«Ұлттық валюта-төл теңге»
Мақсаты:Қазақстанның ұлттыкақшасынакөшутарихы,
оныңмаңызынтүсіндіру.
Білімділік: ақшаныңпайда болу тарихы,
өзұлттықтеңгеміздіңайналымғакіруі, қалай,
кімдержасағанытуралымағлұмат беру. Басқа ел
валюталарыментаныстыру. Жаңаданайналымғаенгенұлттық валюта, оны
енгізудіңқажеттілігі,
безендірілуітуралыкеңіректаныстыру.
Дамытушылық: оқушылардыңақшатуралытүсініктерінкеңейту,
белсенділіктеріндамыту.
Тәрбиелік: оқушылардыңҚазақстанныңтәуелсізмемлекетретіндеқолжеткізгенжетістіктерінемақтанышсезімдерінояту.
Түрі: Ашық журнал.
Тәрбиесағатыныңбарысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Қолдарына ту, шар ұстаған оқушылар жарты шеңбер болып тұрады.
Тәуелсіздігіміздің жылдығына аранлған тақпақтар оқу.
Ақәділ: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан!
Назерке: Ата-бабам аңсаған,
Күрессалыпшаршаған,
Тәуелсіздіктаңыатты-
Бақыттымын мен содан!
Бізгемұрақалалар,
Бізгемұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!
Азамат: Қазақстан- елімменің,
Қазақстан- жерімменің.
Сағанарнапайтылады,
Әнім менің.
Қазақжері- Қазақстан,
Мөлдірегенашықаспан,
Алыскетсемсағынамын,
Отаным сен- Қазақстан.
Имир: Тәуелсіздік- тілегім,
Тәуелсіздік- тірегім.
Ертеңідепелімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!
Ақжол: Жырарнадымеліметебірене,
Үміт артам елімніңертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы халқым менің,
Отанымжылдан-жылғагүлденуде!
Аяжан: Армандардыжақындатыптымалыс,
Біздіңжаққажетсеекенжылыағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құттыболсынқуаныш!
Бекасыл : Жалғанныңжартысындайқазақелі,
Алғандайкөздіңжауысұлужері.
Ақпейілдарханкөңілхалқымыз бар.
Болғандабірісері, бірі батыр.
Әз бабам, азаттықты аңсап өткен,
Ел үшінталайсаңлақ шахид еткен
Солардыңқұдіретті ой- арманы,
Таңыбоптәуелсіздікбізгежетті.
Мұғалім:ОсындайТәуелсіздігіміздің айқын бейнесі ретінде төл теңгемізбен мақтана аламыз.Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» деген болатын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында өткелі тұрған «Ұлттық валюта-төл теңге» атты ашық журнал түрінде өтетін тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
ІІ.Негізгі бөлім.
Ашық журналдың ашылуы.
1.Кіріспе бөлім.
Ақшаны зерттейтін ғылым, бұрынғы заманда ақшаны қолдану аясы туралы.
2.Теңгенің шығу тарихы.Авторлары.
3.Айналымдағы теңгелер тарихы.
4.Теңге туралы оқушылар шығармалары.(өлеңдер,эсселер, суреттер)
5.Қорытынды.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! “Ұлттық валюта-төл теңге” ашық журналымызды бастаймыз.
1.Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз Қ Р Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8 00 ден бастап енгізілді. Әрине, теңге бірден төрт аяғын тең басқан жорғадай жолға түсіп кеткен жоқ. 1994-1996 жылдар оның құнсызданған кезеңі болды. Дегенмен, теңгеміз тұралағанымен тіршілігін тоқтатқан жоқ.«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. НазарбаевЕндеше өткен шаққа зер салайық.
2.Ақшаны зерттейтін ғылым. 1-бет.
Қарақат:Ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы - нумизматика депаталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиынмөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылымретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайдаболды, оныңнегізінсалушы – Вена нумизматигіИ.Х.Эккель. Ақшанысоғужәне оны айналымғаенгізуісіертекезденбастауалады. Ежелгікөшпендіқазақхалқы мал, бағалыаңтерілері, алтын, күміскесектері, бағалытауарлардытауарайналымыретіндепайдаланған. Отырықшыелдер мен көшпелілерарасындағысауда-саттыққатынастарыҰлыЖібекжолыарқылыдамыпотырды.
Мәдина:Қазақ жерінде ақшаны жасау ісі Қарахан әулеті тұсында қарқынды өріс алды. Бәріміз білетіндей Қарахан әулеті ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін ақша айналымындағы тиындардың атауы да «динар, дирхем, фулс» деген арабша атауға ие болды. Яғни Қыпшақ тайпасы жайлаған Дешті қыпшақ даласында күміс және мыс ақшаны қазіргі біз қолданып жүрген ақшаның атауымен атаған. Мәселен, алғашқысын танга (теңге), кейінгісін пул (пұл) деп атаған.
Сабина: Орта Азияның он алты қаласында шамамен 1260-1280 жылдардың өзінде-ақ, монета соғатын ірі сарайлар болған. Қазақстан аумағындағы сол кездегі қалалардың бірі Тараз, Жент, Кенже теңге сарайларын айтуға болады. Теңгелерде көбіне арыстан, сұңқар, балық суреттері бейнеленген.Түрлі геометриялық өрнектер, түрлі таңбалар, жыртқыш аңдар, аңшы бейнесі, ислам дінінің суннит ағымының белгілері соқтырылған. Кейбір дирхемдер мен пұлдарда шоқ жұлдыздардың бейнесі салынса, кейбірінде тотықұстың суреті салынған. Динар деп алтыннан соғылған тиынды айтатын болса, күміс тиынды дирхем деп атаған. Ал қазіргі біз айтып жүрген теңге атауы Алтын Орда кезеңінде қолданыла бастады. Жібек жолында дирхем мен динардан басқа, пени, манат, фулс, ділдә, жамбы сынды ақша атаулары да қолданыста болды.
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір-ақ рет және бір атаумен
шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны
әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,-
деді.
Ендеше елбасын қатаң талабы
қандай нәтиже бергеніне куә болайық.
3.Теңгенің шығу тарихы.Авторлары.2-бет.
Сәбина:1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. 1993 жылы өз валютасын енгізуді Украина мен Белоруссия, Қырғызстан мен Балтық жағалауы елдері қолға алды. Қазақстандық валютаны енгізу жоспары сол 1991 жылы жасалғандығы кейін анықталып жатыр. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеген шеберлер алдымен валютамызға атау іздеген. Әуелде “ақша”, “алтын” сияқты атаулар да ойда болса керек. Бірақ көпшілігі түркі сөзі “теңгеге” ықылас білдіре бастаған.
Аяжан:Ал қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. Суретшілердің айтуынша, бәрінен де әл-Фараби бейнесі бар банкноттар қатарын ашатын бір теңгелік купюра қиынға түскен. Оның портреті бұрынырақта Кеңес Одағының Ғылым академиясымен канонизацияланған (әулиелер санатына қосылған) еді. Бірақ оны ғалымдардың мұрағаттарда сақталған еңбектерінен табу да қиынға соқты. Басқа купюралармен де қиындықтар болған. Олардың ішіндегі ең негізгісі – біздің кітапханаларымызда банкноттарда бейнелегісі келген тарихи тұлғалардың тура бейнелерінің болмауы
Әлия:1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды.
Назым:Бұдан кейінгі жағдайды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.
Жадыра:1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының (1993 ж.) 78 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазанындағы қаулысына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»
Назерке: Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді.
Мәдина: Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған.
Сәбина: 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды.
Ақәділ:Т – теңгенің белгісі
Әлемдік қаржылық нарықта әр мемлекет өзінің төл ақшасын әртүрлі белгімен айшықтап алған. Мәселен, АҚШ доллары – $ болса, € – дегеніңіз еуро. Қорғаныс шаралары күшейтілгеннен кейін мамандар қауымы теңгенің символын ойлап тапты. Ол үшін арнайы байқау ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 30 мыңнан астам жоба келіп түскен. Солардың ішінен «Т» әрпінің үстін бір сызықпен сызған үлгіні таңдап алған ҚР Ұлттық банкінің өкілдері жоба авторлары Вадим Давиденко мен Санжар Әмірхановқа миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындаған.
3.Айналымдағы теңгелер тарихы.3-бет.
1-жүргізуші:
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңгеадамғадемберер.
Тіршіліктіңарбасы,
Теңгеменендөңгелер.
Сабина: Елімізде инвестиялық
монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан
бастап айналысқа шығарылды.
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006
жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік
банкноттары айналысқа шықты. Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан
ақшаның арасында айырмашылықтар
бар.
Мәдина:.
Ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи
тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа
Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы
таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл Фараби,
үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте
Шоқан, жиырма теңгелікте –Абай, елу теңгелікте - Әбілқайыр хан, жүз
теңгелікте Абылайхан бейнесі салынған. Теңге дизайнерлерінің бірі –
Прага сәулет институтының түлегі, бірнеше халықаралық конкурстардың
жеңімпазы Х.Ғабжалеловтың пікірінше, ақшада айтулы алаш
азаматтарының бейнесін берудің бірнеше себебі бар. Біріншіден,
қосымша күрделі бедер – бейнелер банкноттарды қолдан жасаудан
қорғайды, екіншіден тарихи тұлғаларымыздың суреттері біздің жас
мемлекетіміздің өз тарихы мен болмысын танытады және қазақ
ақшаларын әлемдегі басқа валюталардан даралап, айшықтап
тұрады.
Әлия: 100
теңге.
Теңгенің орталық бөлігінде
«Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген.Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменті ақ түспен безендірілген.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен
бейнеленген.Жоғары оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік туы бейнеленген. Банкноттаның төменгі жағында ашық
алақан бейнеленген. Бұл бейбітшіліктің белгісін білдіреді. Негізгі
бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР көлік
және коммуникаңия министірлігінің үйі және Астанада Есіл өзені
арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың суреті
салынған.
Назым: 200
теңге
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР
Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені
арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР
Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде
банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс
тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында
«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі
басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін “Подделка
банкнот преследуются по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық
жердің жоғары сол жақ бұрышында
орналасқан.
Ақәділ: 500

Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы
жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде

тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН
ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі
жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында
орналасқан.
Аяжан: 1000
теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында
Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ
төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал
орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан.
Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және
эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында “Подделка
банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу ашық
жердің жоғарғы сол жақ бұрышында
орналасқан.
Қарақат: 2000
теңге
Негізі бейнесі: Қазақстан
қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай
атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ
бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық
белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан.
Жоғарыда ортасында “ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент
банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін
ескертетін “Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс
тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан.
Мәдина: 5000

Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы
жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ
бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада
орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында
“ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ“ жазуы және эмитент банктің логотипі
басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін
“Подделка банкнот преследуется по закону“ деген орыс тіліндегі жазу
ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында
орналасқан.
Сәбина: 10000
теңге
Өлшемі: 149х79 мм.Басым түсі: күлгін көкБет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан.
Азамат:1993 жылы құрылысы басталған банкнот фабрикасы 1995 жылы толық аяқталды. 19 мамыр 1995 жылы ресми ашылу рәсімі өтті. Бұл стратегиялық нысанға осынша көп журналистке кіруге алғаш рет рұқсат берілді. Нұрсұлтан Назарбаев осында басылып шыққан алғашқы миллион теңгені бүкіл Қазақстанға көрсетеді.
Жаңа 10 000 теңге.
Сабина:Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа мерейтойлық купюра ұлттық валютамыздың құндылығын күшейте түседі, себебі көптеген мемлекеттердің өз дамуына ерен еңбек сіңірген басшыларын елдің ақшасында бейнелеу әлемдік тәжірибеде бар. Ол - дәстүрлі нәрсе. Сондықтан ондай адамдардың суретін ұлттық валютаға басады. Сондықтан біздің теңгеміздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыздың суретінің басылғаны ол теңгеміздің құндылығын одан да арттыра түседі. Ақшамыздың беріктігінің бір кепілі болмақ. Жаңа ақша 1 желтоқсан призидент күніне тарту ретінде қолданысқа енеді.Осыған орай, барша отандастарымызды осы жаңалықпен құттықтағым келіп отыр. Ұлттық валютамыз Тәуелсіздікпен бірге мәңгі жасасын. Мәңгілік ел болайық",
Назым: 1994 жылы қағаз
тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды
монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы №
2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының
42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша
қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған
монеталар;
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша
қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат
емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш
және арнайы соғылған монеталар;
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған
және қолма-қол айналымға арналған
монеталар.
Азамат:Қазақстанның ақша сарайы металл тиындарды
шығаруға дайын болмағандықтан жедел түрде қағаз түрінде шығарды,
бірақ 1 жылдан соң оларды металл тиындарға ауыстырды. 1994 жылы
қағаз тиындар жезден жасалған монеталармен
алмасты.
Мәдина Ұлттық Банктің мұражайы
туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап
калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы
ашылды.
Махаббат:Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.
Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.
Жүргізуші: Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды жұмсай білу керек. Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.
1.Теңге тиыннан өсер, 2.Ақша кетуге тырысады,,
Жылқы құлыннан өсер. Есеп ұстауға тырысады.
3.Есепсіз дүние жоқ. 4.Базары жақын байымас.
Би: «Көңілді би» орындайтын қыздар тобы.
Әлия:
Ел Президентінің Жарлығымен
1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі
қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – ел тірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
Қарақат:
Банкноталарда мынадай қорғаныш элементтері пайдаланылған:
Сутамғы белгілер. Сутамғы белгілерінің бейнесі банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қарама-қарсы қою және ашық реңдерден тұрады.
Қорғаныш жіп. Бір қорғаныш жіп қағаздың құрылымына енгізілген және банкнотаны жарыққа тосып қарағанда тұтас сызық түрінде көрінеді. Екінші, үзік-үзік жіп — банкнотаны жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін жазбалар және суреттер тұтас сызық болып пунктир түрінде қағаздың бетіне шығарылған.
Мөлдір орын. Банкнота жарыққа тосып қарағанда жақсы көрінетін ашық орындағы полимерлік лентадағы сурет.
Қосарланған бейнелер. Банкнотаның беткі және сыртқы жақтарында басылған бейнелердің фрагменттері, жарыққа тосып қараған кезде тұтас суретті құрап, дәл сәйкес келеді.
Алтын интаглио. Тығыз жоғары рельефті қабатты алтын түстес металл бояуы бар қорғаныш элементі, түрлі-түсті көшірмелеуден жоғары деңгейде қорғайды.
Көрініс.
4.Оқушылар шығармалары:
1.Теңге туралы эсселер мен өлеңдер.
2.«Менің қиялымдағы теңгем» (өздерісалыпкелген теңгелерінқорғау.)
3.«Әр елде — өз валютасы »
5.Қорытынды.
Жүргізуші: Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Қазақстан өзінің ұлттық валютасы — теңгені күрделі жағдайда əзірлеп, қабылдағанын естен шығармау қажет. Теңгені жасаудағы тұңғыш президентіміздің ерен еңбегін әр қазақ білері сөзсіз.
Кері байланыс:
Мұғалім: Құрметті ашық журналға қатысушылар! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Төл теңгемізге арналған ашық журналымыздың өтуіне тілек, ұсыныстарыңызды мына теңгелердің артына жазып, ескерткіш етіп қалдырсаңыздар.
Жүргізуші:Ұлттық теңгеміз АҚШ долларындай немесе Еуроодақтың евросындай болмаса да өз тұрақтылығын сақтап, құнызданбауын қалаймыз!!!
Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! – дей келе «Ұлттық валюта-төл теңге» атты ашық журналымызды аяқтаймыз.

Мәдина Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.

Қорытынды.
Қорыта айтқанда, Əр ел өз банкноталарын басқаларға ұқсас болмайтындай етіп жасауға тырысады. Бұл өзінің дарашылдығын, тəуелсіздігін көрсету үшін ғана емес, егер əртүрлі ұлттық валюта банкноталары бір-біріне ұқсас болатын болса, болуы мүмкін алдау əрекеттерін болдырмау мақсатында туындайды. Жаңа дизайн Қазақстанда соңғы жылдарда болып жатқан өзгерістерді көрсетеді жəне Қазақстанның бай мəдени тарихын қазіргі заманғы дизайн элементтерімен байланыстыра отырып біріктіреді. Мысалы, банкноталарда жаңа астана Астана қаласының көз тартарлық монументі Астана-Байтерек бейнеленген. Бет жағында мемлекеттік əнұран ноталарының фрагменті, сондай-ақ мемлекеттік ту жəне елтаңба бейнеленген. Банкноталардағы қолдың ашылған алақаны, қола дəуірінің тас бейнелері достастықты, ашықтықты жəне қажымас қайратты білдіреді. Банкнотаның сырт жағында Қазақстан картасының жаңа астана Астана қаласының жəне басқа қалалардың əртүрлі ландшафтары мен сəулет ғимараттары бейнеленген контуры бар. Мысалы, 10000 теңгелік банкнотада Президент резиденциясы, қазбалар кезінде табылған жануарлардың тастағы бейнелері де банкнота дизайнында бейнеленген.
Ұлттық валюта — теңгені енгізген бері 15 жыл өтті. Бұл біздің еліміздің тəуелсіздігін жариялаған бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. 15 жыл ішінде теңге біршама нығайды жəне ТМД елдерінің анағұрлым тұрақты валюталарының бірі болып қалды. Қазақстандық ұлттық валюта – теңгенің айналыста 15 жыл болуы Қазақстанның қазіргісі мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу Қазақстанның экономикалық егемендігін іске асыру үшін негіз болды. Ұлттық валютаны енгізумен нарық экономикасын құруға бағытталған құрылымдық қайта құрулар жылдамдатылды.
6.Сайысымыздың «Кім жүйрік атты»
екінші кезеңі әр топтан топ басшылары шығып 1 минуттың ішінде 16
сұраққа жауап беруі
тиіс
1.
Казақстан Республикасының влютасы- Теңге
2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы-Инфляция
3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан —
Өскемен.
4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі-Валюта
5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал
6. Әзербайжан валютасы-Манат
7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі-Экономика.
8. Армения валютасы-Бран.
9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді-Бартер
1.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын
билеттер-Банкнот
2. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы
жүк тасу-Транзит
3. Монғолия валютасы -Тугрик
4. Қ.Р ең алғаш астанасы-Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт)
5. Үндістан валютасы-Рупии
6. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды-V ғасырда ежелгі
Грецияда
7. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар-Ақша
8. Грузия валютасын ата-Лари
9. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге
жұмсалуы-Инвестиция
11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық валюта-төл теңге"

шағым қалдыра аласыз