Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық валюта-теңге"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:


Мектеп:

Әл Фараби атындағы №21мамандандырылған гимназия

Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда)

Наванова З.Т.

Күні:

10.11.25

Сынып:3 А

Қатысушылар 34

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Ұлттық валюта-теңге»

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылығы:

Әділдік пен жауапкершілік


Құзыреттілігі:

Инновациялық ойлау

Апта дәйексөзі

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы:

«Табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары»


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Баға

лау

Ресурс

тар

Бастал

уы

Жұмбақ
1. Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды қағаздар (теңге)
2. Мың… болғанша
Бір ақылды басын болсын (теңгең)
3. Айрықша белгісі
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (ақша)
4. Базарда бәрі бар,
… ешкім бермейді. (ақшасыз)
Тиыннан… құралады. (теңге)
5…. тиынна өсер.
Жылқы құлыннан өсер. (теңге)
6…. кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)


1. Ақша дегеніміз не?
2. Ақша қандай қызмет атқарады?
3. Ұлттық валюта дегеніміз не?
4. Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?
5. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?

Сұрақтарға жауап береді

Ауызша мадақтау



Ортасы

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдауына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді.
Теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.

Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу - барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігіміздің қамтамасыз етеді.
ҚР 1995 жылғы 30наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық банкі 2006жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Теңгенің орталық бөлігінде « Астана – Байтерек» монументі бейнеленген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттың төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті салынған.

Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.


«Табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық қағидалары

- Бүгін біз табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін үйренетін боламыз.

- Табиғат аясында демалудың түрлерін атаңдар (теңіз жағалауында демалу, орманда, тауда, шөлді жерде, далада).

- Су қоймаларында(орманда, тауда) демалғанда қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін?


Топтық жұмыс. Постерлерді қарап шығып, демалыс кезінде өзіңді қалай қорғауға болатыны жөнінде әңгімелеңдер.


Ұлттық валюта туралы мәлімет алады

























































Сұрақтарға жауап береді





























































Презентация




















Видео


https://yandex.kz/video/preview/6767264977167682909?utm_source=copy_link&utm_medium=social&utm_campaign=share











Купюралар мен монеталардың суреттері

Аяқталуы


Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12