400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлтым басқа, тілім қазақ

Материал туралы қысқаша түсінік
дайын ашық сабақ, мүмкін қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне қажет болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлтым басқа, тілім қазақ»

ҚР Әнұраны орындалады.

Армысыздар, қадірлі, құрметті қонақтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесімен құттықтаймын! Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген зор құрмет. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік! Әрқашанда аспанымыз ашық болсын!

Добрый день, дорогие друзья! Наш конкурс посвящен Дню языков народов, проживающих в Казахстане. В нашей многонациональной стране говорят более чем на 130 языках, и все национальные языки по конституции равноправны.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – қазақ халқы үшін – әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу – ағарту тілі.

Әділқазылармен таныстыру (Купеева Сауле Жауаровна, Карагатеева ина Байкеновна, Актанова Гүлнәр Сайлауовна)

Нағыз тілді білемін деген адам М.Әуезовтың «Абай жолын» оқуы керек. Себебі онда халқымыздың салт-дәстүрі, тілі, әні бар. Ақын сөзімен айтсақ: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Бүгінгі күннің шындығы да үлгі- өнегесі де осында.

Абайдың 31-інші қара сөзі. Жұмабеков Мадияр Мг-12 тобының оқушысы

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі, көкірегі байлаулы берік болмақ керек;

екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;

үшінші, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;

төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.

Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

Наше государство, возвышая статус казахского языка, не меньше внимания уделяет развитию языков других народов, проживающих на территории многонациональной Республики: это русский, татарский, немецкий и другие языки.

Русский язык является тем мостом, который сближает наши народы.

Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысы «Ұлтым басқа, тілім қазақ» деп аталады. Прошу выйти участниц конкурса, поприветствуйте учениц 1-курса группы Сп-12:

Алексеева Тамара, Струкова Наталья, Грибкова Инна, Копылова Надежда.

Кім білімді, өнерпаз, білейікші,

Оқушылар алғыр деп жүрейікші

Әділқазылар алқасына тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші.



Алексеева Тамара:

1)Тілім менің –тірегім, дінім менің,

Тілсіз қандай болады күнім менің?!

Өз халқына жетеді өз мәнінде

Өз тілімде оқылса жырым менің.

Тілім менің- қуатым, күнім менің,

Тілсіз кетсе не болар ісім менің?!

Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,

Тіліммен тірлікті мүсіндедім.

Тілім менің – асылым, арым менің,

Арым кетсе не пайда барым менің?!

Бас кескендер тілімді кесе алмаған,

Тілден бұрын кетеді жаным, демім.

Тілім менің – қазынам, қасиетім,

Қасиетім бар әлем бас иетін.

Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,

Бола көрме, ана тіл, қасіретім.

Тілі өлсе болмайды тірі халық,

Бірі өліп тұра алмас, бірі қалып!

Басқа емес өз ана тілінде тек

Тіршілігін білдірер ұлы халық.



Ән орындалады (Мг-12 тобының оқушысы)

Ал, енді осы ана тілімізге байланысты сұрақтарым бар, сол сұрақтарға кім жауап бере алады екен?

  1. Қазақ тілі қашан мемелекеттік мәртебеге ие болды?(22.09.1989)

  2. Қ Р –ның Тіл туралы Заңы қашан қабылданды?(11.07.1997)

  3. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?(А.Байтұрсынов)





Струкова Наталья:

2)Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

Тілім менің ерлігім де елдігім,

Кемеңгерлік, кемелдігім, кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Ана тілім аяулы да ардақтым,

Үмітімді келер күнге жалғапсың.

Сен жоқ болсаң қараңғыда қамалып,

Мәңгілікке мәңгүрт болып қалмақпын.

Ежелден-ақ елміз ірі, іргелі,

Шежіреміз, тарихымыз ілгері.

Менің тілім қаз дауысты Қазыбек,

Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

Айналайын, ана тілім – айбыным,

Айнадайын таза болсын айдының

Табиғаттың бұзылғаны сияқты,

Ана тілің айныса егер қайғы-мұң.

Тілім дейсің жан-жүрегің тілініп,

Түйсіксіздер оны қалай жүр ұғып?

Өз тілінде өз ұлтыңмен тілдессең,

Өгейлер бар кететұғын бұрылып.



Мен жұмбақ жасырамын, жауабы үш тілде айтылуы керек.(қазақша, ағылшынша, орысша)

1. Үндемес серік, ақылы берік (кітап-книга-бук)

2. Толып келіп бос кетеді (қасық-ложка-спон)

3. Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар(бор-мел-шок)

4. Жемге ауыз салса – ұтылғаны,

Айналып өтсе- құтылғаны. (балық-рыба-фиш)



Грибкова Инна:

3)Сан ғасырдың жеткізген сырын маған,

Ана тілім – ардақтым, күнім, данам.

Құлағымнан кетпейді бесік жыры,

Жүрседағы жырақтап түзде балаң.

Есіме алсам, дариға, жас күнімді,

Кеудемдегі қорғаймын тасқынымды.

Ана сүті дарытқан бойымдағы

Әдеп, ізет, салтымды, дәстүрімді.

Бұл күндері күй шертер дала мұңды,

Кейде қайғы басады қабағымды.

Ана тілім секілді арнасына

Тола алмаған ойлаймын Аралымды.

Ана тілім, алдыңда тәжім еттім,

Тарқаса екен жүзіңнен тезірек мұң.

Қалай ғана ұялмай жер басамыз

Әруағынан Жиренше, Қазыбектің?!

Аяулы, абыройлы ана тілім,

Өстім мен саясында қанатыңның.

Кетіпті ғазиз ана сені сыйлап,

Жыр болып көкірегімде жанатұғын.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар.







Ал қазір мен мақал-мәтелдер оқимын, ал сендер жалғастырып көріңдер.

  1. Оқу білім бұлағы - ....

  2. Тіл тас жарады - ....

  3. Батаменен ер көгерер - ....

  4. Атадан ұл туса игі....

  5. Ашу – дұшпан, ақыл дос...

  6. Еріншекке іс тапсырсаң....

  7. Тіліңмен жүгірме....

  8. Отан – елдің....

  9. Ел іші- ....



Копылова Надежда:



4)Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.



Қазақ тілім саялаған нұр бағым,

Қазақ тілім – ана тілім, ардағым.

Сен арқылы жетім жатыр өмірге

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.



Тілім менің,

Осы тілде шежірем, жырым менің,

Асан қайғы арманы, Қорқыт күні,

Тағдырыммен тамырлас мұным менің.

Тілім менің,

Жауға айбарым, ұраным, туым менің.



Тіл дегенім – түсіністік құралы,

Тіл арқылы адам бәрін ұғады.

Татулық та, бірлік, достық, береке,

Бәрі – бәрі осы ұғымға сияды.



Ән орындалады (Мг-12 тобының оқушысы)



Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз. Сайыскерлерге марапаттау қағаздары беріледі 1,2,3,4 орындарға ие болғандары айтылады.

Бүкіл адамзат қауымында ана тілін ардақтамайтын халық жоқ. «Анаңды жоғалтсаң да, ана тіліңді жоғалтпа» деген ұран сөздің кімді де болса тебірентері хақ. Өзінің ана тілін білмеген жан-өз ұлтының әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен мақұрым қалған жан. Сондықтан әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата-мекенін қалай сүюмен, өз ана тілін қалай білумен өлшенбек. Туған тіліміздің тұғыры мықты болуына негіз қалайық!

Барлықтарыңызға көп рақмет, қош сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі