400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы Абай даналығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО Ақжайық ауданы

Мерген ОЖББМ өзін-өзі тану мұғалімі

Кажгалиева Салтанат Оразовна


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:Мерген ОЖББМ __

Мұғалiм: С.О.Кажгалиева Оқушылар саны:

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

№1. Тақырып: Ұлы Абай даналығы

Құндылық: ақиқат Қасиеттер: адалдық, кішіпейілділік, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымы арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларды Абай даналығы арқылы адамдарға кішіпейілділік көрсетуді үйрету;

-Оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-Оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.5-Т ережесі.

Талап, тәртіп, татулық, тыныштық,тазалық.

  1. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ескерту

ТСО

Баяу әуен

Волшебная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«...Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» Абай Құнанабаев

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Адамға сүйіспеншілікпен қарайтын адамның бойында тағы қандай қасиеттер болады?


  1. Әңгiмелеу

Жанқұтты шешеннің батасы (ел аузынан)

... Бірде Жанқұтты шешен Құнанабайдың үйінде отырғанада Абай келіп сәлем береді. Ол кез – Абайдың жас шағы екен. Оның тапқырлығын, өлең шығаратынын естіп жүрген шешен баланы қасына алып отырғыады.

Біраздан кейін Абай:

  • Ата, сізден бір сұрақ сұрауға болады ма? – дейді.

  • Е, шырағым сұрай ғой, депті Жанқұтты шешен.

  • Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? Соны білейін деп едім, - депті Абай.

  • Шырағым, Абайжан! Арзан - өтірік, қымбат - шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, - деп Жанқұтты батасын беріпті.

  • Абай Жанқұтты шешеннен нені білгісі келеді?

  • Сендер шешенге қандай сауал қояр едіңдер?

  • Шындықты айтатын адам қандай болады?

  • Жауапкершілік көрсеткен кездеріңді әңгімелеп беріңдер.


  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

  1. тапсырма

Суретші Ә. Қастеевтің «Жас Абай» туындысы берілген. Өнер туындысына қараңдар. Оның бет бейнесінен, көзқарасынан нені аңғаруға болады.

  1. тапсырма

Төменде берілген Абайдың нақыл сөзін оқыңдар. Күнделікті өмірде осы өсиеттерді ұстанасыңдар ма? Әңгімелеп беріңдер.

«... Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің есеп ал! (Он бесінші сөз)»

  1. тапсырма

Абайдың «... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстыра отырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.

  • Отбасында үлгілі бала;

  • Жақсы, мейірімді оқушы;

  • Нағыз дос;

  • Елгезек бала.


  1. Топпен ән айту.

Анамның тілі – аяулы үні

Сөзі Ш.Смаханұлынікі Әні Ә. Тінәлиевтікі

Өмірге келдім

Анамды көрдім,

Деді ол : «Жаным»,

Арайлы таңым.

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілі, әнін.

Қайырмасы: Анамның тілі – айбыным менің,

Анамның тілі – Ай, Күнім менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Көңілге көрік,

Өмірге серік.

Әсем ән-жыр,

Қайрат, қуатым.

Сөйлесем мыңға,

Өрлесем шыңға,

Анамның тілі –

Асыл мұратым.

Қайырмасы


  1. Үй тапсырмасы.

«Адамзаттың Абайы» Мұзафар Әлімбаев 8-9 бет оқу.


  1. Соңғы тыныштық сәті. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүрегімізге сақтаймыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!

Баяу әуен













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі