Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық валюта - теңге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:
Бөлім: |
2-апта дәйексөзі: Тура биде туған жоқ |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
11.11.2024 жыл |
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні «Ұлттық валюта-теңге» |
Сабақтың мақсаты: |
Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. |
Құндылықтарға баулу: Тәуелсіздік және отаншылдық |
Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 1 минут 3 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі. А) Сәлемдесу, оқушыны түгелдеу; Ә) Білім алушының зейінін сабаққа шоғырландыру. Кезекшімен сұхбат Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру Топқа бөлу. Мақсатқа шолу : Сабақтың мақсаттарын және бұл ұғымдардың олардың өмірінде және қоғамда неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз.
|
Сәлемдеседі.
Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен танысады. |
Сыныптың психологиясына байланысты құндылықтар мен бағалау: Мысалы: сенің бойында бүгінгі сабақта мен жауапкершілік құндылығын көріп отырмын т.б. |
|
|
Сабақтың ортасы
5 минут 3 минут 7 минут 7 минут 7 минут
|
Топ аттары жазылған қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлемін. 1-топ: «Теңге» 2-топ: «Доллар» Тапсырма: Берілген тапсырмаларды талқылау, топта ой қозғау. 1-топ. Теңге. Теңге жайлы ақпараттар жазу. Теңге қай жылы шықты? Теңгенің шығу тарихын баяндаңыз. 2-топ. Доллар. Доллардың шығу тарихынмен таныстырыңыз. Қай жылы, қай жерде шықты? Мұғалім: 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.[1] 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады. Теңге Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ұлттық валюта мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің айғағы, нышаны болып табылады. Биыл 15-қараша ұлттық валютамыздың айналымға кіргеніне 23 жыл толды. Кең байтақ, көз жетпейтін – жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан – елім менің. Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлық. «Сиқырлы сандықша» ойыны.
|
Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді; Топқа бөлінеді. Мұқият тыңдайды. Мәліметтер оқушылардың алдына таратылады «Сиқырлы сандықша» ойынына белсене қатысады
|
|
Қима қағаздар
|
|
Сабақтың соңы 4 минут 6 минут 2 минут
|
Ұлттық теңге – егемендігіміздің айрықша белгісі, төл теңгеміз, ұлттық валютамыз, ұлттық ақша бірлігі, ұлттық мақтанышымыз, заңды төлем құралы, асыл қазынамыз, еліміздің даму көзі, ұлттық табыс кепілі, тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді, ұлттық құндылығымыз.
Қорытынды: Қазіргі кезеңде Мемлекетіміз көтеріліп келеді, болашақта білімді, саналы азамат болып өсуімізге барлық жағдай жасалуда. Бір болайық, бірлігіміз жарасқан ел болайық!.
|
|
|
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 1 5.Тапсырманы орындау кезінде күтілетін нәтижені саралаймын.
|
Бағалау.
Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
|||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |