Материалдар / Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтінді түсініп оқып, түрлерін анықтап, мұғалімнің көмегімен негізгі ойын білу. Сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) сұрақтарын ажыратып, сызбаға топтастыру. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2021
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мектеп:

Күні:

Сыныбы: 2


Мұғалімнің аты-жөні: Дулатова Назерке

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1 мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.

2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Сабақ мақсаттары:

















Shape1

Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Барлық оқушылар: Мәтінді түсініп оқып, түрлерін анықтап, мұғалімнің көмегімен негізгі ойын білу.

Көптеген оқушылар:. Сөз таптарының (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) сұрақтарын ажыратып, сызбаға топтастыру.

Кейбір оқушылар: Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастыру





Білу.Түсіну.Қолдану.

Бағалау критерийі

Мәтінді түсініп оқып, түрлерін (әңгіме немесе өлең екенін) анықтай отырып, мазмұнын айтады;

Сөз таптарының анықтамаларын сұрақ қою арқылы ажыратып, сызбаға топтастырып жазады;

Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтап, сөйлем құрастырады

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Зат есім, сын есім, сан есім,етістік.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

-Зат есім дегеніміз не? –Сын есім дегеніміз не?

-Сан есім дегеніміз не? –Етістік дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту.

Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарыту(салт-дәстүр түрлері және ауыз әдебиет туралы).

Пәнаралық байланыс

Музыка пәні: сабақ барысында оқушыларға интербелсенді тақтадан көрсету арқылы сергіту сәтін өткізіп, би қимылдарына үйрету. Әдебиеттік оқу мәтіндегі ойды айтады.

АКТ қолдану дағдысы

Оқушыларға Қазақстанда тойланатын мерекелер жайлы интербелсенді тақтада суреттер көре отырып айтылым мен тыңдалым дағдыларын қалыптастыру.Бейнесюжет көру арқылы дәлелдер келтіреді.

Бастапқы білім

Сөз құрамы, түбір мен қосымша, жұрнақ пен жалғау



Сабақ барысы



Сабақта жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы




























































Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз

-Балалар, біз бүгін Сөз таптары деп аталатын үлкен елді мекенге саяхатқа шығамыз

Саяхатқа шықпас бұрын дайындығымызды тексерейік.

Берілген қима қағаздардағы сөздерге сұрақ қою арқылы

топқа бөлінеді.

Топқа бөлу

Кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздер 1-Зат есім,

Не істеді? сұрағына жауап беретін сөздер 2-Етістік

Қанша? сұрағына жауап беретін сөздер 3-Сан есім

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздер 4-Сын есім

Алсаңыздар өткенді қайталау

Түбір ,түбір сөз дегеніміз не?

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?



Қызығушылықты ояту:

Ашық сұрақ

1. Ұлтымыздың қандай салт –дәстүрлерін білесің?

Оқушылардың Жауабы

Қб «Жарайсыңдар»


















































































































































































































































Жаңа білім: Мағынаны ажырату

Ой қозғау Білу және түсіну.

Сөз таптары елінде ұлан асыр той боп жатыр.

Қандай той болып жатқанын жаттығу орындау арқылы білеміз

Оқылым.

1-жаттығу

- Мәтінді түсініп оқы.

- Мирас, ертең біздің үйге көп қонақтар келеді. Шілдехана жасаймыз.

- Шілдехана деген не?

- Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Тойда «Балаңыздың бауы берік болсын!» деген құттықтаулар айтылады. Қонақтар ән салып, домбыра тартып, өлің айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да келе береді. Бұл той – өмірге адам келгенінің белгісі.

Айтылым.

-Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды

-Мәтінге ат ойлап табады (Шілдехана)

Жазылым.

-Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жазу.

Дескриптор:

1.Мәтінді түсініп оқи алады.

2.Мәтіннің мазмұны

бойынша сұрақтар қоя алады.

3.Мәтінге ат ойлап таба алады.

4.Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаза алады.

ҚБ «Өте жақсы!»

2-жаттығу. Сөздерді оқы.

Ата, салт-дәстүр, қырық, үйренді, жеті, қызық, шілдехана, бесік, салды, үлкен, немере, жасайды, шақырды, қонақ, әже, кішкентай.

Берілген сөздерді кестеге орналастыру



Кім ? Не?

Не істеді?

Қандай?

Қанша?













Дескриптор:

1. Сөздерге сұрақ қоя алады

2. Кестедегі сөз мағыналарының әр басқа екенін және олардың қалай топтастырылғанын байқап,қорытынды жасай алады



Ережемен таныстыру.

Кім? – Кто?- who?

Не?- Что?- What?

Не істеді?- Что делает?-what does?

-Бала дүниеге келгеннен кейін түрлі салт –дәстүрлер басталады Кім тапқыр?

ҚБ «Керемет!»

Сергіту сәті «Ормандағы ағаштар» ойыны

Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.

Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?

Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады. Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қозғалып, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.

Дәптермен жұмыс. Жеке жұмыс.

3-жаттығу

Жас баланың қалай атайтынын тауып жаз

Сә...и, нем...ре, бө...е, бө...ек, ба...апан.



4-жаттығу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтап жазу.

ҚБ «Жарайсыңдар!»

















































































































































Сабақтың

Соңы



Рефлексия



3 минут





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!