттиже
:
Ұлттық ойындар туралы бастапқы
түсінік қалыптасады .
Балалар түстерді , заттарды
ажырата алады .
Ұсақ моторикасы дамиды
.
Алттын уақыттарыңызды бөліп
келгендеріңізге Рахмет - деп келген қонақтармен
қоштасайық
1.Балаларға не үйретеді ұлттық
үстел үсті ойындары?
Жауабы ; Кезек күту,
қарсыласқа құрмет көрсету , жеңісті де , жеңілістіде дұрыс
қабылдауды .
2.Бестемше ойынында неше ұяшық
болады және қалай ойналады ?
Жауабы: 10 ұяшық болады
.
3.Ұлттық ойындардың қандай
түрлерін білесіз ?
Атап
беріңіз
Жауабы: Қыз қуу , көкпар,
домино, шахмат, ханталапай,
асық ату
....
4.Қай қолмен шай ішкен дұрыс
?
Жауабы: ешқайсысымен емес,
себебі шайды кесе арқылы ішеді .
5.Бестас ойынының шарты
қандай?
Жауабы : ойын шарты кішкентай
5 тас (немесе асық) тасты жерге шашаып оны ретімен жинап
алу.
Қыз қуу ойынын қазіргі уақытта
балаларға үстел үсті ойыны ретінде қолдануға бола ма, егерде болған
жағдайда қалай ойнатар едіңіз ?
Жауабы: Болады
.
Тақпақтар.
1.
Айым
Анашым менің ақ гүлім
,
Жарық берген бақ
күнім.
8 - наурыз
мереке,
Құтты болсын анашым
.
2.
Хафиза.
Әжем мені еркелетіп
,
Бетімнен кеп
сүйеді.
әжем болса
жанымда,
Көңілім мәз
жүреді.
3.
Дамир.
Теңдесі жоқ
данасың,
Арқа сүйер
панасың.
Еңбегіңді
ақтаймын,
Аман болшы
анашым.
4.
Айкөркем
Ана деген - жақсы
адам,
Ана днген - ақ
мамам.
Құшақтаймын ,
сүйемін,
Менің алтын
анам!
5.
Інжу.
Ана- менің
гүлім,
Ана- менің
күнім.
Құшақтаймын күнде
,
Сүйемін өзіңді
.
6.
Әр сөзімді жаттаған
,
Жүрегімде
сақтаған,
Анашым деп
мақтанам,
Айналайын ақ
мамам.
7.
Анам, анам , ақ
анам,
Мен өзіңдей ақ
балаң,
Айтқан тілді
аламын,
Жұмсағанда
барамын.