«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 121 жыл толуына арналған салтанатты жиынның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі





«Бектемін»

Мектеп директоры

_________ С.Шаулиева

­­­­­­­­





«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына

121 жыл толуына арналған салтанатты жиынның сценарийі





















22 қазан 2025 жыл




«Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Н.Оңдасыновтың туғанына 121 жыл толуына орай

ұйымдастырылған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты

салтанатты жиынның С Ц Е Н А Р И Й І


Өтетін күні: 22 қазан 2025 жыл

Өтетін уақыты: 15:30 сағат

Өтетін орны:Мәжіліс залы


Безендіруге жауапты:Химия,биология пәні ӘБ

Музыкаға жауапты: ән-саз пәні мұғалімі А.Айбекова, А.Шахидинова

Жүргізушілер:Э.Қайырбекова,


Бағдарламада:


  1. Би «Қазақ биі»

  2. Салтанатты жиынның ашылуы

  3. ҚР мемлекеттік гимні

  4. Қонақтарды таныстыру

  5. Мектеп директорының құттықтау сөзі..

Негізгі бөлім

Баяндама:

1.Биология пәні мұғалімі: Жәрменова Гүлжаухар «Тұлға тағлымы-жас ұрпаққа үлгі»

2.ХОР: Мектеп гимні,Таза бұлақ.

3.Бейнеролик: « Н.Оңдасынов –ел тарихындағы дара тұлға»

4.Кітап көрмесі: «Ел мүддесі үшін еңбек еткен-ер тұлға»

5. Көрініс: «Балалықтан басталған арман»

6.,Монолог Қарапайым ауыл баласы

7.Ән: Дүйсенбек Балауса «Жұмақ мекен»

8.Н.Оңдасыновтың «Өнегелі өмір-өшпес із» 6-сынып оқушылары.

  1. «Бейбітшілік құсы самғасын» Квартет –тобы

  2. Н.Оңдасынов туралы өлең шумақтары:Дүйсенбек Балауса, Әлтөре Аружан

  3. Эссе: «Менің елімнің ардақты азаматы-Нұртас Оңдасынов»

12.11 «ә» сынып оқушысы: Орынбасар Елдос. «Нұр аға»








Нұртас Оңдасыновтың туылғанына 121 жыл

«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға!»

Би: Қазақ биі

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ардақты оқушылар!
Бүгін – біздің мектебіміз үшін ерекше күн. Себебі біз, осы киелі білім ордасында, аты мектеппен бірге аталатын
Қазақ елінің дара перзенті – Нұртас Оңдасыновтың 121 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кешке жиналып отырмыз.
Елі үшін еңіреп туған ерлер бар, халқы үшін армандап өткен ардақтылар бар.
Нұртас Оңдасынов – сондай шоқтығы биік тұлғалардың бірі.

Жүргізуші:
Иә, халқымызда
«Ел тарихы – ер тарихымен жасалады» деген даналық бар. Бір ғұмырын ұлтының игілігіне арнаған Нұртас Дәндібайұлы – тек саясаткер ғана емес, руханият пен білімнің жанашыры, тіл жанашыры, қайсар қайраткер.
Ол:
«Халыққа қызмет ету – ең үлкен бақыт» деп айтып қана қойған жоқ, сол сөзді өмірлік ұстанымына айналдырды.

Жүргізуші (паузамен, әсермен):
Бүгінгі ұрпақ – өткен тарихтан тамыр тартады.
Тарихын білген ел ғана – тағдырын бағалайды.
Ендеше, бүгінгі кеш – жай шара емес,
ұлттық рухты көтеретін тағзым сәті.

ҚР мемлекеттік гимні орындалады

Жүргізуші: - Мемлекет және қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың туғанына 121 жыл толуына арналған салтанатты жиында құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Шаулиева Сапаркүл ханымға!



2 Жүргізуші: - Бүгінгімен жаның бір, бір санаң да

Жас ұрпаққа үлгісің тұрсаң алда

Ел есінде өр тұлғаң, қыран кейпің

Тар заманда төзбеген тұмшалауға-

Құттықтау сөз кезегі _____________________________________________

________________________________________________________________

1 Жүргізуші: - Заманның алмағайып бір шағында

Білім қудың елікпей құр сағымға

Белді будың ұлт үшін ұлы істерге

Бұзып жарып Кеңестің құрсауын да

Негізгі бөлім

Баяндама:

  1. Биология пәні мұғалімі: Жәрменова Гүлжаухар «Тұлға тағлымы-жас ұрпаққа үлгі»


Жүргізуші: Есімі көп айтылмай, ерлікке пара-пар қайраткерлік еңбегі лайықты бағаланбай келе жатқан Алаш ардақтыларының бірі – Нұртас Оңдасынов. Орда бұзар отыз төрт жасында, 1938 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағалығына сайланған, бұл жауапты лауазымды қызметті табаны күректей он үш жыл бойы мінсіз атқарған Нұртас Дәндібайұлы туралы аңызға бергісіз ақиқат әңгімелердің тасқа басылып, халық жұртшылыққа тарала бастауы тәуелсіздік жылдарының еншісіне бұйырды. Әсіресе, «қолымда қаншама билік болса да, біреуден көк тиын пара алмадым – Қолым таза! «Үштіктің» біреуі болып адамдардың сыртынан қол қойып, жала жаппадым, ешкімнің қанын мойныма жүктегенім жоқ – Арым таза! Адамдарды атаға, руға, жүзге бөлмедім – Жүзім таза!» – деген сөздері құранның сөзіндей риясыз қабылданады.

Хор: Мектеп гимні,Таза бұлақ 8-сынып оқушылары.

Жүргізуші: Тарихта Нұртас Оңдасыновқа қатысты ұлы шындық бар, ол-Оңдасынов өкімет басында отырғанда тың көтерілмеді, Солтүстік облыстар Ресейге берілсін дегенге қосылмады, Оңтүстік Қазақстанның үш ауданы Өзбекстанға, Маңғыстауды Түркменстанға бермеді. Ол билік басында отырған қазақстанды бөлшектеу саясатына барынша қарсы болды. қазақ Республикасыны басқарып отырған басшылардан оң қабақ болмаған соң Мәскеу "Орталығы" белден баса алмай, Оңдасынов айбарынан аса алмай, діңкелері құрыды.

Бейнеролик: « Н.Оңдасынов –ел тарихындағы дара тұлға»

Кітап көрмесі: «Ел мүддесі үшін еңбек еткен-ер тұлға» Э.Қайырбекова

Жүргізуші:
Тарихтың әр беті – тағылым.
Әр ұлы тұлғаның жолы – күреспен, ізденіспен, біліммен өлшенеді.
Бүгінде біз дәріптеп отырған Нұртас Оңдасынов та бірден биікке шыққан жоқ. Ол да
бір қарапайым ауылдың баласы еді.
Бірақ… оның жүрегінде
үлкен арман болды.


Ол – кедейлікті көрді.
Ол – тіршіліктің ауырлығын сезінді.
Бірақ,
үміт отын сөндірмеді.
Өйткені анасының тілегі, әкесінің батасы оған
жол көрсетті.

Ендеше, назарларыңызға «Балалықтан басталған арман» атты көріністі ұсынамыз. 10 сынып оқушылары

КӨРІНІС: «БАЛАЛЫҚТАН БАСТАЛҒАН АРМАН»

Сахна сипаттамасы:
Ауыл үйінің іші. Ескі орындық, керосин шамы жанып тұр. Ана от жағып отыр, әке шапанын иығына жамылған. Нұртас бұрышта ескі кітап ұстап отырған күйі терең ойланып отырады. Тыста жел гуілдеп тұрған дыбыс (фонға қоюға болады).

Диалог

Анасы (дауысында алаң бар, астарлы мұңмен):
— Уа, Тәңірім... Балапанымды аман қыл... Қара су мен қара нан жесек те,
білімнен айырмай жүрсек екен...

Әкесі (сәл күрсініп, Нұртастың иығына қарап):
— Шеше-ей, мына бала күндіз-түні кітаптан бас алмайды.
Тірлікке де керек қой, бірақ... білім алса – елдің жоғын жоқтайтын азамат болар ма екен...

Нұртас бала (сеніммен, бірақ балаға тән ұяң үнмен):
— Әке... Мен оқысам деймін. Мен...
еліме пайда тигізетін адам болғым келеді.
(кітапты жүрегіне жақын ұстайды)
— Білесіз бе, білімді ел ешқашан езілмейді...

Анасы (көзіне жас алып, маңдайынан сипап):
— Балам-ай... Сенің оқығаның –
біздің үмітіміздің жалғасы.
(дауысын көтеріп, көрерменге қарап айтқандай әсермен)
Бір балам елге жарық болсын деп тілеймін...

(Сол сәтте есік сықырлап ашылады. Ауылдың ақсақалы кіреді. Барлығы орнынан тұрады.)

Ақсақал (байсалды, терең үнмен):
— Ассалаумағалейкум, шаңырақ иелері!
(бәрі сәлем береді)
— Естіп келем...
мына бала оқимын дейді деп. Дұрыс айтады. Білім – ердің қанаты.
(Нұртастың маңдайынан сипайды)
— Қарағым,
елге қызмет етем деген ердің жолы ауыр болады. Бірақ... ел жадында қалған ер ғана – шын бақытты.

Әкесі (асықпай, ойлы үнмен):
— Ақсақал... Қолдаңыз. Біз балаға батадан артық сүйеу берер шамада емеспіз...

Ақсақал (екі қолын жайып, ақ батасын береді):
— Ендеше тыңда, қарағым Нұртас,
Жүрегіңде елге деген махаббат сөнбесін.
Қолыңа қалам алсаң – халықтың жоғын жаз.
Тіл үйренсең – елдің тілін биік қыл.
Басшылық етсең – қара халықтың пайдасын ойла.
Алла жар болсын,
бала арманың – ұлттың мұратына айналсын!
Батам осы!(Фоннан жай қобыз немесе домбыра үні көтеріледі. Нұртас төмен қарап, алақанын жүрегіне қояды.)

Нұртас бала (ақырын):
Ант етемін... Елім үшін оқимын. Елім үшін еңбек етемін...

(Музыка күшейіп, жарық баяу сөнеді – көрініс аяқталады.)

Жүргізуші :
Халықтың үмітін арқалаған бір баланың арманы осылай басталды.
Ауылдан шыққан Нұртас – тек бір отбасының емес, бүтін елдің үмітіне айналды.
Жасынан ел тағдырына алаңдады.
Халық қараңғыда қалмасын, тілім құм болмасıын, жас ұрпақ білімді болсын деп армандады.
Ол арман уақыт өте келе
нағыз мемлекет ісіне ұласты.

Жүргізуші (даусын көтеріп, паузамен):
Сөйтіп...
Қарапайым ауыл баласы – Қазақ елінің тұтқасын ұстаған тарихи тұлға атанды.

Ән: Дүйсенбек Балауса_______________________________

Елге қызмет ұлы арман

Туған жерім Асыл жан

Еңбек етсем, тер төксем,

Жерім гүлдеп, тасынған

Монолог «Елге қызмет» 10 «А» сынып оқушысы : Құттыбай Нұраят

Мен – Нұртас Оңдасыновпын.
Мен соғыстың сұрапыл жылдарында ел тізгінін ұстадым.
Аштықты көрдім, жетімді көрдім.
Бірақ
үміт отын сөндірмедім...

Мен... 17 тіл үйрендім.
Өйткені
тіл – халықтың жүрегі екенін түсіндім.
Тілі өшкен елдің – рухы өшеді.

Парсыша-қазақша сөздік жаздым.
Арабша-қазақша сөздік жаздым.
Қазақтың
әр сөзі – қазына екенін айтқым келді.

Маған билік емес, елге қызмет ету маңызды болды.
Өйткені
елден жоғары билік болмайды!

Менің халқым ешқашан еңсесін түсірмесін!
Оқысын!
Ізденсін!
Елге қызмет етсін!
Сонда ғана –
ұлттың ұлы тарихы жалғасады!

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысында Ленинград қаласы қоршауда қалған кезде жауынгерлерді рухтандыру үшін Н.Оңдасынов арнайы Ж.Жабаевқа «Ленинградтық өренім» атты өлең І-жүргізуші: 1945-1946 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының іргесін қаласуға қатысып, Ғылым академиясының тағанын қаларда «Қазақстан ғылымы күмістей сыңғырлаған таза болсын» деп ырымдап, бір уыс теңге шашқан.



ӘН: Дүйсенбек Балауса «Жұмақ мекен»



Жүргізуші: Ендігі кезекте Н.Оңдасыновтың «Өнегелі өмір-өшпес із» туралы жеті ерлігі 6- сынып оқушылары баяндап береді

Жүргізуші:Біздің мектебімізге Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов есімі осы мектепте мұғалім болып, кейінен бірнеше жыл мектеп директоры болған Әлімбеков Мұңайтпас ағайдың ұсынысымен 1993 жыл берілді. Биыл мектебіміздің Нұртас Оңдасынов есімімен аталғанына да 32 жыл толып отыр.

ӘН : «Бейбітшілік құсы самғасын» Квартет –тобы

Жүргізуші:

Көп арманы көкірекке сыймаған

Сіз секілді кім бар елді сыйлаған

Ұлы істерге арнап барлық уақытын

Түнді тәтті ұйқығада қимаған


Оқушылардың жеке шығармашылығынан Н.Оңдасыновқа арнауларын қабыл алыңыздар:Дүйсенбек Балауса,Әлтөре Аружан


Эссе: «Менің елімнің ардақты азаматы-Нұртас Оңдасынов»

Химия пәні мұғалімі:Палжанова Ақтоты

11 «ә» сынып оқушысы: « Нұр аға» Орынбасар Елдос.

Жүргізуші 1 (даусы биіктеп):
Біз – Нұртастың мектебінің шәкіртіміз!
Біз – ел тарихын арқалап жүретін ұрпақпыз!

Жүргізуші 2:
Ендеше,
Нұртас Оңдасынов айтқандай:
«Елге қызмет ету – әр азаматтың парызы!»
Бұл сөз –
біздің де өмірлік ұстанымымыз болсын!

Жүргізуші екеуі бірге, сахнаға қатысушылар шығып тұрады:
Елім деп соққан жүрек – ешқашан адаспайды!

«121 жыл —Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға!»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі