2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ұлттық валюта ашық сабақ

Ұлттық валюта ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық валюта күніне арналған ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

М.Ә.Сужиков атындағы №6 орта мектебі








Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ұлттық валюта»













Орындаған: Қали Ақмырза

Сынып жетекшісі: Шажанбаева Айгерім









Қызылорда - 2024

13.11.24

Сыныбы:

7 «Ә»

Пәні:

Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:

«Ұлттық валюта»

Жалпы мақсаты

Оқушыларды Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңгенің шығу тарихымен таныстыру, оның маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіру. Теңгенің экономикалық және рухани құндылығын ұғындыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар Қазақстанның ұлттық валютасының тарихын біледі.

  • Теңгенің маңызы мен экономикадағы орны туралы түсінік алады.

  • Қаржыға деген жауапкершілік қалыптасады.

  • Экономикалық сауаттылығы артады.

Сілтеме

Слайд, кітаптар, қосымша ресурстар

Негізгі идеялар

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз айналымға енді. 1993 жылдың 15 қарашасы төл теңгеміздің туған күні саналады. Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Алғаш шыққын теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл - Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын. 1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталып, олардың орынына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. Теңге біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу, барлық байлығымызды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі. 2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған. Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы, әнұран ноталары бейнеленген.

Қолданылған әдістері мен тәсілдер

Әңгімелесу және пікірталас. Презентация дайындау. «Ой қозғау» әдісі арқылы рефлексия

Міндеттер

Оқушыларға теңге туралы негізгі ақпаратты түсінліру. Теңгенің Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін көрсету. Оқушыларды каржылық сауаттылыққа үйрету.

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Теңгенің шығу тарихы туралы ақпарат беру.

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісу.

Оқушылар кері байланыс береді.

Тапсырма көздері

Әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар.

Ақша туралы ғылымдар.

Кері байланыс

Сұрақ қою арқылы бағалау, тест сұрақтары.

Бағалау

Алған білімдерін жинақтап, түйіндеу арқылы, тақырыпты бағалау.





































Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

Орындарына жайғасады, сабақтың мақсатын тыңдап, топтарға бөлінеді.

Білу

Теңгенің шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет береді.

Мұқият тыңдайды, сұрақтар қойып, пікірлерін айтады.

Түсіну

Теңгенің экономикадағы орны мен маңызы туралы сұрақтар қояды.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салады.

Қолдану

Талдау

Оқушыларға Теңгенің қазіргі экономикалық маңызын талқылауға тапсырма береді. Әр топқа Теңгенің ерекшеліктерін талқылау тапсырмасы беріледі.

Әр топ өз тапсырмасын орындайды, Теңгенің маңызы туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салады.

Жинақтау

Сабақтың негізгі идеяларын қорытындылап, Теңге туралы жалпы ақпаратты жинақтайды.

Оқушылар сабақтың басты идеясын түсініп, өз ойларын түйіндейді.

Бағалау

Топтардың белсенділігін, пікір алмасудағы қатысуларын бағалайды. Мадақтау сөздер айтып, топтардың жетістіктерін атайды.

Топтық жұмысқа қосқан үлесі бойынша бағаланады, өз жетістіктерін бағалайды.

Рефлексия

Кері байланыс


Сабақ бойынша кері байланыс сұрайды, өз ойын ашық айтқан оқушыларға алғыс айтады.



Сабақ туралы пікірлерін айтып, нені үйренгенін бөліседі, ұсыныстарын береді.

Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар. Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық қасиеті бар. Ақшаның да ырымдары бар. Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді. Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі. Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады. Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды. Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады. Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді. Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды. Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті шақырады. Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол табыстарға жеткізеді. Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн. Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн. Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі. Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны да өз игілігіне жұмсай білуі керек. Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз. Сондай – ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет





















Қолданылған материалдар және ресурстар:



Тест сұрақтары:

https://quizizz.com/admin/quiz/6370bd6e395a0b001e3c1f12/%D1%82%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D0%B5-%D0%BA%D2%AF%D0%BD%D1%96



19 Желтоқсан 2024
136
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі