400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Ұлты ұлықтаған Елбасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлты ұлықтаған Елбасы»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу

1- жүрг.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 -жүрг.

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, бүгінгі Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған «Өткен күрестер жеңісі – Тәуелсіздік жемісі» атты мерекелік концертке қош келдіңіздер. Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде танытқан Еліміздің тұңғыш президенті күні құтты болсын!

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

ҚР Гимні орындалсын. (интерактивті тақтадан слайд шоу әнұран орындалады)

1- жүрг. 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2- жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

2- жүрг.  құттықтау сөз мектеп директоры Мерует Сатқанқызына беріледі.
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 – жүргізуш

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін мәңгілік ел ету арман- мүддесінің жүзеге асырыла бастаған күні деп те қастерлеуге тиістіміз.

2 жүрг

Біз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы отар қазақ елін айдай әлемге танытуға ұмтылып, сол жолда ұта білген және де әлемдік саясатқа олжа салған ұпайлы күні деп те білеміз. Елбасы Астана төрінде Саммит өткізу арқылы қазақ елі сан ғасырлық тарихы бар әлемнің дамыған, өркені өскен өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосып, жарқын жүзбен нық барып тұра алды. Біз сол биікке көтерілген елміз, бізді сол заңғар биікке алып шыққан да Елбасымыз, өзіміздің тұңғыш Президентіміз!



2 – жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.

Келесі кезек әдеби монтажға берейік.( 4, 5 сынып оқушыларының тақпақтары)

1-жүрг.: Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.

Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан,халқының үмітін,сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

-қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы;

-қорыққанға қорған,тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;

- алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;

- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Борис Аяжанның өз шығармасынан « Елбасы » атты  өлең жолдарын қабыл алыңыздар.

2-жүрг:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
1-жүрг.:

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салайық! – дей келе Талап Зибаның орындауында «Алтын бесік» әнін қабыл алыңыздар

2-жүрг.: Тәуелсіздікке қол жеткізу қандай қиын болса, оны сақтап, іргесін нығайту жолында да қиындықтар аз кездеспегені тарихтан мәлім. Осындай қиындықтан, дағдарыстан алып шығып егеменді еліміздің іргесін нығайту үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты өркениет көшіналға жылжытуда.

"...Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын..." - деген Нұрсұлтан Назарбаевтың туған халқына деген патриоттық сезімі ісімен астарласып жатырғанына баршамыз куәміз. 

Қазір елімізде елбасының бастамасымен ауыл шаруашылығы саласында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр,егін немесе мал шаруашылығы болсын, саланың дамуы үшін бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың айтарлықтай септігін тигізетіні жасырын емес. Оның үстіне осы бағытта жеке кәсібін ашам деушілерге тиімді несие ұсынатын қаржы институттары тағы бар.

Атап өтер болсақ ауданымызда “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары,“Өрлеу” жобасы,сонымен бірге, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің ауылымызда да осы бағдарлама аясында несие алып,кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар бар. Солардың бірі өз жерлесіміз «Жайық ҚАБ» кооперативінің жетекшісі Замир Мәлікұлы бізде қонақта. Ол кісі мемлекеттік бағдарлама бойынша жеке мал шаруашылығымен айналысып келеді. Сөз кезегін Замир Мәлікұлына берейік. (Сұрақтар қою)

/Өз кәсібіңіз туралы, мемлекеттік бағдарлама жайында балаларға айтып өтсеңіз/





Сонымен қатар Елбасының қолдауымен көптеген оқу орындары ашылды.

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

бірқатар лицейлер мен колледждер

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

Жастарға арналған бағдарламалардың бірі Елбасының «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасып, жеңілдетілген пайызбен несие алып баспаналы болып отырған біздің ұстаздарымыз да бар. Атап өтер болсақ Аселхан Жасталапқызы, Айнұр Ержанқызы, Гүлжеңіс Сүндетқызы,Күнайым Орынғалиқызы, Тоғжан Нұржанқызы, Асылбек Бауыржанұлы, Асылгүл Жамбылқызы. Енді осы бағдарлама туралы өздері айтып өтсе. Сөз кезегін осы ұстаздарымызға берейік.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

1 жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, 
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай, 
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!деп келесі кезекті әсем әнге берейік.
Ән: «Қазақпын» орындайтын Сансызбаева Светлана

2жүрг.:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

1-жүрг.:Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырып келеді. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана қаласы күн санап көркеюде.

Ән: «Астана» орындайтын: Талап Зиба

2-жүрг: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

1-жүрг.:

Елімде бейбіт тыныш заман болсын,

Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын!

Елімнің ел ағасын халқы қолдап,

Қазақстан жеріміз аман болсын!               

1-жүрг.:

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз - «Мен Қазақпын» -, деп  мақтанатын ұрпақтармыз. Ендеше Қазақ елі жасасын!!!

1 жүргізуші: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз. деп Меңдешов Ерланның орындауында

« » әнін қабыл алыңыздар.

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп   Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.

Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр –әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті құраным!

Ғасырлардан жаһұттай жиған қылық.

Жасасын тәуелсіздік, бейбітшілік!

Ел болып көтерілген шаңыраққа

Тілейміз бақыттылық, баяндылық!

деп бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған  мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.









Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр –әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті құраным!







































Арқа сүйеп ақыл-ойдың шыңына,

Аңсағаны – ұлтқа шуақ, шұғыла.

Әрбір күні – адамзаттың қамы үшін,

Әрбір түнде қамығатын мұңына.



Арқалаумен ауыр жүгін алыптың,

Арманы еді жарқын әлем, жарық күн.

Айбынды ұлы ардақты әке Әбіштің –

Адастырмас Көшбасшысы халықтың.



Ұлы Дала дарабозы, ұланы

Ұшырғанда шарықтаған қыраны.

Ұлы Ғұн мен Сақтан бері сақталып,

Ұрпақтарға мұра болған ұраны.



Емірентті еркін сезім шақтары,

Елжіретті қазағымды бақ таңы.

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы –

Егеменді Қазақстанның мақтаны!



Талқысымен тайталасқан тың күші,

Туын тікті Бостандықтың – құнды ісі.

Тумысынан парасатты Президент –

Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы! 



Халқы сенер,ақылын елеп ұлдың,

Еліне де қашанда сенер ұлың.

Елбасысы болды да қазағының,

Еңкейтпеді жалауын өр елінің.



Білді бөбек есімін бесіктен де,

Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.

Қазақстан деп білер бүкіл әлем,

Назарбаев есімін есіткенде.



26 жыл өтіпті сыннан дара,

Сыннан өтер сыр бермес тұлғаң ғана.

Нұрсұлтан деп тауың да асқақтады,

Нұрсұлтан деп күй төкті туған Дала.







Жеткізді ұлы өр елін бүгінгіге,

Дос қуанып,күншілдер түңілді де.

Бағыт алды "Мәңгі Елге" Қазақстан,

Сол жайлы ұрпақ айтар жырын,міне.



Тәуелсіз боп ел тұрса аспан асты,

Бақытты онда қарты да,жас баласы.

Елбасының салынған қалауымен,

Жарқырайды бұл күнде Астанасы.



Өнеге боп білімі бүгінгіге,

Ұл-қыз өсіп келеді бүгін,міне.

Соның бәрі Елбасы қамқорлығы,

Ұрпақ үшін айналған жыр-үлгіге.



Өткенін де өр елдің өрен білді,

Келешекке керекті өнерді ілді.

Желбірейді байрағым аспанымда,

Назарбаев есімін әлем білді.



550-тарих бұл,ұғады ұлт та,

Бүгінгі елім ұқсайды бір алыпқа.

Халқын сүйген бар жерде көшбасшысы,

Болашағым,күле кел мына жұртқа!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2019
741
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі