Материалдар / Ұлтымыздың рухани жаңғыруы біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлтымыздың рухани жаңғыруы біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



  • 0Сабақтың тақырыбы: «Ұлтымыздың рухани жаңғыруы біздің мемлекеттік Тәуелсіздігімізде»
    Сабақтың мақсаты: - Рухани жаңғыру идеяларын сипаттап, ел тәуелсіздігінің мазмұнына, еліміздің жетістіктеріне тоқталу.

-Оқушылардың бойында ұлттық сана-сезімін оятып, туған жерге, елге деген құрмет сезімін ояту.

-Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, еліміздің тәуелсіздігін сақтап, баянды етуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Түйінді идея: Рухани жаңғыру болашаққа бағдар


Ұйымдастыру кезеңі- Шаттық шеңбер- Шаңырақ қауымдастығы

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті ,

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме қонақтар

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру) Ал балалар

 менің қолымда үш түсті көк , сары, жасыл лента бар . Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін.Өздеріңе ұнаған түсті алып қолға түскен лентаны саусаққа орап ,шеңбер бойымен айналып

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп ,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер-деп орнымызға тұрамыз.  

 (Мұғалім сөзі) Балалар біздің лентамен жасаған жұмысымыз неге

ұқсайды?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?  

(Балалардың пікірі)Әрине бұл жақсылықтың белгісі

-Бұл шаңырақ қауымдастығына ұқсайды-Самат

– Дұрыс, лента бізді біріктірді,Әрқашанда бірге болуымыз, бір-бірімізге көмектесуіміз , бір шаңырақ астында тату –тәтті өмір сүруіміз керек.-Ақтолқын

Мұғалім сөзі :Дұрыс айтасыңдар – Біле білсек Тәуелсіз қазақ елінде бір шаңырақ астында өте бақытты тыныш өмір сүріп жатырмыз. Біздің Қазақстанымыз Тәуелсіз егемен , көп ұлтты мемлекет . Оны біз өте жақсы білеміз. Ал сендердің көзқарастарың қандай ? Қазақстан елі дегенде қандай елді көз алдарыңа елестетесіңдер ?( Оқушылар)

1.Бүкіл ел танитын дамыған ел-Зарина

2. Болашағы жарқын ел- Айдана

3. Егеменді ел- Әліхан

4. Қазақстанның өз рәміздері бар ел- ту, елтаңба ,әнұран-Назгул

5. Мемлекеттік тілі бар ел- Балқия

6. Ол тәуелсіз мемлекет-Асылбек

7. Көп ұлтты ел-Айбек

8. Туризм , спорт , медицина салалары жетістіктерге жеткен ел- Айдос

9. Бірлігі жарасқан ел-Мөлдір

10. Әсем қалалары бар ел-Тілеуберген

11. Бейбіт ел-Нұрбибі

12.Тыныш ел- Б Айдана

13. Салт дәстүрі мен әдет ғұрпын сақтай білген ел-С Аружан


Мұғалім сөзі: Өте жақсы жарайсыңдар. Балалар енді шаңырақтағы ленталар арқылы 3 топқа бөлінеміз.

Топқа бөлу

  1. топ Сары лента «Рухани жаңғыру» тобы

  2. топ Көк лента « Салт дәстүрлер» тобы

  3. топ Жасыл лента «Тәуелсіздік» тобы


Таныстырылым: Балалар бағдаралды сабақ дегеніміз - Елбасымыздың бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып, рухани жаңғыру идеяларын,Елбасының жыл сайынғы жолдауларына шолу жасау.

Тәуелсіздігіміз баянды болу жолында 1997 жылдан бері Елбасымыз халыққа өз жолдауын жолдап келеді. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы керек. 

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт- дәстүрдің, — сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.


Қане балалар халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік. Топтық жұмыс –«Сандар сөйлейді» әдісі

І-топ- Ақтолқын

1- оқушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

ІІ- топ -Назгул

2- оқушы : 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

ІІІ- топ- Мөлдір

3-оқушы: 1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

І- топ- Аружан

4-оқушы : 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

ІІ-топ-Зарина

5-оқушы : 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

ІІІ-топ- Айдана





6-оқушы : 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

: Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақстан халқына жолдау жолдап келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Осы жолдау аясында Елбасымздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарық көрді

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда.

Топтық жұмыс


І- топ- Постер шығару


1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

ІІ- топ Салт дәстүр « Фотокалладж» әдісі


ІІІ- топ «Роль сомдау» әдісі Көрініс

Тамашалайық көрініс ата мен бала.

Бала жүгіріп атасына келеді. 
Бала: Ата-ата, не істеп жатырсыз? 
Атасы:Ой құлыным, мен кітап оқып жатырмын. Кел, отыр, ойнап шаршаған шығарсың. 

Бала: Ата, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Ата, «Тәуелсіздік» деген не? 
Атасы: Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл –үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді. Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір! 
Бала:ата, мен сізге тақпақ айтып берейін бе? 
Атасы: Айта ғой,құлыным! 
Бала: 
Күміс күй мен әнге толып тұла бой, 
Қуанышқа кенелтеді асыл ой. 
Шаттандырған баласы мен бабасын, 
Тәуелсіздік күні бүгін-Ұлы той. 

Атасы: Ой ,ақылдым,өркенің өссін. 

  1. Ей, балам, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің мәңгі өшпесін. Біздің Тәуелсіз Қазақстанымызды биіктен, мектебіңнің атын жоғарыдан шығаратын өздерің. (Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен шығады, қолдарында шарлары бар.).

Бірінші оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік бастау алған; 

Екінші оқушы: «Ә» - дегенің әділдік ел жүгінген; 

Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі; 

Төртінші оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу; 
Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын намысың; 
Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп өт елді, жеріңді; 
Жетінші оқушы: «І» - ілессін ұрпақ ұранға; 
Сегізінші оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын; 
Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын ұлықтасын; 
Оныншы оқушы: «І» - ілінсін әлемнің биік шыңына; 
Он бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі; 
Бәрі бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік, Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен айтады. 

Кері байланыс – Қазақстан картасын құрастыру

Қазақ халқының дәстүрін, тілін құрметтеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді. Оқушылар шаңырақтағы ленталар арқылы 3 топқа бөлінеді.



















Сабақтың барысы:

І.Кіріспе

А) Ұйымдастыру кезеңі - топқа бөлу-4 мин

Ә) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - таныстырылым (мұғалім)-5 мин

ІІ. Негізгі бөлім

А) әдіс-тәсіл – «Сандар сөйлейді» (топтық жұмыс) 7- мин

Ә) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» фотокалладж, постер, көрініс бойынша оқушылармен топтық жұмыс -15

Ә) «Рухани жаңғыру – Мәңгілік ел болудың кепілі» шығармашылық жұмыс

ІІІ. Қорытынды



БАСЫНАН БАСТАП КӨР ҚАРАМЕН ЖАЗЫЛҒАН









1

1991 1

1991

Рисунок 1

1 991


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!