Материалдар / Ұлттық валюта – теңге
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық валюта – теңге

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1444
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұлттық валюта – теңге»

Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, кестелер.         

Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев).

Қайырлы күн, құрметті оқушылар! «Ұлттық валюта-теңге»  атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

І бөлім:  Тарихи толғау.

Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ. Ұлттық валютаның ел экономикасын тұрақтандыруда ықпалы зор болды. Соңғы жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына да төл теңгеміз төтеп бере алды. Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында ұлттық валютаның тұрақтылығы мен орнықтылығын сақтауы мемлекеттің қаржы саясатындағы қарымды істерінің нәтижесі.

Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз. 1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі - төл валюта - теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады.

1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Алин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Осы тарихи күннен бастап 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні деп аталады. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.

XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

Құрметті оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов жетекшілігімен, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.

1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Ал, алғашқы тиындарымыз Германияда жасалынды. 

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

Мен «Теңгемін, теңгемін!»

Қазақ деген елденмін.

Тәуелсіздік - тұғырым,

Жарқын менің ғұмырым!

Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

Теңге, теңге, теңгелер,

Теңге адамға дем берер.

Тіршіліктің арбасы,

Теңгеменен дөңгелер.

Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот - Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета - облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.

1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты1-жүргізуші: Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.

ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.

Теңгенің орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Барлық теңгелердің сол жақ жоғарыда және оң жақ төменгі жағында номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада - номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.

200 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау.

500 теңге. Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала.

1000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар.

2000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені.

5000 теңге. Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар.

10000 теңге Өлшемі: 149х79 ммБасым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні.

Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Түні нұрлы, ақ таңы,

Жері гүлдей бақтағы.

Ел ырысы - тайқазан,

Төл теңгеміз қақпағы.

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге - ел тірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

Енді «Ұлттық валюта-теңге»  (Катысушы топтар: сынып үшке бөлінеді) Әрбір топ өзінің қоржынына дұрыс жауап үшін берілген ұпайларды жинайды. Кімнің ұпайы көп болса, сол топтың жеңгені.

Жеңістерден көріну ұрандары

Көңілді және тапқыр ұлан бәрі

Өнерлерін ортаға шығармақшы.

II бөлім. Топтық

I кезең. Сұрақ-жауап бөлімі.

1. Ұлы тұлғалары бар, Керек құнды кағаздар (теңге). 

2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан сайланды? (1991жылы1 желтоқсанда) 

3. Тәуелсіздік белгілерін атаңдар. (Валюта, Ту, Елтаңба және Әнұран) 

4. Қандай жағдайда тулар көтеріліп, мемлекеттің әнұраны орындалады? 
(Екі жағдайда: 1) Мелекет басшысының сапары кезінде; 2) Олимпиада жеңімпаздары анықталғанда) 

5. Қазақстан Республикасы әнұранының авторларын ата? (Ж.Нәжміеденов, Н.Назарбаев, Ш. Қалдаяқов) 

6. Рәміздер дегеніміз не? (Мемлекеттерді бір – бірінен ажыратып тұратын нышан - белгілер) 

7. Қазақстан Республикасы туының авторыкім? (Ш. Ниязбеков) 

8. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы кім? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков) 

9.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қай жылы қабылданды?

10. «Теңге» деген сөзге синоним табыңыздар: (теңге, тиын, ақша, валюта, қаржы,капитал).

11. Мемлекетіміздің елбасы? (Н.Ә. Назарбаев).

12.Тәуелсіздік алған елдіңең бірінші айрықша белгісі? (ұлттық валюта).

13.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы астанасы. Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт).

ІІ-ші кезеңі «Мақал сөздің мәйегі» кезеңіне кезекті берейік. Бұл кезеңде сіздерге мына экраннан мақал мәтелдер беріледі, сол мақалдардың бос орындарын сіздер қажетті сөздермен толықтырасыздар. Сіздерге көмек ретінде тапсырманың бірінші жолында қажетті сөздеріңіз бар.

Мақал – мәтелдер. Берілген мақал - мәтелдер арасындағы бос орынға төмендегі сөзді жаз. (дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып, сом, ақшасыз) 

  1. _____ тиыннан өсер (теңге). 

Жылқы құлыннан өсер. 

  1. Есепсіз ______ жоқ (дүние). 

  2. Алтын тапсаң _______ ал (санап). 

  3. Ақша кетуге тырысады, 

________ ұстауға тырысады (есеп). 

  1. Тамшыдан тама берсе _______ болар (дария). 

  2. _____ оңай, жинау қиын (шашу). 

  3. Ақша ашпайтын _________ жоқ (құлып). 

  4. ______ да сұрауы бар (судың). 

  5. Ақшада ____ жоқ (көз). 

  6. Ар - намысы таза адамның ______ аз болады (ақшасы). 

  7. Мың____ болғанша 

Бірқылды басың болсын (сом). 

  1. Базарда бәрі бар, 

__________ешкім бермейді. (ақшасыз) 

  1. Айрықшабелгісі, Әлемнің тынысы, Байлықтың белгісі (ақша). 

III кезең. Жағдаяттар шешу. Топ болып талқылап, жауабын айтамыз.

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі.жыртық. Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр. Сенің іс-әрекетің …?

2-жағдай: Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге?

3 -жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің келмей тұр. Жыртық болмағанмен,ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің әрекетің…?

IV кезең. Сергіту сәті. «Теңге алу» ойыны

V кезең. Менің қиялымдағы теңгем (өздері салып келген теңгелерін қорғау.)

VI кезеңі. Сайысымыздың «Кім жүйрік атты» екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16 сұраққа жауап беруі тиіс

1.Қазақстанның ұлттық валютасы қашан енгізілді?(1993 жылқарашаның 15-і)

2.Қандай валюта халықаралық болып саналады? (евро, доллар) 

3.Теңгеге дейінгі Қазақстанның ақша валютасы қалай аталған? (рубль)

4.Монеталар және басқа да ақша белгілері туралы ғылым қалай 
аталады? (нумизматика) 

5.Қазіргі кезеңде Қазақстан территориясында қандай номиналды 
Банкноттар қолданыста? (200, 500,
1000, 2000, 5000, 10000) 

6. 500 номиналды банкнотының бет жағында не бейнеленген? (Бәйтерек орналасқан. Банкнот ортасында түрлі түсті жолақтарда үстіне 
номиналдың сан белгісі енгізілген, Мемлекеттік әнұран ноталарының 
фрагменттері. Монументтің сол жағында бір түспен ҚР Мемлекеттік елтаңбасы, оң
жағында – Мемлекеттік тудың бейнесі. Банкноттың төменгі жағында ашық қол бейнеленген). 

7. Банкноттың артқы жағында не бейнеленген? (Қазақстан Картасының контурымен көмкерілген ландшафттар мен архитектураның заманауи объектілері) 

8. Бүгінгі күні Қазақста нтерриториясында қандай монеталар қолданыста жүр? (1,2,5,10,20,50,100) 

9. Қазақстан теңгесінің неше қорғаныс дәрежесі бар? (8 қорғаныс дәрежесі) 

10. Алғашқы Қазақстан теңгесі қайда басылды? Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында) 

11.Алғашқы Қазақстан тиыны қайда басылды? (Германияда) 

12.Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі кім болды? (Тимур Сүлейменов) 

13.Ақшаны қайд ажинауғаболады? (банкте) 

14. Бүгінгі күні банкноттар қай жерде шығарылады? (Алматы қаласында фабрика ашылған)

15.Монеталар бүгінгі таңда қайда шығарылады. (Өскемен қаласында, монета сарайында) 

16.Түркі тілдес халықтың «тәнге» деген ақша атауынан орыстың қандай сөзі шыққан?  (деньги).

VII кезең. Білгенге – маржан.

а) «Қазақстан» 

1.Италия - лира 

2.Куба - песо 

3.Үндістан - рупия 

4.Иран - риал 

5.Қырғызстанда - сом 

6.Ресейде - рубль 

7.Германияда - евро 

8.Америкада - доллар 

б) «Тенге» 

1.Ұлыбританияда-фунт 

2.Украинада-гривна 

3.Қытайда - юань 

4.Тәжікстанда -манат 

5.Өзбекстанда -сум 

6.Түркияда - лира 

7. Кореяда-йена 

8. Латвия-лат 

Қорытынды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта - теңге» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Нәтижесінде: Еліміздің экономикасын дамытушы, жоғары икемді, ұқыпты тұлға біз боламыз

Қорытынды (мұғалім сөзі): - Жоғарыда айтылғандай, еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта - ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ. Біз әлі жас мемлекетпіз. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Назарларыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!