Ұлттық валюта -теңге күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық валюта -теңге күні

Материал туралы қысқаша түсінік
теңге туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты

10

Сынып жетекші:

Кушеғалиев Алтынбек Абайұлы

Күні:

06.11.2025ж

Сынып: 7 а

Қатысқаны: 11 Қатыспағаны:


Сабақтың тақырыбы:

15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні

«Теңге – тәуелсіздіктің тірегі»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

10-САБАҚ

7 - сыныптар: «Біздің құқығымыз бен міндеттеріміз: бірге үйренеміз!!

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға ұлттық валюта — теңгенің шығу тарихы туралы мағлұмат беру;

Теңгенің ел тәуелсіздігімен байланысын түсіндіру;

Ақшаға ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттерін дамыту;

Отанға, ұлттық құндылықтарға деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Мақсаты: Бала құқығы мен міндеттерін білуге үйрету.

Қауіпсіздік сабағының міндеттері:

Міндеті: Бала құқығы мен міндеттерін білу кезінде оқушыларды алдын алу үшін қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қолдануға үйрету.

Құндылықтарды дарыту:

Әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі:

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма. Ыбырай Алтынсарин

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

Оқушылармен амандасу

Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Топқа бөлінеді

1-топ:«Тарихшылар»

2-топ: «Дизайнерлер»

3-топ:«Экономистер»

ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Ақша не үшін қажет?

Ақша қай кезде пайда болған?

Неліктен өз валютамыз қажет болды?

Теңге сөзінің мағынасы қандай?

Оқушылар әнұран орындайды.


Оқушылар топқа бөлінеді





Көңілді әуен




Сынып сағатының ортасы

20

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты.[2] Назарбаев қазақстандықтарға валютаны орталық телеарналар эфирінде таныстырды. 1993 жылғы 15 қарашада Теңге айналымға 1 теңге = 500 рубль қатынасында енгізілді, банкноттар мен монеталар Ресей және кеңес рублімен теңгеге айырбасталды. 1993 жылғы 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы болды.1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның өз ұлттық ақшасы – теңге айналымға енді.

Бұл күн еліміздің қаржылық тәуелсіздігі күні болып саналады.

Алғашқы теңгеде қазақтың ұлы тұлғалары – Әль-Фараби, Құрманғазы, Абай, Сүйінбай бейнеленді.

-Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі . Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.

ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.

Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер деген мақалды дәптергежазу.


1-топ – «Тарихшылар»

Тапсырма:

  • Теңгенің шығу тарихы туралы ақпараттық постер дайындау.

  • Уақыт сызығын құрастыр: 1993 → 2006 → 2011 → 2023.

  • Әр кезеңде не өзгергенін жазыңыз (түсі, дизайн, тұлғалар, қауіпсіздік белгілері).

2-топ – «Дизайнерлер»

Тапсырма:

  • «Менің болашақ теңгем» атты жаңа дизайн ұсыну.

  • Өз идеяңды қорға:

    • Қай тұлға немесе нысан бейнеленеді?

    • Қандай түстер мен белгілер қолданар едің?

    • Неліктен дәл солай ойладың?

3-топ – «Экономистер»

Ойын: «Ақшаны ақылмен жұмса!»

  • Топқа жағдай беріледі: 10 000 теңгең бар. Сен мектепке керек заттар мен отбасына пайдалы дүниелер алуың керек.

  • Қайсысы қажеттілік, қайсысы артық – соны анықтап, талқылау.

  • Қорытынды: «Ақша – еңбекпен табылатын құндылық»

Жұптық тапсырма. “Егер теңге сөйлей алса...” мини-интервью

  • Бір оқушы – журналист, біреуі – “Теңге” рөлінде.

  • Диалог құрастырады:
    Мысалы:
    – Сәлем, мен – Қазақстан теңгесімін!
    – Сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
    – Мен 1993 жылы 15 қарашада өмірге келдім...

  • Қызықты, көңілді форматта сахналау.

1 – Оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына , халық байлығы.Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасалған.

2 –Оқушы:Ұлттық валютамыз теңгені жасап шығаруға байланысты жұмыстар жүргізілді. Бірнеше эскиздер жасалып , ішіндегі « мықтылары »Елбасының таңдауына берілді. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес ұлттық валюта 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізіліп , елдің қолына тиіп , ел мәре – сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.



Оқушылар топтық тапсырмаларды орындайды.















Тақырыптық слайдтар мен суреттер

Shape1



















Ақ қағаз, фломастерлер


10 мин


Біздің құқығымыз бен міндетіміз


Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адам ісі екенін ұғындыру;

оқушы бойына құқықтық адамгершілік, патриоттық тәрбиені сіңіру;

өз ой-пікірлерімен бөлісе білуге, тұжырым жасауға, жүйелі және сауатты сөйлеуге дағдыландыру.

Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясында «Әрбір адамның құқығымен қатар міндеті де бар» делінген.


Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндеті екенін қалай түсінесің?

(Бастауыш мектеп оқушысы мектепте барудан бас тарта ала ма? Қаламасам оқымаймын.Бұл менің құқығым.Жоқ, олай емес, өйткені мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген.Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім-көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек)


Отбасы-қоғамның бастапқы ұясы.Баланы тәрбиелеу-ата-ананың құқығы ғана емес, сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?

(Қазақстан Республикасының заңы бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету-ата-аналардың міндеті.Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу-ата-ананың міндеті)


3. «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз»



Оқушылардың тыңдау.


Сұрақтарға жауап береді


Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.









Презентация





Пайдалы сілтемелер:


Пайдалы сілтемелер:















Сабақтың соңы

5 мин

-Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
-Теңгеде кімдер бейнеленген? Олар  кімдер?
-Ақша  қандай қызмет атқарады?
-Тәуелсіз   елдің ең бірінші  айрықша  белгісі  қандай?
-Қайдан несие алуға болады?
-Ақшаны қайда  жинауға  болады?
-Ұлттық валюта дегеніміз не?
-Теңге немен   безендіріледі?
-Қазіргі  теңгеде қандай  суреттер салынған?
-Сен ақшаны  орынды жұмсай аласың ба?

-Ақша сақтайтын мекеме? (Банк)

  • Төл теңгеміздің туған күні?(1993 15 -қараша)

  • Жеке есепшоты бар төлем-қағазы?(карточка )

  • Төлемді растайтын қағаз?(чек)

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?


Оқушылар сұрақтарға жауап береді












Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.





















Shape2







Shape3



Shape4

Shape5







Shape6 Shape7















Shape8



















Shape9 Shape10 Shape11













Shape12

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2025
12
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі