Ұлттық үстел үсті ойындары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық үстел үсті ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық үстел үсті ойындары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық- үстел үсті ойындары.

Мақсаты:Ұлттық ойындарды қолдана отырып,балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін мүмкіндіктерін арттыру.Жасұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Міндеті: ұлттық ойын арқылы ептілікті шапшаңдықты төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат әрекетіне бағыну дағдысын назар ықыласын дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  1. Балалар қазақтың ұлттық ойындары туралы біледі.

  2. Балалар ойынның шартын бұзбай ойнай алады.

  3. Балалардың есте сақтау ойлау қабылеттері артады.





Сәлемдесу

Ұлттық ойын арқасында

Денсаулықты сақтаймыз

Бар денеге күш жинап

Бекерге біз жатпаймыз

Асық ату қыз қуу

Саулықтың бір кепілі

Дені сау батыл баланың

Ұлттық ойын арқасы



Саламатсыздарма құрметті әріптестер !

Ұлттық ойындар ата-бабамыздан келе жатқан өткені мен бүгінгіні жалғастыратын ұлттық мұра.

Ойын дегеніміз-тынысы кең алысқа меңзейтін, қиялмен қанат бітіретін ,ойдан ойға жетелейтін сондай ғажайып нәрсе ой жетекшісі ,денсаулық кепілі.Тарихымызбен біте қайнасқан аталмыш ұлттық ойындар бала тәрбиесіндегі, баланың ағзасындағы шынықтырудың маңызы зор.Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті , батылдылықты шапшаңдықты талап етеді.Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы.Баланың көз қарасы мен мінез құлқын қалыптастырып, бір жүйеге келтіретін тәрбие құралы деп санаған.Балалар ашық оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын шаттық шеңберді орнымыздан тұрып орындап алайық.

Шаттық шеңбері.

Біз бақытты баламыз,

Өсіп-өніп аламыз,

Қазақстан баласы,

Бірге ойнап күлеміз.

Балалар қараңдаршы бүгін ауа райы қандай тамаша !

Олай болса сендермен әжеміздің ауылына қонаққа апарамын.

Қонаққа барғыларың келе ме? ия

-Олай болса кеттік.

Есікті тақылдатып әжей кіріп келеді.

Әжемен амандасады

Әже : Айналайын келдіңдер ме қүлындарым ,ботақандарым.



Әже таяғыңыз ғажап және жұмбақ екен.



Бұл сыйқырлы таяқ ,бұл таяқ сендерді ойынға шақырып тұр.Таяғым менің сыйқырылы. жылдам жүйрік ептілікпен таяғымды ұстап қал, ұстамасаң таяқты,орындайсың талапты, ұстап қалсаң егерде бастаушыға лайықсың.

.Әже балаларымызға тапсырмалар дайындап келген екен.Қәне балалар тапсырманы шапшаңдық пен орындап көрелік!

















  1. Тапсырма: Түрлі- түсті асықтармен

Ал ойнайық балалар

Әр асықта баға бар

Ұта білген баланы

Әрбір бала бағалар

Жасы кіші демеңіз

Ақылы асса аға ғой

Қой асығы демеңіз

Қолыңа жақса сақа ғой





Шарты:Түрлі-түсті асықтарды шеңберге салу .Ептілікті,жылдамдықты ,шапшаңдықты үйретеді.

Жарайсыңдар, балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар!

Сергіту сәті: «Домбыра үнімен»

Домбыраны қолға алып ,

Күй төгеміз төгіліп.

Оңға бұрыл,солға бұрыл,

Билеп-билеп көрелік. (Қолмен домбыра шерткен қимыл жасайды,оңға солға бұрылады.)

2.Тапсырма :Ұлттық құндылықтар арқылы тапсырма .Балаларға ұлттық киімдер ,ұлттық тағамдарымыз жайлы түсінік беру.

Жарайсыңдар, балалар талаптарыңа нұр жаусын.









.



Әже: ал балалар сендерге ойындар ұнады ма? Ия

Олай болса келесі келгендеріңше мен сендерге қызықты ойындар дайындап қоямын.Мен енді сендермен қоштасамын. Аман-сау болыңдар!

Балалар қоштасады

Ерлігі бар , даңқы бар

Бірлігі бар халқым бар

Отан үшін аянбай

Ұрпағың мәңгі талпынар

Отаным менің ардақты

Қазағымның ордасы

Ұлттық ойындар мәңгі жасасын

Қортынды:Балалар бүгін сендермен не жайлы өттік соған тоқталып өтсек, жеті қазынамызды атап ,түсіндірме жасалды .Ұлттық ойынымызды яғни асық пен ойнап түстерді ажыратуды үйрендік.Ұлттық киім ,ұлттық тағамдар жайлы біршама түсінік берілді.

Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға күш жинап, ақыл ойымызды толықтырып, еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы, бір сырлыазаматы мен азаматшасы болып өсе берсін.Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында, ұлттық ойындарымыздың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қосады деген ойдамын.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі